Өсімдіктердің өсуі
7-сынып биология пәніне арналған үлгі күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Жалпы оқу жүктемесі — 68 сағат (аптасына 2 сағат). Жоспар төменде тоқсандар бойынша бөлімдерге бөлініп берілген: тақырыптар, мазмұны, оқу мақсаттары және сағат саны.
1-тоқсан
16 сағат
2-тоқсан
16 сағат
3-тоқсан
20 сағат
4-тоқсан
16 сағат
1-тоқсан (16 сағат)
Экожүйелер
-
Ортаның экологиялық факторлары
2 сағатАбиотикалық факторлар (температура, жарық, рН, ылғалдылық) және биотикалық факторлар (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер). Зертханалық жұмыс: жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында).
7.3.1.1 Жергілікті экожүйеде факторлардың тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу -
Қоректік тізбектер және қоректік торлар
1 сағатМодельдеу: қоректік тізбек пен қоректік тор құрастыру.
7.3.1.2 7.3.1.3 Табиғи қоректік тізбектерді салыстыру; тізбек және тор құрастыру -
Экологиялық сукцессия
1 сағатБірінші және екінші реттік сукцессиялар, экожүйелердің алмасуы.
7.3.1.4 Экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау -
Адам — экожүйенің бір бөлігі
1 сағатАнтропогендік факторлар және адамның экожүйеге жағымсыз әсерлері.
7.3.2.1 7.3.2.2 Адам–экожүйе қарым-қатынасын сипаттау; жағымсыз әсерлерге мысал келтіру -
Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
1 сағатЖергілікті өңірдің ЕҚТА-лары, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы, өңірде Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар.
7.3.2.3 7.3.2.4 ЕҚТА өсімдіктері мен жануарларын сипаттау; жергілікті мысалдар келтіру
Тірі ағзаларды жүйелеу және жасушалық биология
-
Тірі ағзалардың бес патшалығы және жүйелеудің маңызы
1 сағатПрокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Негізгі жүйелік топтар: патшалық, тип/бөлім, класс және т.б.
7.1.1.1 7.1.1.2 -
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысы
1 сағат7.1.1.3 -
Дихотомиялық әдіс және кілттер
1 сағатПрактика: жекелеген ағзаларды анықтауға арналған қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану.
7.1.1.4 -
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі
1 сағатӨсімдік және жануар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскопында көрінетін құрылымдар: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.
7.4.2.1 7.4.2.2 -
Су және минералды элементтер
2 сағатСудың қасиеттері (беттік керілу, қозғалысы, еріткіштігі, қайнау/балқу температурасы, жылусыйымдылығы) және биологиялық маңызы. Зертханалық жұмыс: судың қасиеттерін және тірі ағзалар үшін маңызын зерттеу. Микроэлементтер (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтер (магний, кальций, калий, фосфор) рөлі.
7.4.1.1 7.4.1.2 -
Азық-түліктердегі органикалық заттар
2 сағатНәруыздар, майлар, көмірсулар. Зертханалық жұмыс: азық-түліктерде көмірсу, нәруыз және майдың бар-жоғын анықтау.
7.4.1.3 -
Өсімдіктердегі макроэлемент тапшылығы және тыңайтқыштар
1 сағатАзот, калий, фосфор тапшылығы. Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі, фосфорлы).
7.4.1.4 -
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1 сағат
2-тоқсан (16 сағат)
Заттардың тасымалдануы
-
Тасымалданудың маңызы және оған қатысатын мүшелер
1 сағат7.1.3.1 7.1.3.2 -
Сабақ және тамыр: ішкі құрылысы
1 сағатСабақ: қабық, камбий, сүрек, өзек. Тамыр аймақтары: бөліну, өсу, сору, өткізу.
7.1.3.3 -
Ксилема, флоэма және камбий
2 сағатТамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Зертханалық жұмыстар: сабақтың ішкі құрылысын зерттеу; тамыр аймақтарын зерттеу. Ксилема мен флоэманың құрылымдық элементтерін салыстыру.
7.1.3.4 7.1.3.5 -
Жануарлардағы қанайналым мүшелері
1 сағатБуылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар.
7.1.3.6
Тірі ағзалардың қоректенуі және тыныс алуы
-
Жапырақтың құрылысы және қызметі
1 сағатЖапырақтың ішкі құрылысы, лептесік, фотосинтез, судың булануы және газ алмасу.
7.1.2.1 -
Фотосинтезге қажетті жағдайлар
2 сағатЗертханалық жұмыс: фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу.
7.1.2.2 -
Тыныс алу: маңызы және типтері
1 сағатТыныс алу — энергия көзі. Анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру.
7.1.4.1 7.1.4.2 -
Өсімдіктердің тыныс алуы
2 сағатТұқым немесе өскіндер мысалында. Зертханалық жұмыс: өсімдіктердің тыныс алуын зерттеу.
7.1.4.3 -
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері
2 сағатБунақденелілердің демтүтіктері, балықтың желбезектері, құстар мен сүтқоректілердің өкпесі. Модельдеу: тыныс алу жүйесі мүшелерін салыстыру.
7.1.4.4 -
Адамның тыныс алу жүйесі
1 сағатТыныс алу жолдарының құрылысы және газ алмасу мүшелері.
7.1.4.5 -
Тыныс алу мүшелерінің аурулары және алдын алу
1 сағатӨкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау: себептері және алдын алу жолдары.
