Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы
Тәрбие сағаты туралы мәлімет
Орны
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті
Ю. А. Гагарин атындағы орта мектеп
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Саденова Меруерт Айдарқызы
Көрнекілік
Интербелсенді тақта
Тақырыбы
«Мен, Қазақстанның патриотымын!»
Мақсаты
-
1
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп-қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
-
2
Оқушылардың танымдық белсенділігін және қызығушылығын дамыту.
-
3
Патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру; өз ой-пікірін еркін білдіре алатын оқушыны қалыптастыру.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз — бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
2) Мұғалімнің кіріспе сөзі
Отан — әр адамның жүрегіне жылы тиетін қасиетті ұғым. Отан — сенің туған елің, туған жерің, дос-жарандарың, туған-туыстарың. Ол — өзің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін мекен.
Отан адам үшін біреу-ақ. Отанды анаға теңейді: ол сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Сондықтан біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз — Қазақстанның патриотымыз!
Ой қозғау
«Отан деген не?» — әркім оны қалай түсінеді?
Отан туралы оқушылардың ой-толғаулары
Байназар
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен —
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Аңсар
Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Аягөз
Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан — өлең, Отан — жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Әділхан
Отан — сенің ата-анаң,
Отан — досың, бауырың.
Отан — өлкең, астанаң,
Отан — аудан, ауылың.
Хыдырали
Отан — осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өскен жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Сұрақ-жауап
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы.
Қазақстан қандай мемлекет?
Тәуелсіз, егеменді, көпұлтты мемлекет.
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Президент — мемлекет басшысы.
Өлең жолдары
Ел болдық, ерік алдық, астаналы —
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Ел тарихымен жалғасып басталады.
Қазақстан туралы қысқаша мәлімет
Ел туралы
Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз туған жерді жаудан қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде алғашқы ондыққа кіреді.
Ірі қалалар
Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған және басқа да көрікті қалалар бар.
Астана
Астана — Отанымыздың бас қаласы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Бүгінде бұл қаланы бүкіл әлем таниды.
Базарбек
Қазақстан — тәуелсіз, егеменді, көпұлтты мемлекет. Мұнда қазақтармен бірге орыстар, ұйғырлар, өзбектер, кәрістер, украиндар және өзге ұлт өкілдері тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
Тарихи сабақтастық және билер өнегесі
Аумалы-төкпелі замандарда қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлер, халықтың сөзін сөйлеген шешендер, білімпаз билер, әр ауылдың ақылгөй ақсақалдары қоғамның тірегі қызметін атқарды.
Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендердің өнегесі — әділдік пен бірліктің үлгісі.
Көрініс
«Үш бидің өнегесі» тақырыбындағы сахналық көрініс.
Мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Қазақ тілін білу — әрбір Қазақстан азаматының борышы.
Ардақ
«Туған тілім» (өлең)
Би
«Қамажай»
Негізгі ой
Тіл — елдіктің тірегі, рухтың өзегі.
Ата заң және мемлекеттік рәміздер
Конституция
Қазақстанның Ата заңы — Конституция. 1993 жылғы 28 қаңтарда алғашқы Конституция қабылданды. 1995 жылғы 30 тамызда қазіргі Конституция қабылданды.
Ата заң адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғайды.
Рәміздер
1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды: Ту, Елтаңба, Әнұран.
- Ту: көгілдір түсті, ортасында шұғылалы күн, астында қалықтаған қыран, ұлттық өрнек бейнеленген.
- Елтаңба: көгілдір аяда шаңырақ, уықтар, қанатты тұлпарлар, бес жұлдыз; бидай сабақтары — тоқшылық нышаны.
- Әнұран: халықтың тарихын, бүгінін және болашақ арманын айшықтайтын мемлекеттік ән.
Нұрислам
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Айнұр
Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Ернар
Оттай жанып жанарың,
Одан қуат аламын.
Әнұран — ел тынысы,
Кең жазира даламның.
Отан туралы шығармалар
Айнұр
«Үш бақытым»
Ерсұлтан
«Отан»
Мархабат
«Отан туралы»
Тәрбиелік қорытынды сұрақ
Елін, жерін сүйетін азамат болып өсу үшін қандай болуымыз керек? Біз білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш, жауапкершілігі жоғары бала болуға тиіспіз.
Ойын
«Жалғасын тап» — Отан туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру.
«Болашақ азамат» акростихі
Оқушылардың ұстанымы
Б — білімімді арнайтын
О — Отанымды қорғайтын
Л — лаңкестікті даттайтын
А — адалдықты жақтайтын
Ш — шуағымды шашатын
А — асулардан асатын
Ғ — ғарыш сырын меңгерген
Ы — ынтымақты тең көрген
М — менмендікті жек көрген
Қ — қазаққа қызмет ететін
А — арманына жететін
З — заңды жақсы білетін
А — алға қарай жүретін
Қ — қайырымды елімнің
С — салтанатты жерімнің
Т — толықтырам сенімін
А — абыройын, жігерін
Н — намысын қолдан бермейтін
Барлығы:
Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!
Ән
«Көк тудың желбірегені»
Қорытынды
Бүгін сендер өздеріңнің Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, нағыз азамат болуға лайық екендеріңді көрсете білдіңдер.
Ж. Молдағалиев
Өткеніңді еске алсаң — өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң — өшкеніңнің белгісі.
Халқымыздың бүгінге дейін жеткен жетістіктері — сендерге аманат. Еліміздің егемендігін айқындайтын қастерлі құндылықтарды — ана тілімізді, Елтаңбамызды, Туымызды, Ата заңымызды, Әнұранымызды — бойтұмардай сақтап, әрдайым қорғауға тиіспіз.
Тілек
Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің жас азаматтары!