Нұрым орта мектебі
Болатұлы Амандос, 6-сынып оқушысы • Нұрым орта мектебі • Кербұлақ ауданы, Нұрым ауылы
Туған жерім — Нұрым ауылы
Менің туған жерім — Нұрым ауылы. Мен осы ауылда өсіп-өндім. Ауылымыз құмдауыт жерде орналасқан және Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) аумағына кіреді.
Алтынемелдің табиғи және тарихи орындары
Ұлттық парк аумағында табиғаты да, тарихы да бай көптеген көрнекті нысандар бар. Олардың қатарында Айғайқұм, Қату, Ақтау, Бесшатыр қорғандары, Мыңбұлақ және қазақтың ғалымы әрі саяхатшысы Шоқан Уәлиханов су ішкен Шоқан бастауы орналасқан.
Көрікті орындар
- Айғайқұм
- Ақтау
- Қату
- Бесшатыр қорғандары
- Мыңбұлақ
- Шоқан бастауы
Сирек өсімдіктер
- Қызыл кітапқа енген тораңғы ағашы
- Дәрілік өсімдіктер
- Уқорғасын
- Қызыл мия
- Қызғалдақтың сирек сұрыптары
Алтынемелге шетелден де көптеген саяхатшылар келеді. Бұл — ауылымыздың табиғи әлеуетін айқындайтын үлкен артықшылық.
Ауылдың көгалдануына қосылған еңбек
Үлкен бақтар мен жеміс ағаштары
Ауылымыз көркейген, көгалданған мекен болсын деген ниетпен Құлжабаева Гүзел апай бізге үлкен бақтар отырғызуға ұйытқы болды. Ол осы ауылда дүниеге келген Қазақстан Республикасының халық әншісі Нұрғали Нүсіпжановқа арналған үлкен бақтың ашылуына бастама жасады.
Баққа алма, алмұрт, жаңғақ, жиде секілді түрлі жеміс ағаштары егілді. Қоршау ретінде шетіне тал, көктерек және тез өсетін қытай теректері отырғызылды.
Терек алқабы және қылқанжапырақтылар
Ауылдың солтүстік-батыс бөлігіне 5 гектар жерге күміс жапырақты терек алқабы егілді. Сонымен бірге қылқанжапырақты ағаштардың ауаны жақсы тазартатыны және қыстың өзінде аулаға ерекше көрік беретіні белгілі.
«Гүлстан» журналының бас редакторы Құлжабаева Г. Ә. 2010 жылдың күзінде мешіттің жанына қылқанжапырақты бақ отырғызды. Екі гектар жерге шырша мен қарағай көшеттері әкелініп, оларды отырғызуға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен мұғалімдері бір кісідей атсалысты.
Қарағайлы алқап: тәртіп, өлшем, жауапкершілік
Нұрым орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Т. Т. Нурманова апаймен бірге қарағайларды санап, ұзындығын және арақашықтығын өлшеп, арамшөптен тазартып, күнделікке жазып жүреміз.
Ені
50 метр
Ұзындығы
400 метр
Ауданы
2 гектар
Отырғызу құрылымы
- Барлығы: 12 арық.
- Тас жол жақтан: 1–2-қатар — түгелдей шырша.
- 3–10-қатар — қарағай.
- Бас және аяқ жақтары — шыршамен көмкерілген.
- 11–12-қатар — шырша.
Ортақ іске алғыс
Еліміздің көркейіп, дамуына өз үлесін қосып жүрген ауылымыздың түлегі Құлжабаева Гүзел апайға бүлдіршіндер де, мектеп ұжымы да, ауыл әкімшілігі мен тұрғындар да дән риза. Қазір ауылымыз бұрынғыдан да гүлдене түсті.
Өз үлесім
Біз Тайыржан атамның үйінің ауласына 6 түп алма, 10 түп шие, 5 түп алмұрт және 4 түп жаңғақ отырғыздық. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген мақал бекер айтылмаған.
Мен де ауылымның гүлденуіне және көгалдануына өз үлесімді қосуды мақсат етемін.
Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы