Жұрнақ пен жалғау

Сабақ туралы мәлімет

Ашық сабақ, пысықтау сабағы

Мектебі

№27 ЖББОМ коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сыныбы

2 «А»

Пән

Қазақ тілі

Пән мұғалімі

Шамгулова Алуа Бериковна

Сабақтың тақырыбы

Жұрнақ пен жалғау

Бұл сабақта оқушылар қосымшалардың жұрнақ және жалғау болып бөлінетіндігі туралы білімдерін кеңейтеді және пысықтайды. Түбір сөзге жұрнақ жалғап жаңа сөз жасайды, сол сөздермен сөйлем құрастырады, сөздік қорын байытады.

Сабақтың мақсаты

  • Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы білімді кеңейту және пысықтау.
  • Түбір сөзге жұрнақ жалғап жаңа сөз жасау және сол сөздермен сөйлем құрастыру.
  • Оқушылардың сөздік қорын байыту.

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Оқушылардың жұрнақ пен жалғау туралы алған білімдерін кеңейту.

Дамытушылық

Қисынды ойлауды дамыту, алған білім, білік және дағдыларды қолдануға үйрету. Сөз және сөздердің жазылуы туралы білімді тереңдету.

Тәрбиелік

Оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар білуі тиіс

  • Сөздердің жазылу емлесін.
  • Түбір мен қосымша туралы түсінікті.
  • Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігін.

Оқушылар игеруі тиіс

  • Түбір сөзге алдымен жұрнақ, соңынан жалғау жалғанатынын.
  • Жұрнақ арқылы сөз мағынасының өзгеретінін.

Оқушылар меңгеруі тиіс

  • Жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді байланыстыратын қосымшаларды ажыратуды.
  • Сөзді құрамына қарай талдауды.

Қолданылатын әдістер мен ресурстар

Әдістер

Түсіндіру, миға шабуыл, талдау (анализ), сұрақ-жауап, рефлексия.

Көрнекі құралдар

Интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. Сабақ ұраны:

Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Ұранда айтылғандай, бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша алған білімімізді көрсетеміз.

II. Ой ашар

Үй тапсырмасын тексеру

4–5 оқушыдан үйге берілген 339-жаттығу сұралады: «Қысқы еңбек» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Миға шабуыл: өткенді қайталау

«Ерте-ерте ертеде бір-бірінен озған үш жалқау ағайынды болыпты. Бар істейтіні — бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға алыстан сәлемдеме келеді. Сәлемдемені олар біріне-бірі “сен ал” деп ысырады...»

Сәлемдемені алу үшін оқушылар жұмбақтардың шешуін табады және шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдайды.

Жұмбақтар

  1. Бойлаған сайын тереңге, шығасың биік белеске. (Білім)

  2. Есіктен кіреді, төрге қарай жүреді. (Суық)

  3. Сақалы жоқ, шашы бар,
    Бет-аузы жоқ, басы бар.
    Белін бекем байлаған,
    Қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)

Оқушылар тақтаға шығып, «білім», «суық», «сыпырығыш» сөздерін құрамына қарай талдайды. Содан кейін сұрақтар қойылады:

  • Қосымша дегеніміз не?
  • Түбір сөз дегеніміз не?
  • Жұрнақ деген не?
  • Жалғау деген не?

III. Жаңа оқу материалын пысықтау

Оқулықпен және дәптермен жұмыс жүргізіледі.

340-жаттығу

Мәтін түсініп оқылады, мәнерлеп оқуға көңіл бөлінеді. Бір оқушы тақтаға шығып, қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдайды.

Қосымша тапсырма: «Шоқан туралы не білесің?» Оқушылар өз білгенін айтады, мұғалім толықтырады.

341-жаттығу

Мәтінге ат қойылады. Бір оқушы тақтада орындайды, қалғаны дәптерге көшіріп жазады. «Қар» сөзін сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жазады.

Талқылау: «Қар» сөзіне жалғанған қосымшалар — жалғау, өйткені сөз мағынасын өзгертпей, сөз бен сөзді байланыстырып тұр.

342-жаттығу

Оқушылар бірігіп ребусты шешеді. Шешуінде шыққан «балықшы» сөзімен сөйлем құрайды.

Сергіту сәті (электронды) ұйымдастырылады.

343-жаттығу

Түбір сөздер мен жалғауларды сәйкестендіріп, түбірге қосылған бөліктің жалғау екенін дәлелдеу.

Сөздер

Наурыз

Қосымша

-ді

Сөздер

бала

Қосымша

-ға

Мысал

қала-ның, көмір-да

IV. Рефлексия және бағалау

Оқушылар логикалық жұмбақтарды шешіп, қай қосымшаның жалғанғанын талдайды.

Екі әріптен құралып, жүруші едім мал болып. Жалғанды да бір әріп, шыға келдім шал болып.

Жауабы: ат → ата

Үш әріптен құралып, ұшып жүрген құспын. «Ақ» жұрнағын жалғасаң, бір ұлт болып шықтым.

Жауабы: қаз → қазақ

Алғашқыда балық аулауға керек, балықшының құралы едім. Жалғанды да бір әріп, бәрің жұтар не болдым?

Жауабы: ау → ауа

V. Қорытындылау

Мұғалім оқушыларға конверттер таратады. Конверт ішінде әріптер беріледі. Сол әріптерден сөз құрастырып, сөздің түбірі мен қосымшасын ажыратады.

Сөздер тізімі

Балапан

Өрмекші

Суретші

Қыста

Оқуды

Алманы

Қағазға

Айна

Орындық

Өнерлі

Қорытынды сұрақ: құрастырған сөздерге не жалғанды? Жұрнақтар мен жалғаулар.

VI. Үй тапсырмасы

344-жаттығу.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және сөз құрамына талдау жасауы бойынша бағаланады.