Қазақ сөзінің мағынасы
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес), сынып: 5-сынып.
Мақсаты
Бұл жинақ білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету үшін әзірленді. Жинақ мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.
Құндылығы
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруға, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге көмектеседі.
Икемдеу мүмкіндігі
Жинақ ұсыныстық сипатта берілген. Сондықтан білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, бейімдеуге болады.
Қосымша ресурстар
Нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар, форум талқылаулары және бейненұсқаулар Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ ресми сайтында (smk.edu) қолжетімді.
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-ресурстардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
1-тоқсан
4
2-тоқсан
20
3-тоқсан
49
4-тоқсан
73
1-тоқсан: тапсырмалар үлгілері
Төмендегі бөлімде оқу мақсаттары, бағалау критерийлері, тапсырмалар және дескрипторлар үлгі ретінде берілген.
5.1.1.1 — Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау
Ойлау дағдылары: білу және түсіну
Бағалау критерийі: білім алушы тірек сөздер негізінде мәтіннің тақырыбын болжайды.
Тапсырма
Мәтінді екі рет тыңдаңыз. Ондағы салт-дәстүрлерді анықтап, «киіз үйге» орналастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
Мәтін: «Қазағымның дәстүрлері-ай»
Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай,
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді-ай.
Берекелі қазақ жері — ел мерекелі,
Дәстүрін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той — ай, шіркін-ай!
Құда түсу, сырға салу, беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы әнімен елтіп тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле.
Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей сақтайық қазақ дәстүрін.
Мәтін тақырыбы:
Дескриптор
- мәтіннен 7 салт-дәстүрді анықтайды;
- анықталған тірек сөздер негізінде мәтіннің тақырыбын болжайды.
5.2.2.1 — Қазақша амандасу және ұлттық этикет
Ойлау дағдылары: қолдану
Бағалау критерийі: ауызша мәтін құрауда қазақша амандасу мәнерін және ұлттық этикет формаларын қажеттілігіне қарай орынды қолданады.
Тапсырма
Суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде қазақша амандасу түрлерін қолданыңыз және ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін орынды пайдаланыңыз.
Ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері
Дескриптор
- суреттердің бірін таңдайды;
- сурет бойынша ауызша мәтін құрайды;
- мәтінде қазақша амандасу түрлерін қолданады;
- сөздер мен сөз тіркестерін сурет мазмұнымен байланыстырып қолданады.
5.3.1.1 — Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
Ойлау дағдылары: қолдану
Бағалау критерийі: мәтіндегі негізгі ақпараттарды ажыратады.
Тапсырма
Мәтінді оқып, берілген ақпараттардың ішіндегі негізгі ақпараттарға V белгісін қойыңыз.
Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Отбасындағы адамдар бір-біріне тосынсыйлар ұйымдастыру, мерекелер сайын сыйлық жасау, бір-біріне қолдау көрсету арқылы өзара сыйластықтарын көрсетеді. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар сайын отбасы мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына жиналып, бір-бірлеріне құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді. Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты әртүрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан жаяды. Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу сияқты дәстүрлер ертеден қалыптасқан. Бала дүниеге келгенде шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-туыстарымен бірге тойлайды. Орыс халқында балаға отбасындағы құрметті адамның есімін беру және отбасылық мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу дәстүрі бар. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сенімі мен құрметін нығайтады. Бұл болашақ ұрпақ тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады. Себебі Отан отбасынан басталады.
| № | Ақпарат | Негізгі ақпарат (V) |
|---|---|---|
| 1 | Отбасы мүшелері бір-біріне тосынсыйлар ұйымдастырып, әр мереке сайын сыйлық жасайды. | |
| 2 | Қазақ халқы қонақжай: келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан жаяды. | V |
| 3 | Орыс халқында балаға отбасындағы құрметті адамның есімін береді. | |
| 4 | Қазақ жанұясында мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу дәстүрі ертеден қалыптасқан. | V |
| 5 | Бала туған кезде шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-туыстарымен бірге тойлайды. | V |
Дескриптор
- мәтіннен негізгі ақпараттарды ажыратады;
- берілген ақпараттардың ішінен 3 негізгі ақпаратты анықтайды.
5.5.1.1 — Жалқы және жалпы есім. Септік жалғаулары
Ойлау дағдылары: қолдану
Бағалау критерийі: сөздерге жалғауларды дұрыс жалғайды; жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.
Тапсырма
Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғаңыз. Мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді ажыратып, кестеге жазыңыз.
