Тақырып Акробатикалық жаттығулар орындау

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Дене шынықтыру, 5-сынып

Құрметті мұғалім!

Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды және мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары берілген тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақ жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі ретінде ұсынылады.

Жинақ ұсыныстық сипатта: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар енгізуге, өзгертуге және бейімдеуге болады.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейненұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Кімдерге арналған

  • негізгі мектеп мұғалімдеріне
  • әдіскерлерге
  • критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне
  • басқа да мүдделі тұлғаларға

Дереккөздер

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.

Қолданылу мақсаты

Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны

1-тоқсан

  • 1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту 4
  • 2-бөлім. Өзгертілген командалық ойын 9

2-тоқсан

  • 3-бөлім. Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту 16
  • 4-бөлім. Қазақтың ұлттық және зияткер ойындары 23

3-тоқсан

  • 5-бөлім. Шаңғы кроссконьки дайындығы 28
  • 6-бөлім. Бірлескен іс-әрекеттегі ойын-сауық ойындары 32

4-тоқсан

  • 7-бөлім. Ойын кезіндегі басып кіру дағдыларын түсіну және үйрету 39
  • 8-бөлім. Жеңіл атлетика дағдысын дамыту және шолу 44

1-тоқсан

1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту

Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы

Оқу мақсаты
5.3.4.1. Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болу.
Бағалау критерийі
Қауіпсіздік ережелерімен танысып, жаттығуларды дұрыс орындайды.
Ойлау дағдылары
Білу және түсіну.
Тапсырма
Төменгі сөреден шығу техникасын көрсетіңіз және қауіпсіздік техникасын сипаттаңыз. Берілген команданы орындап, 60 метр қашықтықты максималды қарқынмен жүгіріңіз.

Дескриптор

  • Төменгі сөреден шығу техникасын көрсетеді.
  • Берілген командаларды орындайды.
  • 60 метр қашықтықты максималды қарқынмен жүгіреді.

Орта және алыс қашықтыққа жүгіру техникасы

Оқу мақсаты
5.3.3.1. Түрлі дене жүктемелерінің айырмашылығын және олардың ағзаға әсерін сыртқы белгілеріне қарап анықтай білу.
Бағалау критерийі
Қашықтыққа жүгіру техникаларын көрсетеді. Орта және алыс қашықтықтағы жүктемелердің айырмашылығын және оның ағзаға әсерін анықтайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Орта және алыс қашықтыққа жүгіру техникасын көрсетіңіз. Дене жүктемелерінің айырмашылығын және оның ағзаға әсерін анықтаңыз.

Дескриптор

  • Орта және алыс қашықтыққа жүгіру техникасын көрсетеді.
  • Қашықтықтағы дене жүктемелерінің айырмашылығын ажыратады.
  • Жүктеменің тыныс алу мен бұлшықет жұмысына әсерін анықтайды.

Қыздыру және қалпына келтіру жаттығулары

Оқу мақсаты
5.3.2.1. Қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларын орындау мен дайындау аясындағы негізгі компоненттерді білу және түсіну.
Бағалау критерийі
Денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жаттығудан кейін қалпына келтіру жаттығуларын орындайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Денені қыздыру жаттығуларын және қашықтыққа жүгіру техникасын орындап, демді қалыпқа келтіру жаттығуларын жасаңыз.

Дескриптор

  • Қыздыру жаттығуларын орындайды.
  • Жүгіру кезінде қол мен аяқтың үйлесімін сақтайды.
  • Жүгіруден кейін қалпына келтіру жаттығуларын жасайды.

Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру

Оқу мақсаты
5.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау.
Бағалау критерийі
Жүгіріп келіп секіру техникасын қолданады және жаттығуларды ретімен орындайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің 4 фазасын қолданып, 3 рет секіріңіз.

Дескриптор

  • Ұзындыққа секіру техникасын қолданады.
  • Фазалардың реттілігін сақтайды.
  • Жүгіріп келіп, аяқты бүгіп секіреді.

Нысанаға және қашықтыққа лақтыру (150 г кіші доп)

Оқу мақсаты
5.1.1.1. Арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауға және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын білу және түсіну.
Бағалау критерийі
Қозғалыс әрекеттерін бақылайды және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Берілген сипаттамаға сәйкес 150 г кіші допты лақтыру техникасын көрсетіңіз. Лақтыру кезінде жіберілген қателіктерді талқылаңыз.

Дескриптор

  • Лақтыру бағытын сақтай отырып лақтырады.
  • Оңға жартылай бұрылып лақтырады.
  • Бүйірімен тұрып лақтырады.
  • Сол аяқтан оң аяққа ауысу арқылы жеңіл секіріп лақтырады.
  • Лақтыру кезеңдерінің реттілігін сақтайды.
  • Жіберілген қателіктерді талқылап, атайды.

Топтық эстафеталық жұмыс

Оқу мақсаты
5.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығулары тәжірибесін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау.
Бағалау критерийі
Дене жаттығуларының орындалуын анықтайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Шағын топтарға бөлініп, шеңбер бойымен жүгіру кезінде эстафеталық таяқшаны беру техникасын көрсетіңіз.

Дескриптор

  • Шеңбер бойымен жүгіреді.
  • Қозғалыста таяқшаны береді және қабылдайды.
  • Жеңіл жүгіріс қарқынын сақтай отырып, таяқшаны береді және қабылдайды.

2-бөлім. Өзгертілген командалық ойын

Бұл бөлімде волейбол, баскетбол және футбол элементтері арқылы қабылдау, беру, алып жүру және тактикалық әрекеттерді меңгертуге бағытталған тапсырмалар берілген.

Волейбол: допты төменнен және жоғарыдан қабылдау

Оқу мақсаты
5.1.1.1. Арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауға және үйлесімділікті дамытуға арналған дағдыларды білу және түсіну.
Бағалау критерийі
Қозғалыс әрекеттерін бақылайды, үйлесімділікті сақтайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Волейболда допты төменнен және жоғарыдан қабылдау техникасын көрсетіңіз. Білім алушылар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрады (жұптық жұмыс).

Дескриптор

  • Допты төменнен қабылдау техникасын орындайды.
  • Допты жоғарыдан қабылдау техникасын орындайды.

Волейбол: допты беру техникасы (жаттығулар кешені)

Оқу мақсаты
5.1.3.1. Қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау.
Бағалау критерийі
Ойын барысында спорттық техникалардың орындалуын көрсетеді.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Волейболдағы допты беру техникасын көрсетіңіз. Білім алушы волейбол алаңының бүйір сызығына тұрады (жұптық жұмыс).

Жаттығулар

  1. Допты үстінен беру: жеке жұмыс (допты жерге түсірмей 20 рет қағу).
  2. Серіктесі допты тастағаннан кейін жоғарыдан беру (15–20 рет, кейін ауысу).
  3. Допты үстінен 5 рет қағып, серіктесіне беру; серіктес допты қағып алып, әрі қарай жеке жұмыс жасайды (5–7 рет).
  4. Серіктесі допты тастағаннан кейін төменнен беру (10–15 рет).

Дескриптор

  • Допты берер алдында бастапқы қалыпты сақтайды.
  • Допты ойынға қосқанда қолды сермеп, бағыттайды.
  • Допты жоғарыдан беру техникасын орындайды.
  • Допты төменнен беру техникасын орындайды.

Баскетбол: допты алып жүру және тиімді тәсілдерді анықтау

Оқу мақсаты
5.2.4.1. Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді білу және түсіну.
Бағалау критерийі
Жаттығуларды орындау барысында техникалық тиімді тәсілдерді анықтайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Баскетболдағы допты алып жүру техникасын қолданып, тиімді тәсілдерін анықтаңыз. Екі қатар саппен тұрып, сапты қайтадан түзеу арқылы орындаңыз (доппен жаттығу).

