Ардақтап өтем анамды

Ана туралы

«Ана, ана» дейді барлық адам баласы. Ол кім? Ана — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін жан. Ол — әлемдегі ең қайратты, жігерлі, әрі ең нәзік жандардың бірі.

Ананың махаббаты

Әр адам өз анасын жақсы көреді. Ананың балаға деген махаббаты — тілмен айтып жеткізе алмайтын, шексіз мейірім. Қанша шаршаса да, балаларын ешқашан назарсыз да, қараусыз да қалдырмайды.

қайрат жігер мейірім нәзіктік

Менің анам — менің үлгім

Мен анамды үлгі тұтамын. Әрқашан оның атын өлеңдеріме, жазған шығармаларыма қосып жүрсем деймін. Өйткені ана — менің жүрегімдегі ең қымбат есім.

Мен анамды сүйемін,
Ақылын ойға түйемін.
Ардақтап өтем анамды,
Жұбататын санамды.