7.1.4.6 -
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1 сағат
3-тоқсан (20 сағат)
Бөліп шығару
-
Бөліп шығарудың маңызы және зат алмасудың соңғы өнімдері
1 сағат7.1.5.1 -
Өсімдіктердегі бөліп шығару
1 сағатТыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Зертханалық жұмыс: өскіндер мысалында тыныс алу ерекшеліктерін зерттеу.
7.1.5.2 -
Жануарлардың бөліп шығару жүйелері
1 сағатОмыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру.
7.1.5.3
Қозғалыс
-
Өсімдіктердің қозғалысы және жарыққа бейімделуі
3 сағатТропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары. Жарықтың өсу мен дамуға әсері. Фотопериодизм — күн ұзақтығына бейімделу.
7.1.6.1 7.1.6.2 7.1.6.3 -
Жануарлардың қозғалыс мүшелері және қозғалу тәсілдері
1 сағатМекен ету ортасы мен қозғалыс тәсілі арасындағы байланыстар. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру.
7.1.6.4
Координация және реттелу (жүйке жүйесі)
-
Жүйке жүйесінің типтері
2 сағатДиффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді жүйке жүйелерін салыстыру.
7.1.7.1 -
Нейрон: құрылысы және қызметі
1 сағатЖүйке жүйесінің құрам бөліктері мен қызметі. Нейрон: дене, дендрит, аксон.
7.1.7.2 7.1.7.3 -
ОЖЖ: жұлын және ми бөлімдері
2 сағатСопақша ми, артқы ми (ми көпірі, мишық), ортаңғы және аралық ми, үлкен ми сыңарлары: құрылысы мен қызметтері.
7.1.7.4 -
Рефлекстік доға
2 сағатРецептор, сезгіш нейрон, аралық нейрон, қозғалыс нейроны, жұмыс мүшесі. Зертханалық жұмыс: тізе рефлексі.
7.1.7.5 -
Мінез-құлықтың рефлекстік табиғаты
1 сағатШартсыз және шартты рефлекстер, шартты рефлекстердің сөнуі.
7.1.7.6 -
Ішкі мүшелердің жүйкелік реттелуі
2 сағатВегетативті жүйке жүйесінің қызметі.
7.1.7.7 -
Ұйқы, биологиялық ырғақ және психикалық денсаулық
1 сағатҰйқы кезеңдері (баяу және жылдам ұйқы), күн тәртібі, оқу және дене еңбегінің гигиенасы, күйзеліс және оның алдын алу.
7.1.7.8 7.1.7.9 -
Алкоголь, темекі және есірткінің жүйке жүйесіне әсері
1 сағат7.1.7.10 -
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1 сағат
4-тоқсан (16 сағат)
Тұқымқуалау мен өзгергіштік
-
Гендер мен ДНҚ-ның рөлі
2 сағатТұқым қуалайтын және жүре пайда болатын белгілер. Үздік және үздіксіз өзгергіштікке мысалдар. Хромосоманың құрылысы, ДНҚ — генетикалық ақпаратты сақтаушы және тасымалдаушы. Модельдеу: тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді ажырату.
7.2.4.1 7.2.4.2 7.2.4.3 7.2.4.4 -
Хромосомалар саны және жасушалар түрлері
1 сағатӘртүрлі түрлердегі хромосома саны. Соматикалық және жыныс жасушалары. Гаплоидты және диплоидты жиынтық.
7.2.2.1 7.2.2.2
Көбею, өсу және даму
-
Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі
1 сағат7.2.1.1 -
Өсімді жолмен (вегетативті) көбею
1 сағатТүрлері және биологиялық маңызы. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемше/көзше арқылы), көбею ұлпалары. Зертханалық жұмыс: вегетативті көбею тәсілдерін зерттеу.
7.2.1.2 -
Гүл құрылысы және тозаңдану. Қосарлы ұрықтану
2 сағатТозаңдану түрлері: өздігінен, айқас, жасанды. Ұрықтану, зигота түзілуі. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы.
7.2.1.3 7.2.1.4 -
Онтогенез: жеке даму кезеңдері. Өсімдіктің өсуі
1 сағатБөліну, өсу, көбею, қартаю. Сабақтың ұзарып және жуандап өсуі, камбийдің рөлі, жылдық сақиналар. Зертханалық жұмыс: жылдық сақиналарды санау.
7.2.3.1 7.2.3.2 -
Жануарлардағы онтогенез типтері
2 сағатТура және түрленіп даму. Бунақденелілердің шала және толық түрленіп дамуына мысалдар. Модельдеу: онтогенез типтерін салыстыру.
7.2.3.3 7.2.3.4
Микробиология және биотехнология
-
Бактериялардың әртүрлілігі және таралуы
1 сағатБактерия пішіндерінің әртүрлілігі. Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы түйнек бактериялары. Зертханалық жұмыс: пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру.
7.4.3.1 -
Бактерияларды пайдалану: йогурт пен ірімшік өндірісі
1 сағатТабиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы. Зертханалық жұмыс: өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу.
7.4.3.2 -
Патогендермен күрес және антибиотикке төзімділік
1 сағатАнтибиотиктерге тұрақтылық. Зертханалық жұмыс: антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру құралдарын қолдануды зерттеу.
7.4.3.3 -
Вирустар: жасушасыз тіршілік формасы
1 сағатВирустардың құрылыс ерекшеліктері және олардың жасушасыз құрылым иелері екендігі.
7.4.3.4 -
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1 сағат