Білімнің айдынында жүзіп өткен, Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен

Ашық тәрбие сағатының сценарийі (құқықтану мамандығы, ІІІ курс)

Бұл мәтін — «Ұстазым менің, ұстазым» атты ашық тәрбие сағатына арналған әдеби-сахналық сценарий. Онда жүргізушілердің кіріспе сөзі, музыкалық нөмірлер, өлең оқу, күй, би, көрініс және құрметті қонақтарға сөз беру реті берілген.

Кештің ашылуы

1-жүргізуші (Мадина)

Армысыздар, қадірменді көрермен қауым!

2-жүргізуші (Нұрлан)

Армысыздар! Бүгін құқықтану мамандығының 2 және 3 топ, ІІІ курс студенттері дайындаған «Ұстазым менің, ұстазым» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Өлең жолдары (ашылу сөзі)

Өнерпаздар жарысып, сан салалы,

Жиын десе, той десе жан салады.

Кешіміздің ашылу құрметіне,

Әуеленген әсем ән жолданады.

Ашық тәрбие сағатымызды әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер. Бауыржан мен Ақтотының орындауында «Ұстазым» әнін қошеметпен қарсы алыңыздар.

Ұстаз туралы арнау

2-жүргізуші (поэтикалық арнау)

Ұстаз деген — жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген — анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол — өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген — ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иелік мәңгілік!

1-жүргізуші (құрметті қонақты шақыру)

Колледжден бір елі ажырамай, жақсылыққа жаралған жүрегіңізбен шәкірттерге демеу болып келесіз. Сөз кезегін құрметпен өзіңізге береміз — ұстаздарға арналған тілегіңізді тыңдайық.

Ортаға екінші анамыз, Қырмызы Әшімқызын шақырамыз. (Куратор сөзі)

Шәкірттердің сәлемі: өлең, ән, би

2-жүргізуші

Сағыныш сазы толқытқан,

Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерің оқытқан,

Келіп тұр жолдап сәлемін.

Құрметті студенттерімізді қарсы алыңыздар. (Өлең оқылады)

1-жүргізуші (музыкалық нөмір)

Келесі кезекте бітіруші және бітіріп кеткен түлектеріміз Ақтоты мен Бауыржан, сондай-ақ Жүргенов колледжінің студенті Ануардың орындауында, Қонаев студенттерінің сұрауы бойынша «Әдемі еркем» әнін қабыл алыңыздар. Құлақтарыңыз әнде болсын, ағайын!

2-жүргізуші (би нөмірі)

Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас! Қамдан, жатпа, заманыңмен хабарлас. Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң, теңдік тиер — ешкім күйе жаға алмас.

Алдарыңызда өз өнерімен _____ мектеп оқушысы _____ қызымыздың _____ биін қошеметпен қарсы алыңыздар!

Көркем сөз және аспаптық өнер

1-жүргізуші (ақындарды шақыру)

Білімнің айдынында жүзіп өткен,

Ұстаз — сенсің, білімнің нәрін сепкен.

Сен арқылы бастау алып дана ғылым,

Сен арқылы әлемді танып білген.

Құлпырған еліміздің ұл-қызымыз,

Әзірге үлпілдеген құндызымыз.

Арасын жер мен көктің бағындырар,

Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.

Ақынжанды ұлдарымыз Дәурен мен Мақсатты қарсы алыңыздар. (Өлең оқылады)

2-жүргізуші (күй)

Домбыралы, кернейлі өнерпаздар, алға шық! Мерекеміз мерейлі, кетсін күйге жалғасып!

1 курс студенттері Қанат пен Дәулеттің орындауында _____ күйін қабыл алыңыздар.

Көрініс және қорытынды құттықтаулар

1-жүргізуші (көрініске кіріспе)

Ұстаз болған баршаға ардақты жандар қаншама. Шәкіртің күнде қуансын, шаршама, ұстаз, шаршама!

Ұстаздарға арналған «Мейірбан ұстаз» атты көрінісімізді қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші (әнге таныстыру)

Білімнің кәусар бұлағын,

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сенсің мұғалім —

Ұстаз да, ғалым, дана да.

Анадай құс ұйқымен көз ілдірер,

Арманын аласартпас сезімділер.

Бағбандай мәуелі бақ мәпелеген,

Бала үшін бар азапқа төзімділер.

Дарханның орындауында «Ұстазым менің, ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші (ресми сөз)

Шәкірттің жүрегіне дем бересің, екінші анам болып сен келесің. Мейірім шуағыңды күндей шашып, барша шәкіртке үміттің дәнін себесің.

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баян Мұратбаевнаға сөз береміз.

2-жүргізуші (жабылу тілегі)

Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,

Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын.

Немере, шөберенің бетін сүйіп,

Тәңірім бақтан бізді айырмасын.

Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар.

Баланы сусындатып өсіруге,

Білімнің бұлақ көзін аршығандар!

Осымен ұлағатты ұстаздарға арналған кешімізді жабық деп жариялаймыз!

Дереккөз және санат

Санат: Қазақша сценарийлер жинағы

Дереккөз: http://www4603-h.html

© Мәтін авторлығы дереккөзде көрсетілген тәртіппен сақталады.