Қыпшақ хандығы
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (Қазақстан тарихы, 6-сынып)
Құрметті мұғалім! Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әзірленді. Жинақ — мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге арналған үлгі ретінде ұсынылады.
Жинақ ұсыныстық сипатқа ие: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне-нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Кімдерге арналған
- Негізгі мектеп мұғалімдеріне
- Әдіскерлерге
- Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне
- Басқа да мүдделі тұлғаларға
Дереккөздер және қолданылуы
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
I тоқсан
VI–IX ғасырлардағы Қазақстан
II тоқсан
X ғасыр – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан
III тоқсан
- XIII–XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
- Қазақ халқының қалыптасуы
- Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы
IV тоқсан
- Қазақ хандығының XVI–XVII ғасырлардағы дамуы
- XVI–XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет
I тоқсан: VI–IX ғасырлардағы Қазақстан
Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер: Түрік қағанаты
Оқу мақсаты: 6.3.1.1 — оқиғалардың өзара байланысын анықтау арқылы Түрік қағанатының құрылуының тарихи маңызын түсіндіру.
Бағалау критерийі
- Түрік қағанатының құрылуына қатысты негізгі оқиғаларды ажыратады.
- Құрылудың тарихи маңызын анықтайды.
Тапсырма
1) Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз:
- «Теле» сөзінің мағынасы қандай?
- Түрік қағанаты қай жылы құрылды?
- Түрік қағанатын құрған қаған кім?
- Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?
2) Мемлекетті күшейтудегі қызметін сипаттап, сөйлемдерді жалғастырыңыз:
- Мен, Бумын қаған, …
- Мен, Шегу қаған, …
- Мен, Білге қаған, …
- Мен, Мұқан қаған, …
Дескриптор
- «Теле» сөзінің мағынасын анықтайды.
- Түрік қағанатының құрылған жылын анықтайды.
- Түрік қағанатын құрған қағанды анықтайды.
- Түрік қағанатының екіге бөлінген жылын анықтайды.
- Бумын, Шегу, Білге, Мұқан қағандардың мемлекетті нығайтудағы рөлін сипаттайды.
Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясаты
Оқу мақсаты: 6.3.2.2 — ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау.
Бағалау критерийі
Түрік қағанатының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Ойлау дағдылары
Білу және түсіну
Мәтін
Түріктер Бумын қағаннан бастап, Мұқан қаған тұсында жужандарды бас көтерместей етіп жеңді.
Олар өз билігін батыс бағытта да жүргізе бастады. Бұл жорықта Бумын қағанның інісі Иштеми 10 түмен әскерді басқарды. Ол күшпен «ху елін» (соғдылықтарды) бағындыруға аттанды.
Алтайдың теріскейіндегі тайпалар бағындырылды. 555 жылдың өзінде түріктер Арал теңізіне дейін жетіп, жол бойы елеулі қарсылыққа ұшырамады.
Орта Азияға бағытталған жорықтарда эфталиттер қатты қарсылық көрсетіп, түріктер жорықтарын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда 563–567 жылдары оларды бағындырды.
581 жылы (Тобо қаған қайтыс болғаннан кейін) қағанат ішінде өзара қақтығыстар күшейді.
Тапсырма
- Мәтінге және өз біліміңізге сүйене отырып, сыртқы саясаттың әр бағытының маңызын сипаттап, кестені толтырыңыз.
- Шығыс және батыс бағыттарының қайсысы маңызды рөл атқарды? Жауабыңызды дәлелмен негіздеңіз.
Дескриптор
- Түріктердің шығыс бағыттағы саясатын атайды.
- Түріктердің батыс бағыттағы саясатын атайды.
- Маңызды бағытты анықтап, дәлел келтіреді.
Ұлы Дала Елі ұғымы және сабақтастық
Оқу мақсаты: 6.2.1.3 — тарихи оқиғалар мен процестерді сипаттау үшін «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану.
Бағалау критерийі
Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен Түрік қағанаты арасындағы байланысты анықтайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану
Тапсырма
- «Ұлы Дала Елі» ұғымының мағынасын ашыңыз.
- Ежелгі Қазақстан картасы мен Орта ғасырлардағы Қазақстан картасын салыстырып, болған өзгерістерді сипаттаңыз.
- Мемлекеттер арасындағы сабақтастықты дәлелдеңіз.
