Жыл мезгілдері

Қыс мезгілі — менің сүйіктім

Маған қыс мезгілі ұнайды. Қыста даланы аппақ қар қаптайды, айнала ерекше әсем болып көрінеді.

Қыста не істейміз?

  • Шанамен биіктен төменге сырғанаймыз.
  • Шаңғы тебеміз.
  • Аққала жасаймыз.
  • Қар атысу ойнаймыз.

Қысқы мерекелер

  • 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

  • 16–17 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

  • 1–2 қаңтар — Жаңа жыл мерекесі.

Жаңа жыл қуанышы

Жаңа жылда Аяз ата мен Қаршақыз келеді, біз Аяз атаның сыйлықтарын аламыз.

Жаңа жыл баршамызға құтты болсын!

Қыс — шаттыққа, ойынға және жылы естеліктерге толы мезгіл.