Соққан едім санымды

Исламға құзғындайын шүйілген,

Молдаларға қабақтары түйілген.

Алла деп ем әлдеқалай байқамай,

Бүйідейін бүре кетті бүйірден.

-Не дедің?- деп сұрады ол сұстанып.

-Жәй,- деймін ғой баяғы.

-Естідім ғой Алла дедің сен анық,

Үлкен айғай боп кеткен еді аяғы.

-Комсомолсың, Алла дейсің тағы да,

Надансың,- деп тиді дерсің шамыма.

Ол кездерде мінезіміз болатын ед тым шадыр,

Сарт еткізіп,салып қалдым жағына,

Сол-ақ екен қуғын-сүргін басталды,

Комсомолдан шығарып-ақ тастады.

Қайтем бәрін көргенімнің тізбектеп,

Шашымды алды, орнында бас қалды.

Сол атеист көрші болды менімен,

Жүріп жаттық әркім өз жөнімен.

Біреу бірде есік қақты түн іші

Ентігіп тұр бір әйел

Тарылғандай тынысы.

-Үйдегі ағаң бетін оңға бұрды анық,-

Деді-дағы сыбыр етті сұрланып.

-Міне, адрес ертіп кел сен молданы,

Тек сыр шашпа,- деп,- тірі жанға,- өтінді.

Молла маған: Бірге жүр,- деп болмады.

Сырқат менің атеисім боп шықты.

Арпалысып жатса-дағы дертіменен

Мені анық таныған ед ол-дағы.

-Алла, Алла,- деп есінен сан жаңылды.

Қанша рет дем салғызды кім білсін,

Ал мен болсам күйініштен

Соққан едім санымды.

Атеистер Алла атын атауға да шошынған,

Сыр ашатын кейде осылай тосыннан.

Үкіметті, адамдарды алдауменен күнелтіп,

Талайларды түтетін ед жүн етіп...

Сол атеист көрінбейді бұл күнде

Кетті ме екен әлде олардың күні өтіп?-

Деп Сарыбай маған сауал тастады.

-Біле алмадым.

Менің ойым басқа-ды:

Атеистер құрыды ма- құрысын,

Ашық болсын дінсіздерден

Тәуелсіз ел аспаны.

Сүлеймен Баязитов



Ұқсас жұмыстар

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Өтірік өлеңдердің жанрлық сипаты
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР туралы
1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол кездердегі баспасөздегі көрінісі
Ұ. Есдәулетов поэзиясындағы азаматтық үн
Қалиқан Ысқақов шығармалары
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
Ашаршылық жылдарындағы баспасөздер
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Махамбет жырлары-ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Маған десе Туған жер - деген сөзді естігенде ішкен асымды жерге қояр едім
Егер мен президент болсам дәл елбасы Нұрсұлтан Назарбаев секілді дара да, дана тұлға болар едім
(Күнделік жазған келіншектің әңгімесі) - Мектеп қабырғасында оқып жүргенде - ақ күнделік жазумен айналысушы едім
Азуы алты қарыс арғынның Қошқарұлы Жәнібек, Алшынның бір алжыған шалын келемеж қылып кетейін деп едім десеңші
Мамыр айының алагеуім ымыртында салт атпен өзіміздің қорықты аралап жүр едім