Дескриптор
- «Ұлы Дала Елі» ұғымының мағынасын түсіндіреді.
- Территориялық өзгерістерді анықтайды.
- Сабақтастықты көрсетеді.
Көне түркі жазуы
Оқу мақсаты: 6.2.3.1 — көне түркі жазуының маңызын түсіндіру.
Бағалау критерийі
Көне түркі жазуының маңызын сипаттайды.
Тапсырма
1) Суретке сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіз:
- «Руна жазуы» ұғымы нені білдіреді?
- Орхон–Енисей ескерткіштері қандай мәлімет береді?
- Зерттеушілерді түркі жазулары неге қызықтырады?
2) Көне түркі жазуының маңызын дәлелдеңіз (себебін жазыңыз):
-
Қолданылу аясы
Көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, қолжазбалар мен хаттарға қолданды, себебі …
-
Саяси тарих
Көне түркі жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпарат береді, себебі …
-
Мәдениет
Көне түркі жазуы түріктердің мәдениетін көрсетеді, себебі …
-
Дүниетаным
Көне түркі жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін сипаттайды, себебі …
Дескриптор
- «Руна жазуы» ұғымын анықтайды.
- Орхон–Енисей ескерткіштеріндегі мәліметті талдайды.
- Түркі жазуына қызығушылық себептерін түсіндіреді.
- Көне түркі жазуының тарихи-мәдени маңызын негіздейді.
Атлах шайқасы
Оқу мақсаты: 6.3.2.3 — Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау.
Бағалау критерийі
Атлах шайқасының тарихи маңызын талдайды.
Ойлау дағдылары
Жоғары деңгей дағдылары
Мәтін
VIII ғасырдың 30-жылдары арабтар Сырдария түбінде түріктерді талқандады. Бұл көшпелі түрік империясының ыдырауына әкелді.
751 жылы Талас түбінде араб әскерлері қытай әскерлерін жеңді. Талас түбіндегі шайқас Түркістанда мұсылман немесе қытай мәдениетінің үстемдігі мәселесін шешті.
Арабтар тұтқынға алынған қытайлықтардан қағаз жасауды үйреніп, оны бүкіл әлемге таратты. Сондай-ақ батыстан Түркістанға мата өндірісін әкелді.
Парсылар Түркістанға келіп қоныстана бастады. Соғды тілінің жойылуы осы үдерістермен байланысты болуы мүмкін. Парсылар өңірде қала мәдениеті мен өндірістің дамуына ықпал етті.
Тапсырма
- Атлах шайқасының қытайлықтар үшін маңызы қандай болды?
- Атлах шайқасының арабтар үшін маңызы қандай болды?
- Атлах шайқасының түріктер үшін маңызы қандай болды?
Дескриптор
- Қытайлықтар үшін маңызын анықтайды.
- Арабтар үшін маңызын анықтайды.
- Түріктер үшін маңызын анықтайды.
Түркі әлемі қалыптасуының басталуы: миграция
Оқу мақсаты: 6.3.2.1 — тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтау арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру.
Бағалау критерийі
Түркі халықтарының миграциясын анықтайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану
Тапсырма
- Суретке сүйеніп, бұл қандай үдеріс екенін анықтаңыз.
- Бұл үдерістің Ежелгі Қазақстан мен ерте ортағасырлық мемлекеттер арасындағы ықтимал байланысын түсіндіріңіз.
Дескриптор
- Суреттегі оқиғаның/үдерістің атауын атайды.
- Ежелгі Қазақстан мен ерте ортағасырлық кезең арасындағы байланысты көрсетеді.
Картада көрсету (қосымша тапсырма)
Оқу мақсаты: 6.1.1.1 — түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық орналасуын көрсету.
Кескін картада стикер қолдана отырып, төмендегі көші-қон бағыттарын белгілеңіз:
- Ғұн тайпаларының миграциясы
- Түркі тайпаларының миграциясы
- Оғыз-қимақ тайпаларының миграциясы
- Қыпшақ тайпаларының миграциясы
II тоқсан: X ғасыр – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан
Саяси процестер және мемлекеттердің даму ерекшеліктері
Оқу мақсаты: 6.3.1.3 — X ғасыр–XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Бағалау критерийі
- Дамыған ортағасырлық мемлекеттерді анықтайды.
- Дамыған және ерте ортағасырлар карталарын салыстырады.
