Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала - бақшаға барған көше әлі есімде

Қадырман Диана, 9-сынып оқушысы, №2 орта мектебі, Қапшағай қаласы

Туған жер – адам өмірінде киелі орын. Дәл осы мекен адамды елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Сондықтан да бала кезден-ақ жүректе Отанға деген махаббат сезімі оянады.

Отан ошақ басынан басталады

Әрбіріміз үшін Отан – ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Мен үшін Отаным кішкентай болса да, аса қымбат мекен Қапшағай қаласынан басталады.

Дәл осы жерде менің көңілді, шаттыққа толы, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным, балабақшаға барған көшем әлі де көз алдымда. Ол кезде сол көше маған өте ұзын болып көрінетін. Көлік сирек жүретін, ал серуендейтін адамдар көп болатын.

Туған жердің шақыруы

Туған жер адамды ұзаққа қимайды. Кейде өзің бармасаң да, оймен қайта ораласың: туған көше, есіктің алды, анаңның «Қызым, үйге кір…» деген жылы үні. Сол сәтте жүрек әлсіз дүрсілдеп, сағыныш оянады.

Қазір бой жеттім. Бірақ балалық шақтағы туған аула мен көше мен үшін мәңгілікке кішкентай Отан болып қалды.

Мен – елімнің бір бөлшегімін

Мен өз елімнің бір бөлшегімін: оның бүгіні де, ертеңі де – біз. Адам туған және өскен жерімен тұтас болғанда ғана өзін бақытты сезінеді деп ойлаймын.

Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!

Сен барсың менің жанымда, көктемнің гүлі ашылған!

Балалық шағым қасыңда,

Тағдырым сенсің, Қазақстан!

Отан – материал емес, жан сезімі

Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды түрде тасымалдаушы ғана емес. Бұл – жан сезімі. Бұл – әрқашан, тіпті оймен болса да, қайта оралғың келетін рухани бұрыш.

Еліміздің жетістіктері – халқымыздың да, мемлекетті басқарған тұлғалардың да ортақ еңбегінің нәтижесі. Ал біз, жастар, бүгінгі табысты сақтап қана қоймай, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз керек. Біз бұған дайынбыз.