Жаттығулар

  1. Допты бел деңгейінде айналдырып, серіктесіне пас беру (10–15 рет).
  2. Допты серіктесіне оң қолымен айналдырып, сол аяқтың астымен беру (10–15 рет).
  3. Допты сол аяқ пен оң аяқтың астымен «сегіздік» жасап өткізіп, пас беру (10–15 рет).
  4. Допты бір орында оң және сол қолмен жүргізіп, серіктесіне пас беру (10–15 рет).

Дескриптор

  • Допты алып жүру техникасын орындайды.
  • Допты алып жүрудегі тиімді тәсілдерді анықтайды.

Баскетбол: қимыл-қозғалыс комбинациялары және реттілік

Оқу мақсаты
5.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау.
Бағалау критерийі
Қимыл-қозғалыс комбинацияларын орындайды және оларды жаттығуларда реттілікпен қолданады.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Баскетболдағы берілген қимыл-қозғалыс комбинацияларын орындаңыз. Кейін шағын топта торға дәл салуға арналған комбинациялардың реттілігін құрастырып, көрсетіңіз.

Комбинациялар

  • Кедергілер арасымен «жылан» тәрізді сол қолмен алып жүру.
  • Кедергілер арасымен «жылан» тәрізді оң қолмен алып жүру.
  • Екі қолмен алма-кезек алып жүру.

Дескриптор

  • Допты сол қолымен алып жүреді.
  • Допты оң қолымен алып жүреді.
  • Шығыршыққа дәл салуға арналған комбинациялар реттілігін құрастырып, көрсетеді.

Футбол: допты тоқтату және беру (жұптық жұмыс)

Оқу мақсаты
5.1.5.1. Аз ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау.
Бағалау критерийі
Қимыл-қозғалыс техникасын орындайды және жаттығулардың құрылымдық тәсілдерін сипаттайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Допты тоқтату және беруді орындаңыз. Білім алушылар 8–10 м қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

Жаттығулар

  1. Табанның ішкі жағымен доп беру және табанның ішкі жағымен допты тоқтату.
  2. Серіктесіне дейін допты жүргізу; тоқтатып, бастапқы орнына қайтып, допты серіктесіне беру.
  3. Табанның сыртқы жағымен серіктесіне доп беру.

Дескриптор

  • Допты тоқтату және беруді дұрыс орындайды.
  • Қозғалыс комбинацияларын реттілікпен орындайды.

Көшбасшылық және командамен жұмыс: кешенді эстафета

Оқу мақсаты
5.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді түсіну.
Бағалау критерийі
Көшбасшылық дағдыларын көрсетіп, командалық жұмысты орындайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Кешенді эстафетаны орындаңыз (допты алып жүру, пас беру, шығыршыққа лақтыру, жұптасып пас беру). 3–4 командаға бөлініп, әр команда капитан тағайындайды. Капитан ойыншыларды мүмкіндігіне қарай станцияларға бөледі (әр білім алушы кезекпен капитан болады).

Эстафета кезеңдері

  1. 1-ойыншы 10 м қашықтыққа дейін допты алып жүреді де, 2-ойыншыға береді.
  2. 2-ойыншы допты шығыршыққа 5 рет нәтижелі лақтырады; кейін 10 м қашықтықты доппен жүріп өтіп, сөреге келіп, 3-ойыншыға береді.
  3. 3- және 4-ойыншылар допты жұпта оң және сол бүйірімен қозғалыста 10 м алып жүріп, 5-ойыншыға береді.
  4. 5-ойыншы допты алып жүріп, екі қадамнан кейін допты шығыршыққа салады. Доп түскен жағдайда орнына оралады және эстафета аяқталады. Егер доп түспесе, доп нәтижелі түскенше 3 рет лақтырады; 3 ретте де түспесе, орнына қайта оралады.

Дескриптор

  • Допты алып жүруді орындайды.
  • Доппен пас беруді орындайды.
  • Допты шығыршыққа лақтыруды орындайды.
  • Жұпта қозғалыс арқылы доп беруді орындайды.
  • Тапсырманың ретімен орындалуын бақылайды.

