Ана, ана дейді барлық жұрт
Ана — әлемді тербеткен мейірім
«Ана, ана» дейді барлық жұрт. Ол кім? Ана — бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен, ең қайратты да жігерлі, сонымен бірге ең нәзік жандардың бірі.
Әр адамның жүрегінде «ана» деген асыл ұғым бар. Әрине, аналар әртүрлі болады. Бірақ ана өз сәбиін аялап, қорғап, әрдайым оның періштесі болып жүреді. Ананың балаға деген махаббатын сөзбен айтып жеткізу қиын.
Негізгі ой
Ана — мейірім мен күштің тоғысқан бейнесі: қорған да болады, бағыт та береді.
Есте қалатын тұжырым
Ана махаббаты — өлшенбейтін, бірақ күн сайын сезілетін ең үлкен байлық.
Менің анам — жүрегі кең жан
Менің анам — әлемдегі ең сұлу, ең нәзік, жүрегі кең адам. Неге дейсіз бе? Өйткені ол өз баласын ғана емес, жалпы адам баласын мейіріммен сүйе алатын жан.
Қиындық туса, демеу болып, жол көрсетеді. Ағайын-туыстың арасын жақындатып, бірлікті бекемдеуге әрдайым ықпал етеді.
Анам білгенін өзгеге үйретуден жалыққан емес. Мен де анамнан көп жақсы нәрсе үйрендім: сабырды, сыйластықты, еңбекқорлықты, адамға жанашыр болуды.
Ананың ең үлкен қасиеттері
- Қамқорлық: баласын қорғай білуі, жанынан табылуы.
- Кеңпейілдік: туысты ұйыстыруы, адамдарға жақсылық тілей білуі.
- Үйрету: білгенін бөлісуі, өнеге көрсетуі.
Тыңдай білетін мейірім
Анам қанша шаршаса да, жұмыстан қажып келсе де, балаларын ешқашан елеусіз қалдырмайтын. Ол алдымен тыңдайтын: әр сөзімізді бағалап, жігер беріп, «менің балам — әлемдегі ең керемет жан, ақылды, білгір» деп мақтап отыратын.
Әрине, тәрбие болған соң қаталдық та кездесті. Таяқ жеген күндеріміз де болды — онсыз бала бала болмайды ғой. Бірақ ананың алақаны қанша тисе де, бізге мамықтай сезілетін. Ұрсып қойса да, көп ұзамай бәрін ұмытып, қайтадан құшағына сыйып кететінбіз.
Сондықтан мен анамды әрдайым үлгі тұтамын. Оның атын атап, қадірін арттырғым келеді. Мен анамды сүйемін.
Жүректен шыққан жолдар
Мен анамды сүйемін,
Ақылын ойға түйемін.
Ардақтап жүрем анамды,
Жұбататын жанымды.
Меруерт Шакирова
Тақырыптар мен мерекелер
Мәтінде аталған мерекелік тақырыптар: