Жамбыл облысы, Талас ауданы
ДОСЫМОВ Сейітқазы (1943–1997)
ДОСЫМОВ Сейітқазы (5 мамыр 1943, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылы – 1997, Алматы) — жазушы.
Білімі
- Шымкент сауда техникумын бітірді (1963).
- Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдады (1969).
Еңбек жолы
1969–1976 жылдары «Жас алаш» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Шығармалары және марапаттары
«Директорлар» және «Ащы мен тәтті» повестері байқауда жүлдеге ие болды. Байқауды Қазақ КСР-нің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан комсомол одағы және «Жалын» баспасы бірлесіп ұйымдастырған.