Андрогамондар (андрогамоны)
Андрогамондар (андрогамоны)
Андрогамондар (androgamonum; гр. aner — еркек; гр. gamonum — гормон тәрізді зат) — ұрықтану процесі кезінде сперматозоидтар бөлетін арнайы заттар.
I андрогамондар
I андрогамондар сперматозоидтардың қимылын тоқтатады.
II андрогамондар (лизин)
II андрогамондар лизин (еріткіш зат) деп аталады. Лизин табиғаты жағынан гиалуронидаза ферментіне ұқсас.
Ұрықтанудағы рөлі
Лизин жұмыртқа жасушасының сыртындағы көпқабатты фолликула қабығында, фолликула жасушаларының арасындағы «жабыстырғыш» зат — гиалурон қышқылын (мукополисахарид) сұйылтып, ерітеді.
Соның нәтижесінде сперматозоидтар фолликула жасушаларының арасымен өтіп, жұмыртқа жасушасының — овоциттің — цитоплазмасына енуіне мүмкіндік алады. Бұл ұрықтану процесінің жүруін қамтамасыз етеді.