Нұрға бөлену
Д. Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалім
Капуова Лида
Сынып
10
Сабақ
№11
Тақырып: Салауатты өмір салты
Құндылық
Дұрыс әрекет
Қасиеттер
Шыдамдылық, әдептілік, парасаттылық, адалдық
Мақсаты
Оқушыларға адам өмірінде салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру және «дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері
- Білімділік: салауатты өмір салтының мәнін түсіндіру.
- Дамытушылық: зиянды заттарды қолданудың алдын алу дағдыларын қалыптастыру.
- Тәрбиелік: салауатты өмірді ұстануға, шыдамды әрі адал болуға тәрбиелеу.
Ресурстар
Оқулық, бейнематериал, талқылауға арналған сұрақтар, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар.
Сабақ барысы
Бұл сабақ құрылымы оқушының ішкі тыныштығын қалыптастырудан бастап, мәтін талдауы, пікірталас, шығармашылық тапсырмалар және рефлексияға дейінгі кезеңдерді қамтиды.
1) Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуды өтінемін.
Елестетіңіз: күн нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіз нұрға толып, баяу ашыла бастайды. Балғын да таза әсем гүл әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды және тілегіңізді шайып, жүрегіңіздің қауызын ашады.
Нұр сәулесі бойыңызға жайлап тарай бастайды, біртіндеп күшейеді. Оймен нұрды қолдарыңызға түсіріңіз: қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашады. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.
Нұр аяқтарыңызға тарасын: аяқтарыңыз сәуле шашып, сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Нұр аузыңызға, тіліңізге жетсін: тіліңіз тек шындықты және ізгі сөздерді айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз: құлағыңыз жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көздеріңізге де жетсін: көзіңіз жақсылықты көріп, әр нәрсенің жақсы жағын байқай алады. Басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, санаңызға тек ізгі, сәулелі ойлар келеді.
Нұр күшейіп, денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашсын. Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз: жүректері нұрға толсын.
Нұр бүкіл әлемге тарасын: біздің Бөбек орталығына, гимназияға, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тіршілікке. Ғаламның түкпір-түкпіріне нұр жіберіңіз.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен — Нұрмын.»
Осы нұр, махаббат және тыныштық күйінде біраз отырыңыз. Енді нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз: нұрға толы әлем жүрегіңізде. Осы әсем күйді сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
Ескерту
Тыныштық сәтінен кейін сыныптың жұмыс ырғағына біртіндеп оралу үшін қысқа тыныс алу жаттығуын немесе бір сөйлемдік рефлексияны қолдануға болады.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықтағы 38-бет: Д. Аллен мәтінін талқылау (Сократ сақинасы әдісі).
- Мақсатқа жету үшін не істеу керек?
- Жетістікке қол жеткізу қандай табыстарға жетелейді?
- Өмірдегі қиындықты қалай түсінесіңдер?
- «Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді, ой-санасы әдемі адам өмірдің ләззатын көреді» деген пікірмен қаншалықты келісесіңдер?
- «Алынбайтын асу жоқ» дегенді қалай түсінесің?
Ой қозғау: «Қажетін таңда» әдісі
Таңдауыңызды түсіндіріңіз: Неге дәл осыны таңдадыңыз?
Жаңа сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты».
3) Дәйексөз
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
Мақал
Дәйексөз топқа бөліну арқылы оқылады және дәптерге жазылады.
Талқылау сұрағы: Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Оқушылардың жауаптарын жинақтап, ортақ қорытынды жасалады.
4) Мұғалім сыйы: ресурспен жұмыс
Мәтінмен жұмыс
«Сен мұғалімсің…» материалы бойынша бөлімдерді қара сөзбен түсіндіру (тараулар бойынша).
Талқылау сұрақтары
- Адамдардың зиянды әрекеттерге баруына қандай себептер бар деп ойлайсыз?
- Осындай жағдайлар қазіргі кезде кездеседі ме?
- Көрсетілген видеода зиянды заттардың салдары неге әкелді?
- Егер сен салауатты өмір салтын ұстансаң, мұндай жағдай орын алар ма еді?
5) Шығармашылық іс-әрекет: топтық жұмыс
Оқушылар «жүрекшелер» арқылы топқа бөлінеді. Топ атаулары: «Денсаулық», «Салауат», «Болашақ».
I топ
Адам өміріне зиян келтіретін заттар мен әдеттерге нелерді жатқызар едіңдер? Неліктен?
II топ
Адамдар неліктен темекі шегеді деп ойлайсыңдар?
III топ
Ішімдіктің адам өміріне қандай зияны бар? Ой қозғау.
Шығармашылық тапсырма (5 минут): тақпақ құрастыру
1-топ (үлгі)
... баламыз,
... аламыз.
... санамыз.
2-топ (үлгі)
... күлеміз,
... жүреміз,
... сүреміз.
3-топ
Тақырыпқа сай қысқа, ұйқасты шумақ құрастырыңыздар.
Тапсырма: «Жарнама» ойыны
Салауатты өмір салтын сақтаудың маңызын насихаттайтын қысқа жарнама мәтінін (ұран + 2–3 дәлел) дайындаңыздар.
Жағдаяттарды талдау
- I топ: Бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді, бірақ сен оны білмейсің. Бір күні оның темекі шегіп тұрғанын көрдің. Не істейсің? Достығың жалғаса ма?
- II топ: Досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығың жалғаса ма?
6) Үй тапсырмасы
Оқулықтың 42-беті: В. Ягодинскийдің мәтінін оқып келу.
7) Топпен ән айту
«Армансыз күнім болмайды»
Сөзі: Т. Толқынқызы • Әні: Ш. Ахметованыкі
1-шумақ
Бақытты жанмын сонда да бірақ Көңілім кейде толмайды Алаңсыз күліп жүрген кезде де Армансыз күнім болмайды
Қайырмасы
Аспанда күн де айналар түнге Арманым өлсе — сол қайғы Бақытқа сенемін Армандай беремін Армансыз күнім болмайды
2-шумақ
Армандап ғұмыр кешемін күнде Бір үміт қалсын ішімде Арманмен бірге өсемін мен де Адам болып қалу үшін де
8) Бағалау
Бағалау «жүрекшелер» арқылы жүргізіледі: оқушылар бір-біріне қолдау білдіріп, сабақтағы белсенділік пен ынтаны атап өтеді.
9) Соңғы тыныштық сәті
Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды, рахмет! Сау болыңыздар!
Санат
KZ портал • Қазақша рефераттар жинағы