Тапсырма
- Тірек-сызбада дамыған ортағасырлық мемлекеттердің атауларын және хронологиялық шеңберін анықтаңыз.
- Картамен жұмыс: мемлекеттердің аумағын, көршілерін және астаналарын картаға түсіріңіз.
- Ерте ортағасырлармен салыстырғанда қандай өзгерістер болғанын картаға сүйеніп сипаттаңыз.
Дескриптор
- X–XIII ғғ. мемлекеттердің атауын және хронологиялық шеңберін атайды.
- Мемлекеттерді және астаналарын картаға белгілейді.
- Ерте және дамыған ортағасырлар арасындағы өзгерістерді анықтайды.
Қарахан мемлекеті: басқару жүйесі
Оқу мақсаты: 6.3.1.3 — мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Тапсырма
Тұжырымдарға мағынасына қарай атау беріңіз:
-
Ең жоғары билеуші титулы
Атауы: ____________________
-
Қағанның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны
Атауы: ____________________
-
Үлесті жерлердің билеушілері (өз орталығы, сарайы, ордасы болған)
Атауы: ____________________
-
Қағанның көмекшісі әрі кеңесшісі
Атауы: ____________________
-
Тәртіпті қадағалау, сот үкімдері мен әдет-ғұрып құқығының орындалуы, шекараны қорғау
Атауы: ____________________
Дескриптор
- Ең жоғары билеуші титулын анықтайды.
- Қағанның әкімшілік іс жүргізетін орнын атайды.
- Үлесті жерлердің билеушілерін атайды.
- Кеңесші/көмекші қызметін атқарған лауазымды көрсетеді.
- Тәртіпті қадағалаушы лауазымды атайды.
Қарахан мемлекеті және исламның ықпалы
Оқу мақсаты: 6.2.1.2 — ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау.
Тапсырмаға тірек сөздер
Ел ішіндегі жағдай, сыртқы саяси жағдай, араб жазуы, вакфтық жер иелену, билік үшін күрес, монша, кесене, намаз оқу, адам келбетін салуға тыйым салу, Атлах шайқасы, медресе білімі, сәлде орау және т.б.
1) Мұса ханның исламды мемлекеттік дін деп жариялауына ықпал еткен 3 себепті жазыңыз:
- ______________________________________________
- ______________________________________________
- ______________________________________________
2) Исламның қоғамға әкелген өзгерістерін сипаттаңыз:
Мемлекеттік басқаруда
__________________________________
Құрылыста
__________________________________
Мәдениетте
__________________________________
Тұрмыста
__________________________________
Дескриптор
- Мемлекеттік дін ретінде жариялануына түрткі болған 3 себепті көрсетеді.
- Мемлекеттік басқарудағы өзгерістерді атайды.
- Құрылыс саласындағы жаңалықтарды атайды.
- Мәдениет пен тұрмыстағы өзгерістерді көрсетеді.
Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрлері
Оқу мақсаты: 6.3.1.4 — тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру.
Тапсырма
Төмендегі атауларға сәйкес мағынасын жазыңыз:
Иқта
Мағынасы: ____________________
Вакфтық жер
Мағынасы: ____________________
Мильк
Мағынасы: ____________________
Коммендация
Мағынасы: ____________________
Дескриптор
- Жер иелену түрлерін атайды және түсіндіреді.
- Салық түрлерін атайды (қажет болса).
Наймандар, керейіттер және жалайырлар
Оқу мақсаты: 6.3.1.3 — мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру және салыстыру.
Тапсырма
Төмендегі деректерді тиісті мемлекетке топтастырыңыз (Наймандар / Керейіттер / Жалайырлар):
- a) Әбілғазының «Түрік шежіресінде» тұтқындар ретінде көрсетіліп, адал қызмет арқылы моңғолдарға сіңіскені айтылады.
- b) Селенгі, Хилок, Орхон өзендері мен Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген.
- c) Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған.
- d) Мемлекет Наркеш Дайын кезінде күшейді.
- e) Инанч-Білге халықты топтастырып, елді өнерге және бейбіт тіршілікке баулыды.
- f) Орталығы Ұлан-Батыр қаласы жанындағы Битөбе болған.
- g) Маркус және оның ұлы Құршақұз тұсында мемлекет шарықтау шегіне жетті.
