Наурыз - көне иран сөзі, қазақша мағынасы жаңа күн дегенді білдіреді

Наурыз туралы

Наурыз — көне иран сөзі. Қазақша мағынасы «жаңа күн» дегенді білдіреді. Наурыздың 8-і — Аналар күні, ал 22-сі қазақтар үшін жыл басы, жаңа жыл, күн мен түн теңелетін қасиетті мезет.

Ұлыстың ұлы күні

Сондықтан да Наурыз мерекесін «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. «Ұлыс» сөзі мемлекет, ел деген мағынаны білдіреді. Жер беті бусанып, қар еріп, көк қылтия бастайтын бұл шақты халық «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» кезеңі деп бекер айтпаған.

Мал төлдеп, қыстан шыққан жұрттың аузы аққа тиіп, еңсесі көтеріліп қалады. Наурызды ел ең жақсы киімін киіп, үлкен қуанышпен қарсы алған.

Татуласу мен тілек

Бұл күні бір-біріне өкпелі адамдар ренішті ұмытып, құшақтасып, төс қағысып, көрісетін болған. Жұрт бір-біріне игі тілек айтып, ақ ниетпен бата берген.

Кешірім мен кеңдік

Тіпті, осы күні Орта Азия билеушілері зындандағы тұтқындарына да бостандық берген деседі. «Самарқанның көк тасы жібиді» деген сөз де осы дәстүрден қалса керек.

Наурыз дастарханы

Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған Наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарханы ұлттық тағамдарға толып, молшылық пен берекенің нышаны көрініс табады.

  • Наурыз көже — жеті түрлі дәмнің бірлігі мен ырыстың белгісі.
  • Ұлттық тағамдар — қонақжайлық пен дәстүр сабақтастығын айқындайды.

Мерекелік думан

Наурызда ұлттық ойындар ұйымдастырылып, түрлі мерекелік шаралар өткізіледі. Ақындар көпшілікке айтыс өнерін көрсетсе, бишілер, жыраулар, термешілер ән әуелетеді. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық бұйымдар қойылады.

Айтыс

Суырыпсалма сөз сайысы, елдің рухын көтеретін өнер.

Ән-жыр

Жыраулық дәстүр, терме мен ән арқылы рухани жаңғыру.

Киіз үй

Ұлттық кеңістік пен қонақ күту мәдениетінің айғағы.

Ұлттық ойындар мен сайыстар

Қазақ халқында той ұлттық ойындарсыз, сайыстарсыз өтпейді. Наурыз мерекесінде де аттың дүбірі естіліп, білектің күші мен ептілік сыналатын жарыстар ұйымдастырылады.

Бәйге Күрес Көкпар Қыз қуу Асық ату