Мәтін: «Балаға ат қою»
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария ... немесе бала ... атасына, әжесі ... немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен-ақ халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі айқын көрінеді. Мысалы, ерте заманда ... балаларға көз тию ... немесе жын-шайтан ... сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай сияқты оғаш есімдер қойған. Адамға ат қою себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар ... байланысты болады. Бала бай, дәулетті болсын деп Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдерді ... таңдап қойған. Көптеген есімдер халық ... әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты келеді. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары шетінеп кете берген отбасылар жаңа туған сәби ... Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.
Жалқы есімдер
Жалпы есімдер
Дескриптор
- көп нүктелердің орнына септік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- мәтіннен 5 жалқы есім және 5 жалпы есімді анықтап, кестеге жазады.
Тыңдалым мен диалог: нақты ақпарат, этикет және тіл нормалары
5.1.2.1 — Нақты ақпаратты анықтау
Мәтінді екі рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың мәтін мазмұнына сай дұрыс/бұрыс екенін белгілеңіз. Кейін мәтіннен 3 нақты ақпаратты тауып, өз сөзіңізбен жазыңыз.
Үзінді (диалог)
– Бұл кімнің үйі?
– Жұмағұлдікі.
– Жасай берсін Жұмағұл!
– Не жұмыс істейді?
– Қой бағады.
– Қойлары көбейе берсін!
– Шешең үйде ме?
– Үйде жоқ. Фермаға кетті.
5.2.3.1 — Төл дыбыстар және үндестік заңы
Берілген суреттер бойынша мектептегі үйірмелер туралы ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде қазақ тілінің төл дыбыстарының дұрыс дыбысталуын және үндестік заңын сақтаңыз.
5.2.5.1 — Диалогке қатысу
Тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрыңыз (әр оқушыға 2 минут). Сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріңіз.
Диалог тақырыптары
- Жабайы жануарлар
- Хайуанаттар бағында
- Қызыл кітапқа енген жануарлар
- Үй жануарлары
- Адам ағзасына пайдалы көкөністер мен жемістер
- Жануарлар туралы ертегілер
Оқылым және жазылым: түсіну, талдау, құрастыру
5.1.3.1 — Жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасы
Мәтінді екі рет тыңдап, кейіпкерлерді олардың әрекетімен сәйкестендіріңіз.
Мәтін (ертегі): «Жыл басы кім болады?»
Ертеде хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы: «Адам менің күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылыма дейін арқан, жіп еседі. Жыл басы мен боламын», — дейді. Түйе: «Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Су табылмаса, шөлде де жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық», — дейді. Сиыр: «Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май жасайды, жыл басы болу маған лайық», — дейді. Қой: «Адам жүнімді алып киіз басады, киім тігеді, арқан еседі. Сүтімнен құрт-май алады», — дейді. Ит: «Мен болмасам, сендерді не ұры, не қасқыр жеп тауысар еді», — дейді. Тауық: «Мен болмасам, адам ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді», — дейді. Тышқан қулық ойлап: «Бұл таластан ештеңе өнбес. Жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын», — дейді. Тышқан түйенің өркешіне шығып отырады да, жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп, құр қалыпты.
| Кейіпкерлер | Сәйкестендіру (әрекет/сөз тіркесі) |
|---|---|
| Жылқы | Адам оның күшін және сүтін пайдаланады. |
| Түйе | Шөлге шыдамды, ауыр жүк көтереді. |
| Сиыр | Сүтінен құрт-май жасайды. |
| Қой | Жүнінен киіз басады. |
| Ит | Адамның досы, қорғайды. |
| Тауық | Адамдарды ерте оятады. |
| Тышқан | Жылды бірінші көреді. |
Дескриптор
- мәтіндегі кейіпкерлерді әрекеттеріне қарай ажыратады;
- кейіпкерлерге қатысты сөз тіркестерін сәйкестендіреді.
5.5.2.1 — Сөйлем түрлері және тыныс белгілері
Мәтінді оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді анықтаңыз. Айтылу интонациясына қарай тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.
