Елтаңбасымен еңселі
Тәуелсіз Қазақстан — ұлт мерейі
16 желтоқсан — еліміздің ең үлкен әрі ең басты мерекелерінің бірі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2016 жылы тәуелсіз мемлекет болғанымызға 25 жыл толды.
Тәуелсіздікке бастар жолдағы ерлік
Бұл тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының ерлігімен келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы қайсарлығы мен табандылығы біз үшін әрдайым өнеге.
«Тәуелсіз» және «егемен» ұғымдары
Тәуелсіз
Толық еркі бар, ерікті, ешкімге бағынышты емес деген мағынаны білдіреді.
Егемен
Өз билігі өзінде, бас бостандығы бар, дербес мемлекет деген ұғымды білдіреді.
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері
Ту
Көк туымыз — кең көк аспан астында әлемге нұрын шашқан күн сәулесі мен қияға қанат қаққан қыран бейнесі. Ол биіктік пен еркіндікті, айқын мақсат пен жарқын болашақты меңзейді.
Елтаңба
Қазақстан Республикасының елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ — бірлік пен берекенің, ортақ үйдің, тұтастықтың нышаны.
Әнұран
Әнұранымыз елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырады — ортақ құндылықтарды қадірлеуге үндейді.
16 желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн. Бұл — ерекше, мәңгілік ел жадында сақталатын, рухты асқақтататын тарихи күн.