Тақырып Ақпаратты өлшеу
Құрметті мұғалім!
Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде әзірленді. Жинақ мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары берілген тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс ұсынуға көмектесетін үлгі ретінде ұсынылады.
Жинақ ұсыныстық сипатта берілген: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларды толықтыруға, өзгертуге және бейімдеуге болады.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне-нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Мазмұны
1-тоқсан
- Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары бөлімі
- Денсаулық және қауіпсіздік бөлімі
2-тоқсан
- Ақпаратты электрондық кестелерде өңдеу бөлімі
3-тоқсан
- Программаларды құрудың кіріктірілген орталары бөлімі
4-тоқсан
- Программаларды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу бөлімі
1-тоқсан: Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары
Тақырып: Ақпаратты өлшеу
Оқу мақсаты: 8.2.1.1 Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілді қолдану
Бағалау критерийі: білім алушы ақпарат көлемін анықтау формуласын қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма 1
Егер алфавит 32 әріптен тұрса, осы алфавиттің бір әрпі қанша ақпарат таситынын есептеңіз.
Тапсырма 2
Мәтінді қарастырыңыз. Егер 1 символ = 1 байт болса, мәтіндегі алфавит қуатын есептеңіз.
Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
________________________________________________
Дескриптор: білім алушы бір таңбаның ақпарат салмағын есептейді; мәтіннің алфавит қуатын есептейді.
Тақырып: Процессор және оның сипаттамалары
Оқу мақсаты: 8.1.1.1 Процессордың қызметін және негізгі сипаттамаларын қарапайым деңгейде түсіндіру
Бағалау критерийі: білім алушы процессордың қызметі мен негізгі сипаттамаларын жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: білу және түсіну.
Тапсырма
Процессордың негізгі сипаттамаларына анықтама беріңіз:
________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
Дескриптор: білім алушы процессордың разрядтылық, тактілік жиілік және ядролар саны сипаттамаларын жазады.
Денсаулық және қауіпсіздік бөлімі
Тақырып: Желідегі қауіпсіздік
Оқу мақсаты: 8.4.2.1 Желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық пен агрессия)
Бағалау критерийі: білім алушы интернетте қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма
Туындаған жағдаяттардан шығудың дұрыс жолын таңдаңыз:
-
Сіз ашқан сайттың алаяқтық сайт екенін қалай түсінуге болады?
- Басқа сайттарға сілтемелер өте көп
- Сайт атауы күмәнді (мысалы: www.raki228)
- Сайтқа кіргенде ештеңе ашылмайды немесе қате береді
- ХХ-ХХ нөміріне хабарлама жіберуді сұрайды
-
Егер сайт сізді алдайтынын түсінсеңіз, қандай әрекет жасайсыз?
- Сайттан шығамын
- Сайтқа шағым жіберемін
- Сілтемені достарыма жібермеймін
- Ата-анамнан немесе мұғалімнен кеңес сұраймын
-
Интернетті қауіпсіз қолданудың 2 ережесін жазыңыз:
1) ________________________________________________2) ________________________________________________
Дескриптор: білім алушы алаяқ сайттарды ажыратады; интернетте қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін жазады.
2-тоқсан: Ақпаратты электрондық кестелерде өңдеу
Тақырып: Статистикалық мәліметтер
Оқу мақсаты: 8.2.2.2 Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану
Бағалау критерийі: білім алушы абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма
Төмендегі көбейту кестесін толтыру тізбегін жазыңыз. Формула жазу кезінде абсолютті сілтемені қолданыңыз:
- Кестені қажетті ақпаратпен толтыру.
- D2 ұяшығына ______________ формуласын жазу.
- Ұяшықтар диапазонын толтыру үшін автотолтыру (fill handle) мүмкіндігін қолдану.
Дескриптор: білім алушы формула жазу кезінде абсолютті сілтемені қолданады.
Тақырып: Статистикалық мәліметтер (мәліметтер пішімі)
Оқу мақсаты: 8.2.2.1 Электрондық кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану
Бағалау критерийі: білім алушы электрондық кестеде мәліметтердің түрлі пішімдерін қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма 1
Ұяшық пішімін сандық түрден қаржылық түрге қалай өзгертуге болатынын сипаттаңыз (KZT валюталық белгісін қолданып):
Тапсырма 2
Төмендегі кестені қарастырыңыз. Төмендегі ұяшықтардың пішімдерін анықтаңыз:
Дескриптор: білім алушы ұяшықтардың пішімін бір түрден екінші түрге ауыстырады; ұяшықтарда қолданылған мәліметтер пішімін анықтайды.
Тақырып: Кірістірілген функциялар
Оқу мақсаты: 8.2.2.3 Электрондық кестені қолдана отырып, есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Бағалау критерийі: білім алушы электрондық кестенің кірістірілген функцияларын қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма
Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, орта бойлы, ең ұзын және ең қысқа бойлы оқушыны анықтауға арналған дұрыс формулаларды жазыңыз.
Дескриптор: білім алушы ең кіші, орта және ең үлкен бой мәндері үшін формулаларды жазады.
Тақырып: Қолданбалы есептерді шешу
Оқу мақсаты: 8.2.2.3 Электрондық кестені қолдана отырып, есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Бағалау критерийі: білім алушы электрондық кестенің (кіріктірілген) функцияларын қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма
Кестені қарастырыңыз және толтырыңыз.