Футбол: позицияларды ауыстыра отырып ойын ойнау

Оқу мақсаты
5.2.1.1. Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге байланысты білімді білу және түсіну.
Бағалау критерийі
Ойын барысында қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Футбол ойынын ойнаңыз. Білім алушылар екі командаға бөлініп ойнайды және белгілі уақыт сайын өз позицияларын ауыстырады. Әркім қақпашы, қорғаушы және шабуылшы рөлдерінде ойнап көреді.

Дескриптор

  • Футбол ойынында қауіпсіздік ережесін сақтайды.
  • Ойын позицияларын уақтылы өзгертеді.
  • Қақпашы, қорғаушы және шабуылшы рөлдерін орындайды.

2-тоқсан

3-бөлім. Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту

Қауіпсіздік ережесі. Жалпы дамыту жаттығулары кешенін құрастыру

Оқу мақсаты
5.3.4.1. Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болу.
Бағалау критерийі
Жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Төменде берілген гимнастика кешеніндегі жаттығуларды орындаңыз. Жетістіктеріңіз бен қателіктеріңізді талқылаңыз.

Дескриптор

  • Техника қауіпсіздігін сақтайды.
  • Жаттығуларды ретімен орындайды.
  • Жетістіктері мен қателіктерін талқылайды.

Акробатикалық жаттығулар: комбинацияны ретімен орындау

Оқу мақсаты
5.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау.
Бағалау критерийі
Қимыл-қозғалыс комбинацияларын ретімен орындайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Гимнастика жаттығуларындағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын ретімен орындаңыз.

Жаттығулар (10–15 реттен)

  1. Қолды тіреп отырып, тізені кеудеге жинақтау.
  2. Төсенішке жатып, аяқты кеудеге жинап, жинақталу.
  3. Алақанды бір-біріне қарама-қарсы ұстап, тез отырып топтасу.
  4. Төсенішке жатып, тез арада отырып топтасу.

Дескриптор

  • Қолды тіреп отырып, тізені кеудеге жинақтайды.
  • Төсенішке жатып, аяқты кеудеге жинақтайды.
  • Алақанды қарсы бағытта ұстап, тез отырып топтасады.
  • Төсенішке жатып, тез отырып топтасады.
  • Жаттығуларды реттілікпен орындайды.

Снарядта секіру: кіші аттан секіру техникасы (жұптық жұмыс)

Оқу мақсаты
5.1.5.1. Аз ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау.
Бағалау критерийі
Дене жаттығуларын орындайды және жаттығудың тактикасын, стратегиясын, құрылымдық идеясын сипаттайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Берілген үлгі бойынша кіші ат снарядынан секіру техникасын орындаңыз: аяқты алшақ қойып секіру және гимнастикалық көпірді снарядтан 1 м-ге дейін ығыстыру. Жаттығу барысында тактика, стратегия және құрылымдық идеяны жұпта талқылаңыз.

Дескриптор

  • Техника қауіпсіздігін сақтайды.
  • Секірудің орындалу реттілігін сақтайды.
  • Аяқты бүкпей, бақай ұшын созып орындайды.
  • Кеудені тік ұстап, басты көтеріңкі, қолды түзу ұстайды.
  • Жаттығуды толық орындайды.
  • Тактика, стратегия және құрылымдық идеяны жұпта талқылайды.

Гимнастикалық бөрене: тепе-теңдік жаттығулары

Оқу мақсаты
5.1.4.1. Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің қолынан не келетінін білу және анықтау.
Бағалау критерийі
Өзінің және өзгенің қимыл-қозғалысын анықтайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Гимнастикалық бөренеде тепе-теңдік жаттығуларын орындаңыз. Бірнеше рет қайталағаннан кейін орындарыңызды ауыстырыңыз. Сыныптасыңыздың көмегімен орындаңыз.

Жаттығулар

  1. Екі қолды екі жаққа созып, «қарлығаш» бейнесін жасау.
  2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру.
  3. Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу.
  4. Тізені жоғары көтере жүру.
  5. Басына зат қойып, бөрене үстімен жүру.

Дескриптор

  • Тепе-теңдік жаттығуларын орындайды.
  • «Қарлығаш» бейнесін жасайды.
  • Аяқ ұшымен жүреді.
  • Өкшені көтеріп бұрылады.
  • Тізені жоғары көтере жүреді.
  • Басына зат қойып, бөрене үстімен жүреді.

Гимнастикалық жиынтық құрастыру (топтық жұмыс)

Оқу мақсаты
5.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді түсіну.
Бағалау критерийі
Көшбасшылық дағдыларын көрсетіп, командалық жұмысты орындайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
Топта гимнастикалық жаттығу элементтерін құрастырыңыз. Құрастырған жиынтықты көшбасшылық дағдыларды көрсете отырып, топпен орындаңыз.

Дескриптор

  • Гимнастикалық жаттығу элементтерін құрастырады.
  • Жаттығуларды реттілікпен және синхронды орындайды.
  • Көшбасшылық және шығармашылық дағдыларын топта көрсетеді.

Заманауи гимнастикалық би: құрастыру және талдау

Оқу мақсаты
5.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіну, сондай-ақ оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну.
Бағалау критерийі
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды және шешу жолдарын талқылайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
1) «Заманауи гимнастикалық бидің түрлері» тақырыбында гимнастикалық би құрастырыңыз: әр топ бір түрін таңдап, синхронды, көркем және мәнерлеп орындасын. 2) Топта шығармашылық қабілеттерді анықтап, оларды жетілдіру жолдарын талқылаңыз.

Дескриптор

  • Топ заманауи гимнастикалық биді орындайды.
  • Шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
  • Биді синхронды, көркем және мәнерлеп орындайды.
  • Өзінің және өзгелердің қабілеттерінің күшті және әлсіз тұстарын сипаттайды.
  • Күшті және әлсіз тұстарды жақсарту жолдарын талқылайды.

4-бөлім. Қазақтың ұлттық және зияткер ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары: әділ ойын, патриотизм, ынтымақтастық

Оқу мақсаты
5.2.7.1. Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және түсіндіру.
Бағалау критерийі
Жарыс кезіндегі ұйымшылдықты көрсетеді.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
1) Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ажыратыңыз. 2) Ұлттық ойындарға заманауи құралдарды қолданып, балама ойын құрастырыңыз. Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастық туралы ақпаратты талқылаңыз.

Дескриптор

  • Ұлттық ойын түрлерін ажыратады.
  • Заманауи құралдармен балама ойын құрастырады.
  • Әділ ойын, патриоттық қолдау және ынтымақтастық туралы талқылайды.

Жаяу көкпар: тиімді орындау жолдарын талқылау

Оқу мақсаты
5.2.3.1. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау.
Бағалау критерийі
Ойнауға қолайлы орта қалыптастырады және ойынның орындалуының тиімді жолдарын көрсетеді.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
«Жаяу көкпар» ойынын ойнаңыз. Ойынның тиімді орындалу жолдарын топта талқылаңыз.

Дескриптор

  • «Жаяу көкпар» ойынын ойнайды.
  • Ойын шарттарын орындайды.
  • Тиімді жолдарды топта талқылайды.
  • Алған ақпаратты басқаларға жеткізеді.

«Қызыл ту» ойыны: балама дене жаттығуын ұсыну

Оқу мақсаты
5.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығулары тәжірибесін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау.
Бағалау критерийі
Дене жаттығуларының орындалуын анықтайды.
Ойлау дағдылары
Қолдану.
Тапсырма
«Қызыл ту» ойынын ойнаңыз. Дене жаттығуларының басқа түрін ұсыныңыз және ойнау әдісін құрастырыңыз.

Дескриптор

  • «Қызыл ту» ойынын ойнайды.
  • Дене жаттығуларының балама түрін ұсынады.
  • Ойынның әдісін құрастырады.

Келесі тақырып (мәтін үзіндісі аяқталды)

Берілген мәтін «Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену (5.2.6.1)» бөлімінде үзіледі. Қалған мәтінді жіберсеңіз, осы дизайнмен жалғастырып беремін.