Берерсің сен

Автор

Алимхан Дамегүл, 11-сынып

№2 орта мектеп, Қапшағай қаласы

Патриот деген кім?

Патриот — еліне адал, халқының намысын қорғай алатын, қажет болса өз өмірін Отанға арнауға дайын, қайсар жүректі, ақ ниетті азамат. Патриоттық — ұран емес, күнделікті мінез, жауапкершілік және туған жерге деген тұрақты құрмет.

Негізгі ой

  • Елдің тарихын білу — патриоттық сананың тірегі.
  • Туған жерді қастерлеу — өмір бойы жалғасатын парыз.
  • Патриоттық әрекет сөзден емес, нақты істерден көрінеді.

Өлең жолдарымен өрілген ой

Патриот едім мен елдің,

Кең-байтақ қазақ жерімнің.

Халқыма жылы лебізді,

Жазылар шұмағым жеткізер.

Асқақ болып желбіресін көк туымыз,

Жетістікке жеткізер елді де біз.

Мәңгі жансын достық оты, сөнбей жансын,

Бейбітшілік, береке қалаймыз біз.

Патриот болып аштым дүние есігін,

Туған мекендей табалмаспын мен жерді.

Өзге елде сұлтан болғанша мен қалайын,

Туған жермен мақтанып, ұлтан болып.

Патриот болып аштым дүние есігін,

Асып түсер өзге тілден қазақ тілім.

Асыл тілім, менің тілім, жыр тілім —

Қашанда ең қымбатым, қазақ тілім.

Патриот болып аштым дүние есігін,

Домбыра төгер қазағымның барлық жырын.

Баулап, тербер жанды бүтін,

Қондырар тыныштық пен ой түрлі.

Тарихты білу — парыз

Отаншыл адамның жүрегінде халықтың тарихы, ұмытылмас рухани мұрасы және әдебиеті жатады. Елдің алғашқы патриоттарын әр адам жасына қарамастан білуі керек. Ұлтқа, дінге, тілге бөлінбей, әр азамат өз елінің намысын қорғайтын деңгейде тарихын терең танып, оны жас ұрпаққа жеткізуге тиіс.

Ел қорғаны болған батырлар

Ең басты патриоттарымыз — батырларымыз: Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Керей, Абылай және басқа да тарихи тұлғалар. Халқымыздың отансүйгіштігі талай қиын кезеңде қасиетті қазақ жерін қорғап, әділдік пен еркіндікке ұмтылуға негіз болды.

Бейбіт елдегі бақыт және ортақ жауапкершілік

Қазақстанда тұратын әр адам бейбіт өмірге қуанады: ата-ана да, бала да, әр азамат та тең құқықты қоғамда өмір сүргеніне ризашылық білдіреді. Мемлекетіміздің әр тұрғыны жүрегінің тереңінде патриот, өйткені:

Біріншіден

Ертеңгі күніне сенім арта алады.

Екіншіден

Болашағы жарқын елде өмір сүретінін біледі.

Үшіншіден

Адам туған жерін өмір бойы қастерлейді.

Егер мемлекетіміздің өркендеуіне ешкім сенбесе, даму да, мақсат та әлсірер еді. Сенім — әрекетті, ал әрекет — берекені тудырады.

Патриоттық сезім қалай көрінеді?

Отан туралы мыңдаған мақал-мәтел, өлең, әңгіме бар. Бірақ әр адам туған жеріне махаббатын әртүрлі жолмен білдіреді. Ең маңыздысы — ол сезімнің шынайы, жүректен шығуы.

Мысалдар

  • Ағаш отырғызу, табиғатты аялау.
  • Құстарға жем беру, айналаны таза ұстау.
  • Көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету.
  • Мектептер мен емханаларға қаржылай немесе ұйымдастырушылық көмек беру.

Отаншыл адам өзгенің де жүрегіне қайрат пен рух сыйлай алады. Патриоттық — жұғатын күш.

Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы