Шаршамаңыз ешқашан, Бізге білім беруден

Алғашқы ұстазымды ешқашан ұмытпаймын

Менің алғашқы ұстазым — Гауһар Бексеитова. Ол — біздің екінші анамыз. Ұстазымыз бізге жазуды, оқуды, есеп шығаруды үйретті. Біз ұстазымызды сыйлаймыз, айтқанын тыңдаймыз.

Биыл біз 0-сыныптан бері сабақ беріп келе жатқан Гауһар апайымызбен бастауыш сыныппен қоштасамыз. Енді жоғары сыныпқа өтеміз. Ол жақта бізге басқа апайлар сабақ беретінін білемін. Бірақ бізге «А» әрпін үйреткен Гауһар апайымды ешқашан ұмытпаймын.

Алғыс

Әріптерді танытып, жазуды, сызуды, оқуды үйреткені үшін мен ұстазыма қарыздармын. Ұстаз еңбегі — баға жетпес.

Эссемнің соңында ұстазыма өз өлеңімді арнаймын.

Арнау өлең

Алғашқы менің ұстазым,

Әліппені үйреткен.

Шаршамаңыз ешқашан,

Бізге білім беруден.

Гауһар апай ұстазым,

Жақсы көрем өзіңді.

Тыңдап жүрем әрдайым,

Айтқан ақыл сөзіңді.

Естелік

Алғашқы әріптерді үйреткен ұстаздың мейірімі мен еңбегі жүректе мәңгі сақталады.