Адам бойындағы жағымды қасиет
Адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінез орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында әдептілікке ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл-Фараби (Қайырымды қала адамдарының көзқарастары) атты еңбегінде әдептті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Сондықтан мейірбандық әдептілік ұғымын толықтыра түседі, оны ұдайы жетілдіріп отырыды.
М.Жұмабаев 1922 жылы жазған (педагогика) оқулығында әдептілік педагогика сендіру, мәденеттілік, тәрбиенің нақты іске асқан үлгісі екенін айтқан. Педагогика ғылымында әдептілік гуманистік әдеп, демократиялық әдеп және діни әдеп болып бөлінеді. А) Гуманистік әдеп- оқу ағарту жүйесін және жоғары мәдениеттілікті арттыруға негізделген. Б) Демократиялық әдеп –қоғамның рухани дамуы мен экономистік жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рөл атқарады. В) діни әдеп- гуманистік және демократиялық әдепті жүзеге асырудың бір тірегі болып табылады.
Әдеп қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы. әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез –құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған әдеп өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес әдеп ережелері өркениет пен мәденметтен сұрапталып алынған.
Қазіргі заманғы ғылшым әдептің қалыптасуына әсер еткен 3 басты факторды атап өтеді. Олар: жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тиым салу; қариялар мен балаларға қамқорлық ету. Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, әдеп құрастырады. Егер соқвр сезім жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етті. Алғашқы рулық қоғамдағы әдеп көріністері: ( қанға қан, жанға жан) (талион) принципі, сезімнің ақылдан басым болуы, жеке бас бостандығының қауымдық мүдделермен тежелуі т. б. осындай жайттардан байқалады. Дәстүрлі қоғамдағы әдептің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары алмастырды. Алайда бұдан көне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипі қызметін атқарады. Қазақ халқынын ұлттық әдеп жүйесі сонау көшпенділер мәдениетінен нәр алады. Ол қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді.
Кіші мектеп жасындағы балалардың мінез - құлықының ерекшеліктері
Оқушылардың санасын меннен бізге дейін
Жеке адам психологиясы
Жеткіншек шақта өзіндік бағалау
Адам мінез-құлқысының гегиенасы
Мінез құрылымындағы қасиеттер
Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдайын ғылыми әдебиеттер негізінде талдау
Адамгершілік тәрбиесі ерекшеліктері
Адамгершілік тәрбиесінің негізі
Жеке адамның психологиясы туралы теория
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Ерте Палеолит адамдары
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Адамдар арасындағы қарым-қатынастар
Ландшафттың экологиялық қасиеттері
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Бие сүті және қымыздың құрамы мен қасиеттері. туралы
Бие сүті мен қымыздың шипалық және емдік қасиеттері.
Адам бойындағы жағымды қасиет туралы
Адамзат тарихындағы ең алғаш мемлекет типтес ұйым