Балаларды мадақтау
Кіріспе мәлімет
- Қала
- Ембі
- Мекеме
- «Достық» балабақшасы
- Тәрбиеші
- Г. Агайдарова
- Тақырыбы
- «Жайнай берсін, Астана!»
Мақсаты
- Балаларға еліміздің бас қаласы — Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиеттерін дамыту.
- Ойын арқылы балалардың ой-өрісін, қимыл-қозғалысын жетілдіру.
- Отанға, туған жерге сүйіспеншілігін арттырып, елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Сценарий: мерекелік сабақтың барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Қайырлы таң, балалар! Қайырлы таң, қонақтар!
Сіздерді салтанатты мереке — Астана күнімен құттықтаймыз!
«Жылулық шеңбері»
Балалар бір-бірімен сәлемдесіп, көтеріңкі көңіл күй қалыптастырады:
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
Жылы лебіздер
- Деніміз сау болсын!
- Күніміз күлімдесін!
- Еліміз аман болсын!
- Ата-анамыз қасымызда болсын!
- Бәріміз дос болайық!
- Бәріміз бақытты болайық!
- Аспанымыз ашық болсын!
Әнұран орындалады.
Отан туралы әңгіме
Сұрақ
Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?
Балалардың жауаптары: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.
Дұрыс, балалар. Отан дегеніміз — біздің еліміз, туған үйіміз, туып-өскен жеріміз.
Біздің Отанымыз — Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтініміз: бұл жерде ата-бабаларымыз өмір сүрген, қазір сол жерде біз тұрып жатырмыз.
Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды.
Біздің мемлекетіміз — Қазақстан Республикасы, ұлтымыз — қазақ.
Сұрақ-жауап
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
- Қазақ тілі.
- Қазақстан көпұлтты мемлекет. Қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
- Орыс, өзбек, түрік, қытай және басқа да ұлт өкілдері.
- Мемлекеттік рәміздерімізді атаңдар.
- Әнұран, Ту, Елтаңба.
- Еліміздің бас ордасы қай қала?
- Астана.
Астана туралы таныстыру
Бүгін бас қаламыз — Астананың туған күні! Тақтадағы суреттер арқылы қаланың көрікті нысандарымен танысамыз.
Астана
Қазақстанның бас ордасы. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала.
Ақорда
Ел басшылығы орналасқан резиденция. Мұнда елімізді басқаратын Президент жұмыс істейді.
Бәйтерек
Биіктігі 105 метр болатын сәулетті мұнара. Жоғарғы бөлігінде шыныдан жасалған алтын түсті шар бар. Биікке көтерілсең, қала панорамасы көрінеді.
Балалардың өнері
Балдырған тобы — тақпақтар
Астана күніне арналған өлеңдер.
Алтын заңның аясында,
Құлпырамыз бәріміз.
Отан ана аясында,
Жарқыраймыз күн болып.
Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қалам — Астанам.
Шырқап көкке аспан ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам — Астанам.
Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елім, өз халқым.
Көк байрағы бабамның —
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке — баланың,
Қазақстан жалауы.
Желбірейді шалқып,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Айгөлек тобы — би
Келесі кезекті Айгөлек тобының биші қыздарына береміз. Қазақ биі орындалады.
Балапан тобы — тақпақтар
Елорда туралы жүрекжарды тілектер.
Астана — арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Жаңа қала, жас қала,
Болды бүгін бас қала.
Ол — сүйікті қаламыз,
Алып қала Астана.
Жүрегі елімнің —
Астана — бас қала.
Әлемге көріндің,
Ұқсамай басқаға.
Ел ордам менің — Астанам,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті, зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қалам!
Сергіту сәті
Балалар орнынан тұрып, қимыл-қозғалыс жаттығуын жасайды:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Айгөлек тобы — тақпақтар
Бірлік пен татулықты дәріптеу.
Гүл жайнаған Астана —
Қазақстан — Отаным.
Бірін-бірі сыйлаған —
Туыстас халық, тұрағым.
Астана — арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Жаса, жаса, Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аша ғой маған.
Хор
«Отан» әні орындалады.
Қорытынды
Балаларды мадақтау, белсенді қатысқандарға алғыс айту.
Қоштасу
Сау болыңыздар!