Қапшағай қаласы

Қазақстан — кең-байтақ, берекелі мекен

Қазақстан — кең-байтақ ел. Төбесі көкке тірелген асқар таулары, көк-жасыл орман-тоғайлары, бел-белес асулары бар; қойнауы алтын астық пен малға толы кең жазира даласы бар. Табиғаты сан алуан жан-жануарға бай, аққулы көлдері мен толқыны тулаған теңіздері, көрікті қалалары бар — достығы жарасқан көпұлтты мемлекет.

Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын жұрт аз шығар.

Негізгі ой

Туған жер — адамның жүрегіндегі ең киелі ұғым. Ол адамды елімен, өткен тарихымен және болашағымен байланыстырады.

Туған жер — жүрекке жақын мекен

Туған жер адам өмірінде айрықша орын алады. Сондықтан да балалық шақтан бастап-ақ адам бойында Отанға деген махаббат оянады. Әрқайсымыз үшін Отан — ошақ басынан басталады: туған үй, туған көше, туған қала, ал мен үшін — туған кент.

Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат мекен — Бестөбе кенті. Дәл осы жерде көңілді, шаттыққа толы, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным, балабақшаға барған көшелерім әлі күнге көз алдымда. Ол кезде көшелер маған ерекше ұзын болып көрінетін. Көлік сирек жүретін, керісінше серуендеп жүретін адамдар көп болатын.

Туған жер алыстатпайды: сен бармасаң да, ойыңмен туған көшені, есік алдындағы қимастықты, «Қызым, үйге кір...» деген ана сөзін қайта-қайта еске аласың. Сол сәтте жүрек әлсіз ғана дүрсілдеп, сағыныш оянады.

Қазір бойжеттім, бірақ өмір бойы мен үшін балалық шақтағы аула мен көше — менің кішкентай Отаным болып қала береді. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін: оның бүгіні де, ертеңі де — біз.

Жастар аманаты және азаматтық парыз

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені әрдайым мақтан тұтамын. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау — әрбір азаматтың ең бірінші міндеті.

Мұқағали Мақатаевтың өсиеті

«Сендердікі қоғам, өмір, заман да,
Сен түзеген қалаңменен далаң да.
Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,
Сендерге аманат етіп табыстаймыз — қабыл алыңдар!»

Біз — халқымыз үміт артатын ұрпақпыз. Өлкемізді көркейтіп, жаңғыртатын да — біз, жастар. Енді тәуелсіздігімізді сақтау үшін, оны баянды ету үшін өмір сүруіміз керек. Ел қамы үшін қиындыққа да, сынаққа да бірге төтеп беруге тиіспіз.

Бабалар аманаттаған Ұлы дала алдындағы жауапкершілік бізді осыған шақырады. Тарихта талай теперіш көрген халқымыздың бүгінгі тағдыры да бізден беріктік пен бірлікті талап етеді.