Астана қаласы

Сабақ Тіл дамыту Жапсыру 1 желтоқсан

Сабақтың тақырыбы

Бәйтерек

Саласы және бөлімі

Саласы: Тіл дамыту
Бөлімі: Жапсыру

Мақсаты

  • Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы түсініктерін кеңейту; Елордамыз Астана қаласы және Бәйтерек туралы мәлімет беру.
  • Сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.
  • Шығармашылық жұмысты ретімен орындауға баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Тақырыптық мазмұнды суреттер
  • Дайын аппликация үлгілері
  • Желім
  • Ақ қағаздар және түрлі-түсті қағаз

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Сұрақ-жауап
  • «Раунд-Робин» әдісі

Оқу іс-әрекетінің барысы

Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.

Күлімде, күн, күлімде,

Жер жасарып, көгерсін.

Кешегідей, бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

Жыл мезгілі, ай және апта күндері туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі.

Тақырыпқа кіріспе

Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналады. Тақырыбымыз: Бәйтерек.

Сұрақ-жауап және тіл дамыту

Сұрақ: Біздің Республикамыз, яғни еліміз қалай аталады?

Жауап: Қазақстан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің, Қазақстан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің, Қазақстан!

Сұрақ: Біз қай тілде сөйлесеміз?

Жауап: Қазақ тілінде.

Ана тілің — арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Сұрақ: Мемлекеттік рәміздерді атай аламыз ба?

Жауап: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Ту

Айнымайды аспаннан біздің тудың бояуы — оны халық әрқашан биікке іліп қояды.

Елтаңба

Толқыған дәні бар, мамырланған малы бар, қыран қанат әні бар — Қазақстан келбеті Елтаңбадан табылады.

Әнұран

Әнұран — жанұраным, айтар әнім, сөйлер сөзім; туған жерім — сағынарым.

Сұрақ: Елордамыз қай қала?

Жауап: Астана қаласы.

Астана — арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Біз үлкен болғанда да.

Сұрақ: Елбасымыз кім?

Жауап: Н. Ә. Назарбаев.

Халқымыздың тірегі,

Арман-үміт тілегі,

Ел деп қала соғады

Елбасының жүрегі.

Сұрақ: Елбасымыз қай қалада тұрады?

Жауап: Астанада.

Астана қаласы туралы суреттер экраннан көрсетіліп, қысқаша түсіндіріледі.

Сергіту сәті

Отанымның тірегі,

Астананың жүрегі,

Мақтан етем өзіңді —

Бәйтерегім киелі.

Шығармашылық жұмыс: «Бәйтерек» аппликациясы

Балалар түрлі-түсті қағаз арқылы Бәйтеректің бейнесін жапсырады. Тәрбиеші жұмыстың орындалу ретін түсіндіріп, үлгі көрсетеді.

Жұмысты орындау реті

  1. Қажетті бөлшектерді (діңі, бұтақтары, шар тәрізді бөлігі) дайындау.
  2. Бөлшектерді ақ қағаз бетіне дұрыс орналастырып көру.
  3. Желімді ұқыпты жағып, бөліктерді ретімен жапсыру.
  4. Жұмысты таза, тиянақты аяқтау.

Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдай отырып, жұмысты ретімен орындайды.

Қорытынды және рефлексия

  • Балалардың жасаған жұмыстары көрмеге қойылады.
  • Сабақ төмендегі өлең жолдарымен аяқталады.

Сөнбе ешқашан күніміз!

Тілейді мұны еліміз!

Тілейді мұны жеріміз!

Тілейміз мұны бәріміз!

Қуанышты хабарлама

Балаларға «Бәйтерек бейнесі» тақырыбындағы шағын марапат/жапсырма үлестіріледі.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Астана қаласы және Бәйтерек туралы түсінік алады.

Түсінеді

Жұмысты ретімен және тиянақты орындау керектігін түсінеді.

Жасай алады

Түрлі-түсті қағаздан Бәйтеректің бейнесін жапсыра алады.