Құстардың қысқы тіршілігі

Сабақ жоспары

Құстардың қысқы тіршілігі

Бұл материал балаларға қыс мезгіліндегі құстардың тіршілігі мен қыстайтын құстар туралы түсінік беруге арналған. Сонымен бірге логикалық ойлауды, тіл мен сөздік қорды, есте сақтау қабілетін дамытуға және табиғатты аялауға тәрбиелейді.

Мақсаты

  • Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік қалыптастыру.
  • Логикалық ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Құстарды қорғауға, ұяларын бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта.

Негізгі идея

Қыста да құстарға қамқорлық қажет: жем шашу, ұя жасау, табиғатқа зиян келтірмеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Жылы лебіз

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауадан салайық,

Жүрек жылуын салайық.

Мейірім шоғын салайық.

Жиналған осы шуақты,

Достарыма шашайық.

Жұмбақ сұрақ

Шанамен сырғып желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауап: Қыс мезгілі

Сұрақ-жауап

  • Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
  • Қыс мезгілінің айларын кім атап береді?
  • Қазір қай ай?
  • Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?
  • Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
  • Сурет бойынша әңгіме құрау.

«Жақсы – жаман» ойыны

Мақсаты: жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы мен жаманды ажыратуға, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. Балалар қойылған сұрақтарға дауыстап «жақсы» немесе «жаман» деп жауап береді.

Сұрақтар

  • Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?
  • Гүлдерге су құю жаман ба?
  • Достарыңды ренжіту жақсы ма?
  • Үлкенге көмектесу жақсы ма?
  • Құстарға ұя жасау жаман ба?

Қорытынды ой

Балалар жақсы мен жаманды дұрыс ажыратады. Енді құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімемізді бастаймыз.

Құстар туралы негізгі түсінік

Құстардың топтары

Құстар екі топқа бөлінеді: жабайы құстар және үй құстары.

Жабайы құстар

сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу, бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ және т.б.

Үй құстары

тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Құстардың пайдасы

Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп: олар өсімдіктер мен ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.

Үй құстарының пайдасы қандай?

Үй құстарының пайдасы өте көп: олардың етін тағам ретінде пайдаланамыз, ал жүнінен көрпе мен жастық жасалады.

Қыстайтын құстар және қамқорлық

Қыс мезгіліндегі өзгеріс

Қыс мезгілінде көптеген құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбірі қыстап қалады.

Қыстайтын құстар

Сауысқан, торғай, көгершін, қарға.

Бұл құстар суықтан қорықпайды, қыста да өз қорегін тауып жей алады. Дегенмен оларға жем шашып, ұя жасап қамқорлық көрсету керек.

Жақсы үлгі

Мектеп ауласында құстарға арнап ұя орнатуға болады. Бұл — табиғатқа жанашырлықтың нақты көрінісі.

Ойындар мен сергіту сәті

Ойын

«Құстар қалай дыбыстайды?»

Сергіту сәті

1, 2, 3, 4 — қарлығаш боп ұш,

5, 6, 7 — қарлығаш боп шалқы,

8, 9, 10 — қарлығаш боп қон.

Ойын

«Не артық?»

Жұмбақтар мен тапсырмалар

Жұмбақтар

Көлдің көркі — сән екен,
Ұшқанда — сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған.
Ол қандай құс, балалар?

Жауабы: Аққу

Ауыл да, қала да — мекені.
Жолаушы жүрсе — шығарып салады,
Алдыңнан шығады,
Жаныңды еркелетеді.

Жауабы: Қарлығаш

Ребус

Тау – ық

Сөзді құрастырып көріңдер.

Қорытынды

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгін біз не туралы әңгімелестік?
  • Сабақ ұнады ма?

Бағалау

Балаларды мадақтау және жетістігін бағалау.

Дереккөз: http:wwwsabak5008-tirshilik.html?utm_source=ZHARAR