- h) Білге хан қайтыс болған соң, Бұйрық пен Даян арасында билік үшін талас басталды.
- i) Жамұқа құрылтай шақырып, өзін гурхан деп жариялаған.
- j) Шыңғыс ханнан қашқан Күшлік Жетісуға кетті.
- k) Рашид ад-Дин: «… мәдениеті жоғары ел, көне түрік жазуын пайдаланған; тек Шыңғыс хан әскерінен әлсіреді» деп жазған.
- l) Шыңғыс ханның жақын адамы — ақын, шешен әрі батыр Мұқылай.
Дескриптор
- Найман мемлекетіне қатысты деректерді жіктейді.
- Керейіт мемлекетіне қатысты деректерді жіктейді.
- Жалайырларға қатысты деректерді жіктейді.
Қыпшақ хандығы: ақиқат/жалған тапсырмасы
Оқу мақсаты: 6.3.1.3 — мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру және салыстыру.
Тапсырма
Кестедегі ақпарат ақиқат болса «+», жалған болса «–» белгісін қойыңыз:
| № | Тұжырым | Белгі |
|---|---|---|
| 1 | Қыпшақ хандығы IX–XI ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қарахан мемлекеті ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшкен. | [ ] |
| 2 | Әскери-әкімшілік тұрғыдан Қыпшақ хандығы оң және сол қанатқа бөлінді: оң қанат ордасы Еділ бойындағы Ахтуба қаласында, сол қанат орталығы Сырдария бойындағы Сауранда орналасқан. | [ ] |
| 3 | Қыпшақ қоғамы әлеуметтік тең болмады; негізгі теңсіздік малға жеке меншіктен туындады. Жылқы басты байлық саналды. | [ ] |
| 4 | Қыпшақ қоғамы ұлы князь, князь, бояр сияқты ақсүйектерден тұратын қатаң иерархиялық жүйе болды. | [ ] |
| 5 | Қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдар «ерлер» деп аталды. Заң жүзінде ерікті болғанымен, іс жүзінде үстем топқа тәуелді болды. Малы жоқ кедейлер «жатақтар» деп аталып, ханға немесе ақсүйектерге тәуелділікке түсті. | [ ] |
| 6 | Қоғамның төменгі тобында малы аз шаруалар мен құлдар болды. Құлға тұтқындар айналдырылып, олардың құқықтары болмады; құлдар Орта Азия мен Шығыс елдеріне сатылып отырды. | [ ] |
| 7 | 965 жылы Қыпшақ ханы мен Киев князі Святослав арасында хазарларға қарсы әскери одақ жасалды. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. | [ ] |
| 8 | XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар Еділден батысқа қарай жылжып, олардың аумағы Шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. | [ ] |
Дескриптор
Әр тұжырым бойынша ақпараттың ақиқат/жалған екенін анықтайды (1–8).
Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орны
Оқу мақсаты: 6.3.2.4 — қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау.
Бағалау критерийі
Көрші елдермен қарым-қатынасты сипаттайды.
Тапсырма
Кестені толтырыңыз: қыпшақтар қандай елдермен және қандай қарым-қатынас орнатты?
| Ел | Қарым-қатынас түрлері |
|---|---|
| Киев Русі | ____________________________ |
| Хорезмшах мемлекеті | ____________________________ |
| Венгрия | ____________________________ |
| Еуропа елдері | ____________________________ |
| Египет | ____________________________ |
Дескриптор
- Киев Русімен қарым-қатынасты сипаттайды.
- Хорезмшах мемлекетімен қарым-қатынасты сипаттайды.
- Венгрия, Еуропа елдері және Египетпен байланыстарды сипаттайды.
Ұлы Жібек жолының халықаралық байланыстардағы рөлі
Оқу мақсаты: 6.4.2.2 — Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау.
Бағалау критерийі
Ұлы Жібек жолының саяси, экономикалық және мәдени рөлін сипаттайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану
Тапсырма
Кадрларға бөлінген мәтінді сөйлем ретімен құрастырыңыз және берілген сұраққа жауап беріңіз:
1) Иран шахы Түрік
2) қағанатына Византияға баратын
3) Елшіліктің ізінше 40 мың алтын динар
4) жолды бақылап отырған
5) жібек артқан сауда
6) салық төлеп
Жауап
Құрастырылған сөйлем: ____________________________________________
Сұраққа жауап: _________________________________________________