Мәтін: «Сымбатты сиыр жайлы хикая»
Ертеде жануарлардың ішінде ең жүйрігі де, ең сымбаттысы да сиыр болыпты. Келе-келе сиырға менмендік пайда болады. Бірде ол жайылымда жүрген жылқыға кездесіп: «Ей, ашқарақ, менің сөзіме құлақ сал. Сен өмірі күйіс қайтармайсың, жетер осы жайылғаның. Менімен жарысасың ба?» — дейді. «Мейлі, жарыссақ жарысайық», — деп жылқы келісімін береді. Олар өздеріне ыңғайлы жерді белгілейді. Жолдың ортасында суыр жарысқандарға су беріп отырды. Бірден сиыр шаба жөнеліп, жылқыдан озып кетеді. Орта жолда ол көкіректеніп: «Суыр сасық, су қайда?» — дейді. Ызасы келген суыр: «Сиыр пасық, су мұнда», — деп сиырға көптен тұрып қалған суды ұсынады. Сиыр қарамастан сіміріп салады да, шаба жөнеледі. Бір қыр асып кетеді. Жылқы ентігіп жетіп: «Суыр сұңқар, су қайда?» — дейді. Суыр риза болып: «Жылқы тұлпар, су мұнда», — деп жылқыға салқын, таза су береді. Салқын су бойын ширатқан жылқы сиырдан озып, межеге бұрын жетеді. Содан бері жылқы сұлу да сымбатты, жүйрік болыпты. Ал сиыр сол оқиғадан соң демігіп, жүгіре алмай, шабан жүрісті болып қалған деседі.
Ақпарат көздері және жобалау жұмыстары
5.3.5.1 — Қосымша ақпарат көздерімен жұмыс
Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша бір сөйлеммен жауап беріңіз. Кейін Корея мен Қазақстандағы білім беру жүйесін салыстырыңыз.
Мәтін: Кореядағы мектеп жүйесі
Корея мектептерінде 12 жыл оқиды: 6 жыл — бастауыш, 3 жыл — орта, 3 жыл — толық орта мектеп. Бұл жүйе тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан басталып, «6-3-3» деп белгіленеді. Үш саты бір-бірінен өзгеше және әртүрлі ғимараттарда орналасады. Бір мектептен екіншісіне ауысу қиын, өйткені оқу бағдарламалары өзара тығыз байланысты. Кореяда пәндерді тереңдетіп оқытатын арнаулы мектептер жоқ, мектеп бағдарламасы ел бойынша бірдей. Пәндерді таңдау жоғары сыныптарда да шектеулі. Оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу мәселесі ерекше жолға қойылған: мектептерді компьютермен жабдықтау және интернетке қосу бойынша Сингапурдан кейін екінші орында. Мектептік жүйе оқушыларды жоғары оқу орны емтихандарына даярлауға бағытталған. Кореяда балалар 12–17 жас аралығында тынбай еңбек етіп, білім алады. Сондықтан көшеде ойнап жүрген балаларды кездестіру қиын: олар уақытын курстар мен факультативтерге бөледі.
Сұрақтар
A. Кореяда пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер не себепті жоқ?
B. Кореяның мектептік жүйесі неге бағытталған?
| Көрсеткіш | Корея | Қазақстан |
|---|---|---|
| Мектепте білім алу мерзімі | ||
| Пәндерді тереңдетіп оқу | ||
| Ақпараттық технологияларды енгізу |
5.4.4.1 — Постер жасау
Берілген тірек сөздерді қолданып, «Мектеп» тақырыбында постер дайындаңыз.
1-топ
2-топ
Дескриптор
- топта берілген тірек сөздерді қолданып постер әзірлейді;
- постерге ат қояды;
- постерді сынып алдында қорғайды.
Тілдік дағдылар: сын есім, ресми стиль, хат жазу
5.5.1.2 — Сын есімдердің мағынасы және қолданысы
Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жазыңыз. Сын есімдердің лексикалық мағынасын анықтаңыз (заттың түрі, түсі, сапасы). Кейін берілген сын есімдерді қолданып, адамгершілік туралы қысқа ауызша мәтін құраңыз.
Сын есімдер
5.4.1.1 — Ресми стиль: хат жазу
Берілген суреттерді пайдаланып, басқа қалада тұратын досыңызға хайуанаттар бағына жасаған саяхатыңыз туралы хат жазыңыз. Хат құрылымын сақтаңыз (70–80 сөз).
Еске салу: хат құрылымы
- қаратпа сөз, амандасу;
- негізгі бөлім (оқиға, әсер, нақты дерек);
- қорытынды, қоштасу;
- аты-жөні.
2-тоқсан: келесі бөлімге кіріспе
5.1.2.1 — Негізгі мазмұн және нақты ақпарат
Мәтінді екі рет тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз. Мәтіндегі нақты ақпараттардың төртеуін кластер-сызба арқылы көрсетіңіз.
Үзінді: Ұлы Жібек жолы — біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан бастап, XVI ғасырға дейін қолданылған сауда жолы. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана дами...