Банкоматқа тұрып
(сықақ)
Банкоматқа тұрып
Жатып кезекке
Әдетімен жеңіл мінез жезөкше
Еркектерге қылмың –қылмың еткен-ді.
Уыздай жас әйтсе-дағы етжеңді,
Әлдебіреу бұған назар еткен-ді.
-Сіз бе соңы?
Көзін қысып, күлім етіп,
Еріндері жыбыр етіп:
-Иә,- деген бұл-дағы.
-Жақсы,- деген анау бұған тақалып.
Өзі сұлу, өзі алып жігіт екен деп,
Тұрды Жайна ойға кетіп, таңқалып:
Мұндай жанды бұрын- соңды көрмегем.
Анау болса мұны баяу тергеген.
-Қай көшеде тұрасыз?
Қайда істейсің дегендей?
Жайна болса, жауап беріп елеңдей,
Оның жайын сұраған.
-Атым- Еламан.
-Е-ла-маан, әдемі екен есімің...
-Кезегіңіз...- дейді анау сұрағандай кешірім,
Банкоматтан саулап теңге жөнелді.
Ақымақ қатын... ақша алып тұр көлемді,
Мұны текке жібермеймін мен енді,-
Деген ойға бекініп.
Құлағына әлденені сыбыр етті таянып,
Тұла бойын билеп сол сәт аярлық
-Дәл сіз үшін қалмасым хақ аянып,-
Деді дағы
Тосып тұрды.
Сырбаз жандай саналы
Ойнақшиды жылт –жылт етіп жанары.
Қолтықтасып шықты бұлар далаға,
Аш құшағы құрыстырып ананы,
Сезім құрты бойын билеп барады,
Жан –жағына тінтіне анау қарады.
Қараңғылау көше еді бұл
Жүргіншілер шамалы.
Бір тентек ой шарпып өтті сананы,
Тонап кетсем, табылса бір амалы...
Қазылған ор алдарынан тап келіп,
Қолындағы сөмкесіне шап беріп,
Жұлып алып өзін орға итеріп
Жіберді де, ғайып болды тезінен.
...Ол өлгенмен,
Түн түскенде қараңғылау көшені,
Қайтпағандар меселі
Тентірейді қайтармақ боп есені...
Барады әне көктей өрлеп көшені
Аманаты XX - ғасырдың
XXI - созылмалы кеселі.
Сүлеймен Баязитов
БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ
Төлем жүйесі және банк аралық есеп айырысу
Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
Төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі
Қазақстандағы электрондық банктік қызметтің дамуына талдау
Ішкі банктік чектермен есеп
Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі
Бенефициар - ақша алушы тұлға
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерінің қолма-қолсыз есеп айырысу операциясы
Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесі
Кенет клоун тасты бұлғап - бұлғап тұрып адамдарға қарай лақтырып жібергені
Алисияны сүйіп тұрып
Бір түрлі жәндіктер бар, өзі балық секілді су ішінде тұрып, тірі бала тауып, емшегін емізіп өсіретін, сондай жәндіктердің ең үлкені - кит
Одағай Леп белгісіне сүйеніп, орнынан тұрып жатып
Қаз сәл ойланып тұрып
Есік көзінде неге тұрып қалдыңдар
Түлкі сонда қасқырдың соңынан қарап тұрып
Оқушы орнынан атып тұрып
Бала тұрып
Тырнауышқа жегілген қос өгіздің қапталына соқыр атты жеге тұрып, балалардың мазағы ойына оралған Жолдыбай терең күрсінді