Менің үлкен атам Балғымбаев Сарбас Рысжанұлы - соғыс ардагері
Естелік жазба
Менің үлкен атам Балғымбаев Сарбас Рысжанұлы — соғыс ардагері. Ол 1921 жылы Жылыой ауданы, Қияқ ауыл кеңесінде дүниеге келген.
Ерте еңбек жолы
1939–1941 жылдары сегіз жылдық Қара Арна орталық мектебінде мұғалім болып еңбек етті.
Әскерге шақырылуы
1942 жылдың қаңтарында Кеңес Армиясы қатарына алынып, 1942 жылдың мамырынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты.
Майдандағы қызметі
648-ші атқыштар полкінің 1-ші батальон пулеметшілер ротасында бөлімше командирі болып, сержант шенінде қызмет атқарды.
Полк 200-ші дивизия құрамында Солтүстік-Батыс майданда, Старый Русь қаласы бағытында шайқасты.
Ерлігі мен марапаттары
Негізгі наградалар
- «За отвагу» медалі
- I дәрежелі Отан соғысы ордені
Соғыстан кейінгі мерекелік медальдар
- Ұлы Жеңістің 25, 30, 40, 50, 55 жылдығына арналған медальдар
- Маршалл Жуковтың 100 жылдығына арналған медаль
Жарақат алуы
1943 жылы ауыр жарақат алып, елге оралды.
Ұстаздық жолы
Елге оралғаннан кейін білім беру саласында табанды еңбек етіп, бірнеше мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1943–1959
- 1943–1946 — Куйбышев атындағы 7 жылдық мектепте мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі
- 1951–1952 — Бірліктаң 7 жылдық мектебі
- 1952–1959 — Қараша 7 жылдық мектебі
1959–1976
- 1959–1962 — Орджоникидзе атындағы 8 жылдық мектеп
- 1962–1976 — М. Әуезов атындағы орта мектепте математика, физика, химия пәндерінің мұғалімі
- 1976 — зейнеткерлікке шықты
Еңбегі еленген сәт
Лениннің 100 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақ КСР Оқу министрі мен кәсіподақ ұйымының мақтау грамотасымен марапатталған.
Автор туралы
Оқушы
Сарбасова Азиза, 4-сынып оқушысы.
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп.
Жетекші
Шегирова Жанаргүл Сайлауовна.
Жарық режимі • Таза, оқуға жеңіл безендіру
Материал өңделіп, грамматикасы түзетілді