Спандияр Ақаев кім
Сабақ туралы мәлімет
Орналасқан жері
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Білім беру ұйымы
Абай атындағы №2 лицей (КММ)
Пән мұғалімі
Ордабекова Н.Г.
Пәні / Сыныбы
Әдебиеттік оқу, 4 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы
«Қанағат қарын тойғызар» — Спандияр Ақаев
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік мақсат
Спандияр Ақаев туралы түсінік беру және «Қанағат — қарын тойғызар» мәтінінің мазмұнын толық меңгерту.
2) Дамытушылық мақсат
Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, рольге бөліп мақамдап оқу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
3) Тәрбиелік мақсат
Адамгершілікке тәрбиелеу; кішіпейіл, қарапайым, қанағатшыл, шыдамды болуға үйрету; адам бойындағы асыл қасиеттерді ажырата білуге және жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіруге бағыттау.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Ой шақыру, түртіп алу, топтастыру стратегиясы, көрнекілік стратегиялары.
Көрнекіліктер
Қосымша кітаптар, қағаздар, суреттер, маркерлер және басқа да құралдар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сынып тазалығын тексеру.
- Оқушыларды түгендеу.
- Құрал-жабдықтарын дайындау.
- Назарын сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы бірге:
Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай аламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Жүрегіміздегі осы жылумен сабағымызды бастайық.
Ұран
«Жаңа ғасыр ұланымыз, жақсы оқу — ұранымыз!»
Топқа бөлу
Топ ережелерін еске түсіру, «алтын ережені» қайталау.
Оқу шаттығы
Оқулықтың кез келген бетіндегі мәтінді 2 минут «ызыңдап оқу» (іштен, үздіксіз оқу).
II. Үй тапсырмасын тексеру
М. Мақатаевтың «О, туған ел!» өлеңін жатқа айту.
«Туған жер» тақырыбында жазылған эссені оқу.
«Туған жер» туралы өлең құрастырып келу.
Стикерлер арқылы бөлу
Әр топтың оқушыларына алдын ала қызыл, сары, жасыл түсті стикерлер таратылады:
- Қызыл — «О, туған ел!» өлеңін жатқа айтады.
- Сары — эссесін оқиды.
- Жасыл — шығарған өлеңін оқиды.
III. Үй тапсырмасын бекіту
Туған жер туралы қандай ақын-жазушылардың даналық сөздерін, қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
IV. Жаңа сабаққа дайындық
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев ақындық жолының бастауында Абай поэзиясын үлгі тұтқан. Адамзаттың ақылшысы Абай «Адам болам десеңіз...» өлеңінде бес асыл істі атап көрсетеді:
Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым — ойлап қой.
V. Ой шақыру
Әр оқушыдан сұрақ-жауап арқылы ұғымдардың мәні ашылады:
Талап
«Талмас қанат». Талаптанған адам қандай қиын істі де орындауға ұмтылады.
Еңбек
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».
Терең ой
Адамның хайуаннан артықшылығы — алысқа көз жүгіртіп, терең ойлай білуі. Ұшақ, кеме, машина, пойыз — бәрі де адамның терең ойының жемісі.
Рақым
Мейірімді болу, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасау.
VI. Топтастыру стратегиясы: «Қанағат» ұғымы
«Қанағат» сөзін қалай түсінесіңдер? Оқушылардың жауаптары негізінде ойлар топтастырылады:
Мұғалімнің түйіні
Қанағат ету — тек жетіспеушілікке шыдау емес. Ол — ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежей білу, құнығу мен тойымсыздықтан саналы түрде бас тарту.
Бүгінгі сабақта Спандияр Ақаевтың «Қанағат қарын тойғызар» атты мәтінімен танысамыз.
VII. Жаңа сабақ
А) Спандияр Ақаев кім?
Автор туралы мәлімет слайд арқылы таныстырылады.
Ә) Оқулықпен жұмыс
Мәтінді мұғалім мақамдап оқиды. Оқушылар түсініксіз сөздерді кездестірсе, түртіп алып отырады.
VIII. Сөздік жұмысы
Жұт
Мал-жан шығыны болатын, ұзаққа созылған ауыр қыс, қиыншылық.
Аңкөс
Аңшы; аң аулаудың жайын жақсы білетін адам.
Болдыру
Шаршау.
Ел басына күн туу
Елдің қиыншылық көруі.
IX. Рольге бөліп оқу
Кейіпкерлер: автор, қария, екі жігіт.
X. Мәтінді талдау (топтық жұмыс)
I топ
- Елдің жағдайы қандай күйге түсті?
- Қиын кезде ел иесі қария кімдерді шақырып, ақыл сұрады?
II топ
- Қария киік аулауға шыққан екі жігітке қандай бата беріп, шығарып салды?
- Бірінші жігіттің ақылдылығы неден көрінді?
III топ
- Екінші жігіт жалғыз атын союға неге мәжбүр болды?
- Оқиғадан кейін жұрт қандай ой түйді?
XI. Сергіту сәті
Құрманғазының «Ақсақ киік» күйін тыңдау.
Сұрақтар
- Күй қалай аталады?
- Қандай әсер алдың? Нені елестеттің?
Талқылау
Оқушылардан ақбөкен (киік) туралы не білетіндерін сұрау.
Ақбөкен туралы қысқаша мәлімет
Киікті ақбөкен, сайга, сайғақ деп те атайды. Қазақстан аумағында ақбөкендердің жеке дара бөлінген Бетпақдала–Арыс, Үстірт, Еділ–Жайық топтары мекендейді.
Дене өлшемі
- Текесі: 126–150 см, 37–49 кг
- Ешкісі: 109–127 см, 22–37 кг
Ерекшеліктері
Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау, ал ешкісінде мүйіз болмайды. Жазда арқа түсі сарғыш, қыста ақшыл тартады.
Пайдаланылуы туралы дерек
Мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді теміреткіге жағады, сондай-ақ сусамыр дертіне қатысты халық медицинасында пайдаланылғаны айтылады.
XII. Сабақты қорыту
Шығармашылық жұмыс
«Қанағатшыл бол...» тақырыбында эссе жазу. Әр топтан 3 оқушы өз жұмысын оқиды.
Тыңдалым
Қанағатшылдық туралы аудиоролик тыңдау және қысқаша пікір айту.
XIII. Үй тапсырмасы
- Мәтінді рольге бөліп оқу.
- Мәтінді әңгімелеу.
- «Қанағат» тақырыбында бес жолды өлең жазу.
- Қанағат туралы мақал-мәтелдер жаттау.
XIV. Рефлексия
Оқушылар сабақтан алған әсерін, түсінгенін және өзіне пайдалы болған тұстарын қысқаша бөліседі.
XV. Бағалау
Оқушылардың жауаптары, топтық жұмыстағы белсенділігі және шығармашылық тапсырма бойынша нәтижелері негізінде бағаланады.