Экожүйе түрлерін жіктеу

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы • Жаратылыстану • 5-сынып

Құрметті мұғалім!

Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Жинақ – мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі ретінде ұсынылады.

Жинақ ұсыным сипатында берілген: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар енгізуге, өзгертуге және бейімдеуге болады.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейненұсқаулықтарды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Кімдерге арналған

  • негізгі мектеп мұғалімдеріне;
  • әдіскерлерге;
  • критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне;
  • басқа да мүдделі тұлғаларға.

Дереккөздер мен пайдалану шарттары

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.

Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны

1-тоқсан

  • Бөлім: Ғылым әлемі 4
  • Бөлім: Ғалам. Жер. Адам 12

2–4-тоқсан

  • 2-тоқсан • Бөлім: Заттар және материалдар 27
  • 3-тоқсан • Бөлім: Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер 38
  • 4-тоқсан • Бөлім: Экология және тұрақты даму 59
  • 4-тоқсан • Бөлім: Әлемді өзгертетін жаңалықтар 69

1-тоқсан • Бөлім: Ғылым әлемі

Тақырып: Ғылымның рөлі

Оқу мақсаты: 5.1.1.1 — ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау.

Бағалау критерийі: білім алушы ғылымның атқаратын қызметтерін сипаттайды.

Ойлау дағдылары: білу және түсіну.

Тапсырма

Ғылымның қызметін адам іс-әрекетімен байланыстырып, сипаттама беріңіз.

Ғылымның қызметтері Сипаттама
Танымдық ...
Өндірістік-тәжірибелік ...
Болжам жасау ...

Дескриптор

  • ғылымның танымдық қызметін сипаттайды;
  • ғылымның өндірістік-тәжірибелік қызметін сипаттайды;
  • ғылымның болжам жасау қызметін сипаттайды;
  • ғылым қызметтерін адам іс-әрекетімен байланыстырады.

Тақырып: Зерттеу сұрағы

Оқу мақсаты: 5.1.2.1 — зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау.

Бағалау критерийі: білім алушы зерттеу сұрағын белгілеп, болжам жасайды.

Ойлау дағдылары: қолдану.

Тапсырма

  1. Берілген сурет бойынша қандай зерттеу жүргізуге болады?
  2. Зерттеу сұрағын анықтаңыз.
  3. Зерттеу сұрағы бойынша қандай болжам жасар едіңіз?

Дескриптор

  • суретке қарап, зерттеу саласын анықтайды;
  • зерттеу сұрағын жазады;
  • зерттеу сұрағына байланысты өз болжамын ұсынады.

Тақырып: Зерттеуді жоспарлау

Оқу мақсаты: 5.1.3.1 — зерттеу жоспарын құрастыру.

Бағалау критерийі: білім алушы ғылыми зерттеуді жоспарлайды.

Ойлау дағдылары: қолдану.

Тапсырма

Суреттерде күнбағыстың өсу кезеңдері бейнеленген (a, b, c).

  1. Суреттерді күнбағыстың өсу кезеңдері бойынша ретімен орналастырыңыз.
  2. Күнбағысты өсіруге арналған зерттеу жұмысының жоспарын құрастырыңыз.

Дескриптор

  • күнбағыстың өсу кезеңдерінің ретін анықтайды;
  • зерттеу сұрағын құрастырады;
  • зерттеу нәтижесіне болжам жасап, гипотеза ұсынады;
  • әдебиеттерге шолу жасап, мәліметтерді талдайды;
  • қорытынды жазады.

Тақырып: Қауіпсіздік техникасы

Оқу мақсаты: 5.1.3.2 — зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін тұжырымдау.

Бағалау критерийі: білім алушы зерттеу жүргізуге қатысты қауіпсіздік ережелерін атайды.

Ойлау дағдылары: білу және түсіну.

Тапсырма

  1. Сурет бойынша қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдаңыз.
  2. Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарын анықтаңыз.
Ереже Ережені сақтамаудың салдары
... ...
... ...

Дескриптор

  • суреттер бойынша қауіпсіздік ережелерін анықтайды;
  • ережелерді бұзудың салдарын сипаттайды.

Тақырып: Деректерді жинау және жазу

Оқу мақсаты: 5.1.4.1 — нысандардың параметрлерін өлшем бірліктерімен анықтау.

Бағалау критерийі: білім алушы параметрлерді, өлшем бірліктерін және өлшеу құралдарын атайды.

Ойлау дағдылары: білу және түсіну.

Тапсырма

Құралдардың атауын, қолданылуын және өлшем бірлігін жазыңыз.

