Тәрбие сағат мақсаты
Тәрбие сағатының тақырыбы
Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы
Тема воспитательного часа
Семья – основа нравственности
Тәрбие сағатының мақсаты
- 1 Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру.
- 2 Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке және рухани тазалыққа баулу.
- 3 Отбасы мен ата-ананы бағалауға, құрметтеуге үйрету.
Цели воспитательного часа
- 1 Углубить знания учащихся о Международном дне семьи и истории его празднования.
- 2 Формировать патриотизм, гражданственность и духовно-нравственные ценности.
- 3 Научить ценить и уважать семью и родителей.
Жабдықтандыру
- Компьютер
- Мультимедиялық жабдықтар
- Оқушылар бірлесіп жасаған шығармашылық газеттер
Тәрбие сағатының барысы
Жүргізуші (қазақша)
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне арналған сынып сағатына қош келдіңіздер!
Ведущий (по-русски)
Добрый день, уважаемые педагоги и учащиеся! Добро пожаловать на классный час, посвященный Международному дню семьи, который ежегодно отмечается 15 мая!
Неге бұл күн маңызды?
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1993 жылғы 20 қыркүйектегі резолюциясымен 15 мамырды Халықаралық отбасы күні ретінде бекітті.
Адамның ой-санасының қалыптасуы, ақыл-ойының кемелденуі — ең алдымен, отбасында басталады. Бала отбасында көрген жақсы да, жағымсыз да мінез-құлықты бойына сіңіреді. Қазақ дәстүрінде отбасы тәрбиесі ерекше орын алады: көргенділік пен көргенсіздік ұғымдары да осы тәліммен тікелей байланысты.
«Отан отбасынан басталады» деген нақыл бекер айтылмаған. Отбасы — қоғамның негізгі ұясы, ұрпақтар сабақтастығының, мәдениет пен рухани құндылықтардың қазынасы. Өнегелі, берекелі отбасы көбейген сайын мемлекет те өркендеп, халықтың әл-ауқаты артады.
Почему эта дата важна?
20 сентября 1993 года Генеральная Ассамблея ООН своей резолюцией определила 15 мая Международным днем семьи.
Семья — это пространство, где ребенок впервые ощущает тепло родительской любви, учится общению, сопереживанию и уважению. Здесь передается мудрость поколений, формируются жизненные ценности и опора для взросления.
Основное назначение семьи — вырастить детей, дать им достойное образование и помочь сориентироваться в сложном мире человеческих отношений. Поэтому так важно, чтобы семья была крепкой: именно она остается хранительницей культуры, нравственных ориентиров и исторической преемственности. Крепкие и благополучные семьи — залог устойчивого развития и процветания государства.
Слайд-презентация
«Моя семья — моя крепость»
Өлең және ой-толғау
Жүргізуші (үзінді)
Қалыңдықты алу оңай, той оңай,
Табу қиын — осы жағын ойлағай.
Таңдағанда — ақылыңа қарарсың,
Әдептісін, іскерін қаларсың.
Ер жігітті адастырар көп себеп:
Бірі — күндей сұлулықты көксемек...
Енді бірі — даңқтысын қалайды,
Үшіншісі — байлықты жар санайды.
Төртіншісі — бірін де ойға алмайды,
Ақ ниетті, әдептісін таңдайды.
Шын ойласаң, ошағыңның ырысын,
Адал жарың — байлығың да, тынысың.
Осындай жан басын тіксе жолыңа —
Төртіншісін қондырғаның қолыңа!
Ведущий (стихотворение)
Семья — людей святой оплот,
Надежду жить всегда даёт,
Даёт простор, даёт тепло —
Проблемам и беде назло.
Семья даёт поддержку нам,
С ней всё по силам, по зубам,
Всё по плечу и по себе —
Семья, святой поклон тебе!
Презентация-притча
«Мама»
На свете добрых слов живёт немало.
Но всех добрее и нежней — одно:
Из двух слогов простое слово — мама,
И нет слов роднее, чем оно.
Музыкалық нөмір
«Ана туралы жыр» әнімен Мәделханова Камила мен Искакова Динараны қарсы алайық!
Қорытынды
Жүргізуші
Осымен Халықаралық отбасы күніне арналған сынып сағаты аяқталды. Баршаңызға отбасында бақыт, ырыс-дәулет, жақсылық пен шаттық тілейміз!
Ведущий
На этом завершается классный час, посвященный Международному дню семьи. Поздравляем вас с этим днем и от всей души желаем тепла и радости в общении, а также самых добрых и уважительных отношений с близкими!