Музыкалық шығармашылық
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (Музыка, 1-сынып)
Құрметті мұғалім! Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік көмек құралы ретінде әзірленді. Жинақ мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруға, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, сондай-ақ оқу мақсаттарына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге арналған үлгі ретінде ұсынылады.
Жинақ ұсыныстық сипатта берілген: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларды толықтыруға, өзгертуге және бейімдеуге болады.
Ескерту
- Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудиоматериалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.
- Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
1-тоқсан
- Ортақ тақырып: Өзім туралы 4
- Ортақ тақырып: Менің мектебім 11
2-тоқсан
- Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым 17
- Ортақ тақырып: Бізді қоршаған әлем 24
3-тоқсан
- Ортақ тақырып: Саяхат 31
- Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 37
4-тоқсан
- Ортақ тақырып: Тағам және сусын 43
- Ортақ тақырып: Дені саудың – жаны сау 50
1-тоқсан: «Өзім туралы»
Музыканы тыңдау және талдау
Бөлімше: 1.1
Ойлау дағдылары
Білу және түсіну
Оқу мақсаты
1.1.1.1 Есту қабілетіне сүйеніп таныс музыканы және дыбыстарды тану.
Бағалау критерийлері
- Таныс музыка мен дыбыстарды анықтайды.
- Музыкалық шығарманы талқылауда музыкалық терминдерді қолданады.
Тапсырма
- В.А. Моцарттың «Twinkle, Twinkle, Little Star» («Кішкентай жұлдыз жарқырайды») әнін тыңдап, атауын ата.
- Музыканың көңіл күйін сипатта.
- Тыңдалған музыкаға сәйкес келетін суретті белгіле.
Шулы және музыкалық дыбыстар
Бөлімше: 1.1
Ойлау дағдылары
Білу және түсіну
Оқу мақсаты
1.1.1.2 Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату.
Бағалау критерийі
Шулы және музыкалық дыбыстарды анықтайды.
Тапсырма
Дыбыстарды тыңдап, оларды анықта. Қай дыбыс шулы, қайсысы музыкалық дыбыс екенін айт.
Ән айту: «Сәлем!»
Бөлімше: 1.1 • Қолдану
Мақсат
Әнді әндету ережелеріне сәйкес орындау.
Тапсырма
«Сәлем!» әнін әндету ережелерін сақтай отырып орында. Музыкасы: А. Тани • Сөзі: А. Естенов
Мәтін
Сәлем, привет, hello!
Қайырлы болсын, балақан,
Арайлап атқан жаңа таң!
Қайырлы болсын жаңа таң!
Арайлап атқан жаңа таң!
Қайырлы болсын жаңа таң!
Сәлем, привет, hello!
Басталған мына жаңа таң!
Жүрейік сәлемдесіп,
Алысып ыстық алақан.
Жүрейік сәлемдесіп,
Алысып ыстық алақан.
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет: ырғақпен сүйемелдеу
Бөлімше: 1.2 • Қолдану
Оқу мақсаты
1.1.2.2 Музыкалық аспаптар көмегімен шығармаларды сүйемелдеу.
Бағалау критерийі
Ұрмалы аспаптарда қарапайым ырғақтық суреттемені орындайды.
Тапсырмалар
- Суреттен ұрмалы аспапты анықта. Берілген ырғақтық суреттемені ұрмалы аспапта орында.
- Суреттен қазақ халқының ұрмалы аспабын анықта. Ырғақтық суреттемені сол аспапта орында.
Музыкалық сауаттылық: ән құрылымы
Бөлімше: 1.3 • Қолдану
Оқу мақсаты
1.1.3.1 Шумақ пен қайырманы ажырату.
Тапсырма
«Мен талапты баламын» әнін тыңда: https://www.youtube.com/watch?v=zBRMnlmzF08
- Әннің құрылымын анықта.
- Ән неше шумақтан тұрады?
- Қайырмасы қанша рет қайталанады?
Аспаптың дыбысталуын анықтау
Бөлімше: 2.1 • Қолдану
Оқу мақсаты
1.1.3.2 Музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау.
Тапсырма
«Кеңес» күйін тыңдап, шығарманың қандай музыкалық аспапта орындалып тұрғанын анықта.
Музыкалық шығармашылық (қосымша тапсырма)
Өзіңе ұнайтын шулы аспаптың бірін таңда. Сол аспапты қолданып, қарапайым ырғақ ойлап тап және өз ырғағыңның сипатын сипаттап бер.
1-тоқсан: «Менің мектебім»
Таныс дыбыстарды тыңдау арқылы тану
Оқу мақсаты
1.1.1.1 Есту қабілетіне сүйеніп таныс музыка мен дыбыстарды тану.