Дескриптор: білім алушы есептеу үшін формулаларды қолданады; СУММ, СРЗНАЧ, СЧЕТЕСЛИ функцияларын қолданады.
Тақырып: Қолданбалы есептерді шешу (типтер мен пішімдер)
Оқу мақсаты: 8.2.2.1 Электрондық кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әртүрлі типі мен пішімін қолдану
Бағалау критерийі: білім алушы электрондық кестеде мәліметтердің түрлі пішімдерін қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма 1
MS Excel бағдарламасында берілген кестені қарастырыңыз. B2–B7 ұяшықтарының пішімдерін анықтаңыз және кестеге жазыңыз.
Тапсырма 2
Келесі кестедегі B4, A5, G4 ұяшықтарының типтерін анықтаңыз:
Дескриптор: білім алушы ұяшықтардың пішімдерін анықтайды; ұяшықтардың типтерін анықтайды.
3-тоқсан: Программаларды құрудың кіріктірілген орталары
Тақырып: Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі
Оқу мақсаты: 8.1.2.1 Жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету және программалау жүйесін ажырату
Бағалау критерийі: білім алушы жүйелік және қолданбалы программалық қамтамасыз етуді анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма
Бағдарламаларды жіктеңіз: жүйелік бағдарламаларды Ж, қолданбалы бағдарламаларды Қ, ал программалау жүйелерін П әрпімен белгілеңіз.
| Бағдарлама атауы | Жіктелуі (Ж/Қ/П) |
|---|---|
| Мәтіндік редактор | ___ |
| Архиватор | ___ |
| Pascal бағдарламалау ортасы | ___ |
| Графикалық редактор | ___ |
| Компиляторлар | ___ |
| Антивирус | ___ |
| Драйверлер | ___ |
| Кестелік процессор | ___ |
| Операциялық жүйелер | ___ |
| Браузерлер | ___ |
Дескриптор: білім алушы жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз етуді және программалау жүйелерін анықтайды.
Тақырып: Параметрлі цикл
Оқу мақсаты: 8.3.3.1 Таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану
Бағалау критерийі: білім алушы қайталау операторын кіріктірілген бағдарламалау ортасында қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма
Кіріктірілген бағдарламалау ортасында параметрлі қайталау операторын қолданып, берілген есепке бағдарлама жазыңыз:
Дескриптор: білім алушы параметрлі қайталау операторын қолданып бағдарлама құрады; бағдарламаның интерфейсін құрастырады.
Тақырып: Алгоритм трассировкасы
Оқу мақсаты: 8.3.2.1 Алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
Бағалау критерийі: білім алушы есепті шешу трассировкасын орындайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма
Берілген блок-схема бойынша алгоритмнің трассировка кестесін толтырыңыз:
| Қадам | Y | X | Шарт |
|---|---|---|---|
| 1 | ___ | ___ | ___ |
| 2 | ___ | ___ | ___ |
| 3 | ___ | ___ | ___ |
Дескриптор: білім алушы блок-схема бойынша трассировка жазады.
4-тоқсан: Кіріктірілген ортада есептерді шешу
Тақырып: Проблеманы анықтау
Оқу мақсаты: 8.3.1.1 Өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
Бағалау критерийі: білім алушы бағдарлама моделін жобалайды және өңдейді.
Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары деңгей дағдылары.
Тапсырма
Қазақстан тарихы пәнінен батырлар туралы мәлімет беретін жоба құру қажет. Жобада батырлардың аты-жөні, суреті және өмірбаяны туралы ақпарат болуы тиіс.
Аталған жобаның қолданушы интерфейсінің моделін ұсыныңыз және оны өңдеудің кіріктірілген ортасында құрастырыңыз.
Дескриптор: білім алушы қолданушы интерфейсін жобалайды; бағдарлама моделін кіріктірілген бағдарламалау ортасында құрады.
Тақырып: Алгоритмді құру
Оқу мақсаты: 8.3.1.1 Өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
Бағалау критерийі: білім алушы бағдарлама моделін жобалайды және өңдейді.
Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары деңгей дағдылары.
Тапсырма
Енгізілген бүтін санның 5-ке қалдықсыз бөлінетінін анықтаңыз. Есептің орындалу барысын көрсететін блок-схеманы құрыңыз.
Дескриптор: білім алушы блок-схема құрады.
Тақырып: Алгоритмді программалау
Оқу мақсаты: 8.3.3.1 Таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану
Бағалау критерийі: білім алушы таңдау және қайталау операторларын кіріктірілген бағдарламалау ортасында қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.
Тапсырма
Өңдеудің кіріктірілген ортасында қарапайым калькулятор бағдарламасын құрыңыз. Бағдарламада келесі элементтер болуы керек:
- Екі санды енгізу компоненттері
- Нәтижені шығару компоненті
- Қосу, алу, көбейту және бөлу әрекеттерін орындайтын батырмалар
- Қолданушыға арналған нұсқаулық (шағын хабарлама)
Калькулятор бағдарламасын және қолданушы интерфейсін кіріктірілген ортада құрастырыңыз.
Дескриптор: білім алушы кіріктірілген ортаның компоненттерін қолданады; есептің шешіміне арналған интерфейс құрады; бағдарламаның кодын жазады.