Аспанға менде ұшайыншы

(Болған оқиға)

Бірде жолым түсіп, мешітке баруыма тура келді. Сыртқы дарбазадан енді ғана өте бергенімде, алдымнан жасы төрт-бестер шамасындағы бір бала кездесті. Ол маған күлімсірей қарап: «Əпке, əпке, тоқтаңызшы!» — деді.

Іштей «неге тоқтатты екен?» деп таңырқап: «Иə, балақай? Айта ғой» — дедім.

Сонда ол: «Əпке, мешітке кіруге билетіңіз бар ма?» — деді.

Алғашында түсінбей қалдым. Бірақ бірден оның «Дəрет алдыңыз ба?» деп сұрағанын ұқтым.

Мен күліп: «Əрине бар. Тіпті аспанға ұшып, қалықтауға да бар» — дедім.

Бала қуанып: «Онда мені де алып кетіңізші! Аспанға мен де ұшайыншы!» — деді.

Мен: «Жарайды, жүре ғой» — дедім.

Сәлден соң ол тағы да: «Жаныңызда өзіңіз сияқты əпкелер көп екен. Мен сияқтылар бар ма?» — деп сұрады.

Не деп жауап берерімді білмей тұрып: «Ол жаққа кез келген адам ұша алады» — дедім (яғни, намаз оқи алады).

Мешіт іші тым-тырыс еді. Айналада имамдар да көрінбеді. Мен сол жерде отырып дұға еттім. Жаңағы балақай да қасымда отырған.

Шаруам біткен соң, «бала адасып қалған жоқ па екен?» деп сұрамақ болып, жан-жағыма қарадым. Бірақ ол аяқ астынан ғайып болды.

Сол маңайда біраз іздеп, айналадағы адамдардан сұрастырдым. Алайда көрген де, білген де адам табылмады.

Іште қалған әсер

Соған қарамастан, үйіме ерекше бір қуанышпен оралдым. Ол жердің маңынан өте қалсам, әлгі балақай көзіме көрінер ме екен деп, ылғи іздеп тұрамын. Бұл оқиғаны біреуге толық жеткізіп айту да қиын сияқты.