Тапсырмалар
- Берілген музыкалық аспаптардың дыбысын тыңда. Естілген дыбыс бойынша аспапты анықтап, ата.
- Дыбыстарды мұқият тыңда: http://deti-online.com/pesni/zvuki-prirody http://boobooka.com/zvuki/zvuki-shkoly/zvuk-shkolnogo-zvonka Дыбыстарға сәйкес суретті ата және дыбысты сипатта.
Ән айту: «Ұстазды кім білмейді»
Оқу мақсаты
1.1.2.1 Ән айтуда әндету ережелеріне сәйкес орындау.
Тапсырма
Музыкасы: А. Тани, сөзі: А. Естенов. «Ұстазды кім білмейді» әнін әндету ережелерін сақтай отырып орында.
Мәтін (үзінді)
Қанатыңа дем беріп,
Талабыңды ұштаған.
Мінезіңді меңгеріп,
Тіл табуға ұста адам.
Қайырмасы:
Жаны шуақ, гүл мейірі —
Ұстазды кім білмейді.
Топтық жұмыс: «Сәлемдесу» әніне сүйемелдеу
Оқу мақсаты
1.1.2.2 Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу.
Тапсырма
- Жұптық жұмыс: әнге сүйемелдеу жасау үшін қандай аспаптар қажет екенін талқыла.
- Топтық жұмыс: әнге музыкалық аспаптармен сүйемелдеу ойлап тап.
- Әнді ұрмалы және шулы аспаптармен сүйемелдей отырып, топпен орында.
2-тоқсан: «Менің отбасым және достарым»
Күйді тыңдау: таныс аспап дыбысын анықтау
Оқу мақсаты
1.1.1.1 Есту қабілетіне сүйеніп таныс музыканы және дыбыстарды тану.
Тапсырма
Қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйінің бастапқы бөлігін тыңда: http://music.nur.kz/1057949-otirar-sazi-ata-tolfaui-ntilendiev
- Суреттен күйде ойналған аспапты белгіле.
- Күйді екінші рет тыңдап, ойналған аспаптардың суреттерін көрсет.
Ән айту: «Өнерпаздар отбасы»
Тапсырма
«Өнерпаздар отбасы» әнін әндету ережелеріне сәйкес орында. Музыкасы: А. Тани • Сөзі: А. Естенов
Қайырмасы (үзінді)
Ха-лә-лә-ку, ләйлім-ай
Ли-лә-лә-ку, ләйлім-ай
Даң-даң-даң-даң
Даң-даң-даң.
Әнді сүйемелдеу: «Достарым»
Тапсырма
Сөзі мен әні Б. Бейсенованың «Достарым» әнін музыкалық жазбаға қосылып орында. Әнге музыкалық аспаптармен сүйемелдеу дайындап, аспаптармен сүйемелдей отырып орында.
2-тоқсан: «Бізді қоршаған әлем»
Музыканың көңіл күйін ажырату
Тапсырма
Л. В. Бетховеннің «Весело-грустно» («Көңілді–көңілсіз») шығармасын тыңда: https://www.youtube.com/watch?v=dXIERIq3giM Тыңдау барысында шығарманың көңіл күйіне сәйкес суретті көтер.
Әнді аспаппен сүйемелдеу: «Жаңа жылға жаңа жыр»
Тапсырма
Музыкасы: Ә. Әбдінұров, сөзі: Ж. Әбдірашев. «Жаңа жылға жаңа жыр» әнін тыңдап, музыкалық аспаптардың көмегімен сүйемелдей отырып орында.
Музыкалық сауаттылық: жоғары және төмен дыбыстар
Тапсырма
Мұғалім орындаған соль және ми ноталары қайталанып ойналатын шағын әуенді тыңда. Жоғары және төмен ноталарды анықтап, тиісті қол белгісімен көрсет.
Шығармашылық жұмыс: табиғат дыбыстарын жаңғырту
Тапсырма
Суреттегі табиғат құбылыстарының дыбысын музыкалық аспаптар арқылы қалай жаңғыртуға болады?
- Суреттердің бірін таңдап, топта ой бөліс.
- Табиғат құбылысын жаңғыртуға сәйкес аспаптарды таңда.
- Аспап арқылы табиғат құбылысының дыбысын шығар.
Топтық таныстырылым және рефлексия
Тапсырма
Үйренген әндерді қайталап, бір әнді таңдаңдар және сынып алдында орындап көрсетіңдер. Топта талқылаңдар:
- Жұмысымыздың қай тұсы сәтті шықты?
- Нені жақсартуға болады?