Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бұл мектеп бітіруші түлектің, білім нәрімен сусындаймын деген әрбір жастың білім алғысы келетін еліміздегі беделді оқу орындарының бірі

Білім жолы: Атыраудан ҚазҰУ-ға дейін

Балалық шақтан болашаққа жетелейтін ең маңызды қадамдардың бірі — мамандық таңдау және сапалы білім алу. Осы мақсатпен мен Атырау қаласындағы Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжге «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013–2014 оқу жылында тәмамдадым.

2014–2015 оқу жылында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 1-курс студенті болып қабылдандым. ҚазҰУ — еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университетті таңдағаныма да, осы жерде білім алып жатқаныма да ерекше қуаныштымын әрі мақтан тұтамын.

Мамандық және оқу бағыты

Студент

Бимағамбетова Інкар Жұмажанқызы

Факультет

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері

Бағыт

5В011900 — «Шет тілі: екі шет тілі»

Оқу жылдарындағы әсер

Университет қабырғасындағы үш жыл өмірімдегі ең бақытты әрі ең қызықты кезеңдердің бірі болды. Әрине, қызығы мен қиындығы қатар жүрді. «Білім — инемен құдық қазғандай» демей ме? Әр студенттің мақсаты — университет беретін мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жеткілікті деңгейде білім алып, өз саласының білікті маманы болу.

Педагогикалық іс-тәжірибе

Қазіргі таңда Атырау қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтудемін. Бұл тәжірибе — теориялық білімді нақты ортада қолдануға, өзімді мұғалімдік қызметке кәсіби тұрғыда дайындауға үлкен мүмкіндік.

Кафедра ұжымына алғыс

Осы мақсатқа жетуіме бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесімен тек мені ғана емес, көптеген студентті қолдап, алға жетелеген «Екі шет тілі және Еуропа тілдері» кафедрасының ұстаздары мен оқытушыларына алғысым шексіз.

Тәжірибе жетекшісіне алғыс

Кафедра бойынша тәжірибе жетекшісі Алиакбарова Айгерім Тілесбекқызына ерекше ризашылығымды білдіремін. Көрсеткен қолдауы мен жетекшілігі мен үшін өте құнды.

Алдағы мақсат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті атану — асқақ арман, зор мәртебе және үлкен бақыт. Алдағы уақытта университетті үздік аяқтап, өз саламның мықты маманы болғым келеді.

Өз оқытушыларым секілді мен де артымнан еріп келе жатқан іні-сіңілілеріме білгенімді үйретіп, Қазақстан Республикасының білім саласында өз орнымды қалыптастырғым келеді. Сондықтан мен үшін осы оқу орнында білім алу — үлкен мақтаныш әрі зор қуаныш.

Түйін

Мәңгі жасай бер, өркендей бер, гүлдене бер, ҚазҰУ!

Бимағамбетова Інкар Жұмажанқызы

ҚазҰУ, 3-курс студенті