Қазақша Шығармалар жинағы

Жаз мезгілі: табиғаттың жаңаруы мен ауылдың думаны

Жаз келді. Күн көтеріліп, дала жасыл кілемге оранып, айналаға әсем гүлдер жайқалып шығады. Күннің жылы сәулесі адам денесін қыздырып, көңілге қуат береді.

Балалар демалысқа шығып, ауылдағы ата-әжелерінің үйіне барады. Көп отбасы қалың киімдерін жинап, жеңіл киімдерін шығарады. Кейбірі теңіз жағасына демалуға аттанады.

Жазда табиғат та тіріліп кетеді: далада шыбын-шіркей көбейіп, көбелектер мен инеліктер көзге жиі түседі. Жылдың бұл мезгілі көбіне өте ыстық болады, сондықтан көпшілік салқын самал соққан кезде сыртқа шығып, тынығуды ұнатады.

Төрт-түлік төлдеп, қора-жай да көңілді күйге енеді. Балалар қошақанмен, ботамен, күшіктермен ойнап, күні-түні мәз болады. Кейде жас балалар қолдарына ермексаз байланған жіп ұстап, инелік ұстауға әуес келеді.

Жаз осындай қызыққа толы күндермен өтеді. Алайда жаздың соңын ала желді, жаңбырлы, алай-дүлей күз де келіп жетеді.

Ескертпе

Дереккөз сілтемесі бастапқы мәтінде көрсетілген. Мәтін редакцияланып, тыныс белгілері мен емлесі түзетілді.