Ақтиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды

Ақтиін мен қасқыр

Ақтиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.

Ақтиін жалынып: — Мені жеме, жіберіңізші, — дейді.

Қасқыр ойланып: — Жарайды, жіберейін. Бірақ сен маған айт: неліктен сендер әрқашан шат болып жүресіңдер? — дейді.

Сонда ақтиін: — Мені жіберіңіз, содан соң айтайын. Әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алмай тұрмын, — дейді.

Қасқыр ақтиінді босатады. Ақтиін ағаш басына шығып алып: — Сен, қасқыр, залымсың. Залымдық ішіңді жандырады, — дейді.

— Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз. Сол үшін де әрдайым шат болып жүреміз, — дейді де, сылқ-сылқ күліп, ағашқа өрмелеп жоғарылап кетеді.