Венн диаграммасы

Сабақ тақырыбы: «Кәрі қыран»

Сабақ мақсаты

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру.

Сабақ типі мен түрі

Типі:
интеграциялық сабақ
Түрі:
жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс

Биология, география, музыка, бейнелеу өнері, қазақ тілі.

Міндеттері

  • Баллада жанры туралы білім беру, өлең мазмұнын меңгерту.

  • Биіктік, адалдық, ұлт ұғымдары жөніндегі түсінікті кеңейту; оқушы көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға жетелеу, ойын нақты әрі анық жеткізуге үйрету.

  • Өрлікке, ерлікке, қайсарлыққа, ар-намысқа тәрбиелеу; халқымыздың асыл қасиеттерін бойға сіңіруге жағдай жасау.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

түсіндіру сұрақ-жауап Венн диаграммасы INSERT кестесі

Көрнекіліктер

  • географиялық карта
  • плакаттар, суреттер
  • интерактивті тақта

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, сыныптың дайындығын тексеру.

II. Жаңа сабақ

1) Ақын өмірі

Ақынның өмір жолына қысқаша шолу жасалады.

2) Шығармашылығы

Негізгі тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері талқыланады.

3) Ақын туралы пікір (аудио)

Ақын туралы пікірді аудиожазбадан тыңдап, қысқаша ой бөлісу.

4) Ой шақыру: «Қыран» ұғымын ашу

Сұрақ

Қыран қандай құс?

Қыран — жыртқыш құс. Тыныс алу жүйесі жақсы дамығандықтан биікте еркін ұшады, көзі өте қырағы.

Сұрақ

Қазақстанның қай жерлерін мекендейді?

Көбіне таулы аймақтарда кездеседі, таудың ұшар басына ұя салады.

Сұрақ

Неліктен халқымыз қыранды қасиетті құс санаған?

Қыран — «жеті қазынаның» бірі. Ерлерді қыранға теңеген, өйткені ол тек биікте самғайды, өлексеге жоламайды, адамға зияны жоқ деп танылған.

Сұрақ

Мемлекеттік рәмізіміз — туда қыран не себепті бейнеленген?

Елдің әрдайым биіктен көрінуі, тәуелсіздік, намыс, еркіндік пен адалдық идеяларын таныту үшін.

Мәтінмен жұмыс

Оқу

Мәтінді мұғалім мәнерлеп жатқа оқиды. Кейін бірнеше оқушы кезекпен оқиды.

Түсіндірме сөздік

Мағынасы қиын сөздерді анықтап, түсіндірме сөздікпен жұмыс жүргізіледі.

Баллада туралы

Баллада жанрының ерекшеліктері жөнінде қысқаша мәлімет беріледі.

Ойталқы (талқылау сұрақтары)

  • Не түсіндік?
  • Қыран қандай бейнеде көрінеді?
  • Өзін-өзі өлімге итермелеген қандай күш?
  • «Қыранша өмір сүргенің қандай бақыт, қандай бақыт қыранша өле білген» жолдарын қалай түсінесің?

Топтық жұмыс

1-топ

Өлең шумағына талдау

Шумақтың негізгі ойы мен көркемдік тәсілдерін анықтау.

2-топ

Ұйқас түрін табу

Өлең ұйқасының түрін анықтап, дәлел келтіру.

3-топ

Буын, бунақ санын анықтау

Өлеңнің ырғақтық құрылымын талдау.

Сергіту сәті

Ақын өлеңіне жазылған «Атамекен» әнін бірге орындау.

Ой түйін

Венн диаграммасы

Қазақ халқы мен қыран құсты салыстыру: ортақ белгілер мен айырмашылықтарды табу.

INSERT кестесі

  • Не білдім?
  • Не таңқалдырды?
  • Не білгім келеді?

Бес жолды өлең

«Қадыр» ақынға немесе «Қыран» бейнесіне арнап бес жолды өлең құрастыру.

Бағалау

Жұмыс түрлеріне қатысуы, талдауы, дәлел айтуы және шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

  1. Ұнаған бір шумақты жаттау.
  2. «Қадыр – Қыран – Қазақ» тақырыбында ойтолғау жазу.
  3. Ақын туралы қосымша мәлімет жинап келу.