Жүгіру жаттығулары

Құрылымы Жылдамдық Ептілік Эстафета

I. Кіріспе бөлім (12 минут)

Ұйымдастыру

  • Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, түгендеу.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

Саптық жаттығулар

Командалар: «Оңға!», «Солға!», «Артқа бұрыл!»

Жүру жаттығулары

  • Екі қолды алға және екі жаққа созып, тепе-теңдікті сақтай жүру.
  • Қолды жоғары тік көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.
  • Екі қол желкеде, өкшемен жүру.
  • Аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
  • Жартылай отырып жүру.
  • Толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары

  • Саппен ирек сызық бойымен жүгіру.
  • Аяқты өкшеге тигізе жүгіру.
  • Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
  • Оң және сол иықпен тіркемелі адыммен жүгіру.
  • Артқа қарап (арқамен) жүгіру.

Секіру жаттығулары

  • Екі қол белде, қос аяқтап секіру.
  • Екі қол белде, оң/сол аяқпен кезектесіп секіру.

Жай жүріс арқылы қалпына келу, терең тыныс алып демалу.

Жалпы дамыту жаттығулары

Оқушыларды бір қатардан екі қатарлы лекке тұрғызып, негізгі буындарға арналған жаттығулар орындатылады. Жаттығулардың толық әрі дұрыс орындалуы қадағаланады.

  1. Бастапқы қалып: аяқ арасы иық кеңдігінде, екі қол белде. Мойынға: басты оңға 4 рет, солға 4 рет айналдыру.

  2. Бастапқы қалып: оң қол жоғарыда, сол қол төменде. Қолды кезектестіріп 4 реттен сермеу.

  3. Бастапқы қалып: қолдың басы иықта. Иықты 4 рет алға, 4 рет артқа айналдыру.

  4. Бастапқы қалып: қол кеуде алдында, шынтақтан бүгулі. 4 рет қолды жазбай сермеу, 4 рет қолды жазып сермеу (оңға/солға).

  5. Бастапқы қалып: екі қол белде. Оңға/солға, алға/артқа иілу.

  6. Бастапқы қалып: екі қол белде. Белді оңға және солға 4 реттен айналдыру.

  7. Бастапқы қалып: қол тізеде. Аяқты ішке және сыртқа 4 реттен айналдыру.

  8. Отырып-тұру; қолды бүгіп-жазу.

Соңында оқушылар бір қатар сапқа қайта тұрғызылады.

II. Негізгі бөлім (28 минут)

Қайталап жүгіру (3×10 м) — бақылау

Нәтижелер секундпен бағаланады. Төмендегі көрсеткіштер — деңгейлік бағалау өлшемдері.

Ұлдар

  • 5 9,3–9,0 сек.
  • 4 10,1–9,4 сек.
  • 3 10,5–10,2 сек.

Қыздар

  • 5 9,6–9,4 сек.
  • 4 10,3–9,7 сек.
  • 3 10,6–10,4 сек.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Беріп, жүгіріп өт»

  • Оқушылар 2 немесе 4 командаға бөлінеді.
  • Капитан өз командасынан 3–4 метр қашықтықта қарсы тұрады.
  • Сигнал бойынша капитан допты бірінші тұрған оқушыға береді.
  • Бірінші оқушы допты жерге соғып (дриблинг жасап), капитанның арт жағына барып тұрады.
  • Эстафета барлық оқушы капитанның артына толық жиналғанда аяқталады.
  • Уақыт есептеледі; қажет болса, ойынды қайта өткізіп, нәтижені салыстыруға болады.

III. Қорытынды бөлім (5 минут)

Қорытындылау және бағалау

  • Сапқа тұрғызу.
  • Сабақты талдау: тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларды атап өту және бағалау.
  • Кемшіліктерді көрсетіп, түзету жолдарын түсіндіру.

Үй тапсырмасы

Өткен жаттығуларды қайталау.

Соңында оқушыларды бір қатарға тұрғызып, саппен залдан шығару.