Отбасым мыналар
Атамнан басталар, әжеммен қосталар —
Отбасым мыналар: ең жақын адамдар.
Әкем мен анам бар, бір туған сіңлім бар,
Бәрін жақсы көремін — еркелеймін, еремін!
Отбасының тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Менің отбасым
Бір шаңырақ астындағы алты жан
Менің де өз отбасым бар. Біз — нағашы атамның үйінде тұратын алты жанбыз: нағашы атам мен әжем, әкем мен анам және сіңлім.
Ұстаздық жол
Нағашы атам мен әжем өмір бойы ұстаз болып қызмет етті. Әжем Қалима — құрметті еңбек демалысында. Қазір ол сіңлім Алина екеуміздің қамқоршымыз әрі тәрбиешіміз.
Әжемнің ақылы, атамның үлгісі
Әжем үнемі бізге ақылын айтып отырады, кейде менің сабағыма да көмектеседі.
Нағашы атам Әлік көп жыл басшылық қызметтер атқарған. Қазір Қ.Жұбанов атындағы университетте оқытушы болып еңбек етеді. Мен атамды өзіме үлгі тұтамын: атам мен әжем сияқты елге сыйлы азамат болғым келеді.
Туған-туыс, тағылым, тағдыр
Туған атам
Туған атам Александр бүкіл ғұмырын жүргізушілік қызметіне арнаған. Өкінішке қарай, ол екі жыл бұрын дүниеден өтті.
Туған әжем
Өз әжем — Зәуреш. Ол көп жылдар дүкенші болып еңбек етті. Қазір зейнеткер.
Отбасылық жадым
Үлкендердің өмір жолы маған еңбекқорлықтың, табандылықтың және жауапкершіліктің мәнін ұғындырады.
Әке мен ана — үйдің берекесі
Әкем — қорғаным
Әкем Асқар — отбасымыздың асыраушысы әрі қорғаны. Ол атамның жолын жалғап, жүргізушілер дайындайтын мектепте жүргізуші-нұсқаушы болып қызмет етеді.
Анам — ұйытқымыз
Анам Алтынай — отбасымыздың ұйытқысы, жылуы мен шуағы. Ол Қ.Жұбанов атындағы университетте зертханашы болып жұмыс істейді.
Музыкаға алғашқы қадам
Анам менің музыкаға қабілетімді байқап, мені музыка мектебінің фортепиано сыныбына жаздырды. Бірінші сыныпты үздік аяқтап, қазір екінші сыныпта оқып жүрмін. Отбасыма шағын концерт қоюға да шамам келіп қалды. Пианинода ойнау маған қатты ұнайды. Анама алғысым шексіз.
Сіңлім және мен
Алина — өнерге жақын
Сіңлім Алина сурет салуды өте жақсы көреді. Сол себепті ол сурет салудан еш жалықпайды.
Сүйіспеншілік пен түсіністік
Мен өз отбасымды, әсіресе кішкентай сіңлім Алинаны өте жақсы көремін. Себебі әр отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік берік болса, тәуелсіз еліміздің діңгегі де мықты болатынын түсінемін.
Отбасы — ең қасиетті ұғым
Отбасы — барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Адам өмірге келген сәттен бастап отбасының тәрбиесін алады. Ата-әжем және әке-анам — өмірдегі ең қымбат та қадірлі адамдарым. Олар мені жақсылыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болсам екен деп тілейді.
Көңілімде сақталған өсиет
«Түп қазығың — Отаның, ар-намысың — тілің, кәусар бұлағың — ұстазың, қамқоршың — әкең, ақылшың — анаң».
Болашақта ата-анамның үмітін ақтауға бар күшімді саламын.