Ұстаз деген ұлы есімді барша адамзат баласы құрметтеуі қажет

Ұстазға деген құрмет

Ұстаз деген ұлы есімді барша адамзат баласы құрметтеуі керек. Себебі ұстаз — білімнің ғана емес, адамгершіліктің де бастауы, өмір жолында бағыт беретін шамшырақ.

Мен өз ұстазым — Керимова Нұргүл апайды ерекше қадірлеймін. Ол бізге тек сабақ үйретіп қана қоймай, әрдайым өнегелі әңгіме айтып, пайдалы кеңес беріп отырады.

Алғашқы білімнің ізі

Қолыма ең алғаш қалам ұстатып, қырық екі әріпті танытып, жақсылығымды арттырып, жамандығымды жасыра білген ұстазыма алғысым шексіз.

Білім Тәрбие Өнеге Ризашылық