Ханшатырда отбасыммен суретке түстік

Жазғы демалысымның әсерлері

Биыл жазда мен Астана қаласындағы Хан Шатырға бардым. Біз отбасымызбен бірге суретке түсіп, түрлі аттракциондарға мініп, тамаша уақыт өткіздік. Сол күні саяхатымыз өте сәтті өтті.

Есте қалған сәттер

  • Хан Шатырда отбасымызбен суретке түсіп, аттракциондарға міндік.
  • Думанға барып, джунгли бөліміне кірдік.
  • Джунглида жылан, маймыл және тасбақа көрдік.
  • Мегада тоқпен жүретін және шайқалатын көліктерге міндім.
  • Ата-анам мені паркке апарып, балмұздақ алып берді.

Әжем мен атам мені Мегаға апарып, көңілімді көтеретін ойын-сауықтарға мінгізді. Ал анам мен әкем паркке апарып, серуендеп жүріп балмұздақ алып берді.

Жалпы, менің жазғы демалысым өте қызықты әрі әсерлі өтті.