Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары

Менің сүйікті қалам — Шымкент

Шымкент — Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Басқа өңірлермен салыстырғанда мұнда халық тығыз шоғырланған. Бұған ең алдымен жылы климат пен жайлы ауа райы әсер етеді.

Қаланың көкорай шалғын шөптері, саялы ағаштары мен жайқалған гүлдері Шымкенттің ажарын аша түседі. Сондықтан оны жиі «жасыл қала» деп атайды.

Шымкенттің маңынан Бадам және Арыс өзендері ағып өтеді. Облыс құрамына Түркістан, Отырар, Сайрам, Төлеби, Мақтарал, Бәйдібек, Ордабасы және басқа да аудандар кіреді.

Қала сауда-саттық жағынан да жақсы дамыған. Мұнда бірнеше зауыт, фабрика және түрлі өндіріс орындары жұмыс істейді.

Қаланың тыныс-тіршілігі

  • Орталықта көптеген саябақтар, ойын-сауық орталықтары, зообақ, цирк және сауда орталықтары бар.
  • Саябақтардағы тарихи мүсіндер мен ескерткіштер қала келбетіне ерекше сән береді.

Тарихты танытатын мүсіндер мен ескерткіштер

Абай саябағы

Мұнда А. Құнанбаевтың мүсіні орнатылған.

Облыстық сот ғимаратының алды

Үш бидің мүсіні ел тарихына деген құрметті айқындайды.

Шәмші аллеясы

Ұлы сазгер-композитор Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне арналған мүсін бар.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым

Соғысқа қатысқан ардагерлердің құрметіне қойылған ескерткіш тастар кездеседі.

Мен шырайлы Шымқаламды шын жүрекпен сүйемін!