Құрал Атауы Қолданылуы Өлшем бірлігі
Жылулық өлшеу құралы ... ... ...
Көлемді өлшеу құралы ... ... ...
Уақытты өлшеу құралы ... ... ...
Салмақты өлшеу құралы ... ... ...
Ұзындықты өлшеу құралы ... ... ...

Дескриптор

Білім алушы жылулық, көлем, уақыт, салмақ және ұзындық өлшеу құралдарының атауын, қолданылу аясын және өлшем бірлігін анықтайды.

Тақырып: Деректерді жинау және жазу (жұптық жұмыс)

Оқу мақсаты: 5.1.4.2 — бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу.

Бағалау критерийі: білім алушы бақылау және өлшеу деректерін жазып, жинақтайды.

Ойлау дағдылары: қолдану.

Тапсырма

Қажетті құралдарды пайдаланып, бақылау жүргізіңіз:

  1. Екі бірдей ыдыстағы толтырылған және толтырылмаған судың көлемін өлшеңіз. Кесте құрастырып, нәтижелерді енгізіңіз.
  2. Жылы және салқын судың температурасын өлшеңіз. Кесте құрастырып, нәтижелерді енгізіңіз.

Дескриптор

Білім алушы судың көлемі мен температурасын өлшейді, екі ыдыс бойынша мәндерді жазады және өлшем бірліктерін дұрыс белгілейді.

Тақырып: Деректерді талдау

Оқу мақсаты: 5.1.5.1 — қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептеу және тенденцияны анықтау.

Бағалау критерийі: білім алушы арифметикалық орташа шаманы табады.

Ойлау дағдылары: қолдану.

Тапсырма (топтық жұмыс)

  1. Топтағы әр оқушының бойын өлшеп, арифметикалық орташа шаманы есептеңіз.
  2. Бір ағаштан 10–15 жапырақ алып, ұзындығы мен енін өлшеңіз. Өлшеу нәтижелері неліктен әртүрлі болғанын түсіндіріңіз. Арифметикалық орташа шаманы табып, қорытынды жасаңыз.
Оқушының аты Өлшеу нәтижелері Арифметикалық орташа мән
... ... ...
... ... ...

Дескриптор

Білім алушы өлшеу нәтижелерін тіркейді, орташа мәнді есептейді, айырмашылық себептерін түсіндіреді және жүйелі қорытынды жасайды.

Тақырып: Қорытынды және талқылау

Оқу мақсаты: 5.1.6.1 — зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау.

Бағалау критерийі: білім алушы зерттеу бойынша алынған ақпараттарға сүйене отырып, қорытынды шығарады.

Ойлау дағдылары: жоғары деңгей дағдылары.

Тапсырма (зертханалық жұмыс)

Зертханалық тәжірибе №1. Берілген заттар: тас, қарындаш, бор, пластмассадан жасалған ойыншық, шыны, мата, тиын, темір бұранда (гайка). Тәжірибе жүргізіп, қай заттардың магнитке тартылатынын анықтаңыз.

Зертханалық тәжірибе №2. Екі магниттің бірдей полюстерін бір-біріне жақындатыңыз. Нені байқадыңыз?

Нәтижелерді кестеге түсіріңіз.

Тәжірибе Қолданылған материалдар Зерттеу сұрағы Қорытынды
№1 ... ... ...
№2 ... ... ...

Дескриптор

Білім алушы әр тәжірибеге қолданылған материалдарды көрсетеді, зерттеу сұрағын айқындайды және қорытынды тұжырымдайды.

1-тоқсан • Бөлім: Ғалам. Жер. Адам

Тақырып: Макро- және микроәлем

Оқу мақсаты: 5.2.1.1 — макро- және микроәлем нысандарын ажырату және мысал келтіру.

Бағалау критерийі: білім алушы макро- және микроәлем нысандарын салыстырады.

Ойлау дағдылары: қолдану.

Тапсырма

1) Тұжырымдарды мұқият оқып, «иә» немесе «жоқ» деп белгілеңіз.

Тұжырым Иә Жоқ
Макроәлем адам өлшемдерімен салыстыруға болатын нысандардан тұрады.
«Микро» сөзі «кішкентай» деген мағынаны білдіреді.
Атом, молекула және қарапайым бөлшектер макроәлемге жатады.
Адам, жануар, өсімдік, ғимарат, көлік, жиһаз микроәлемге жатады.

2) Нысандардың қандай әлемге жататынын анықтап, сәйкес бағанға орналастырыңыз.

Дескриптор

Білім алушы дұрыс және бұрыс тұжырымдарды ажыратады, микроәлем мен макроәлем нысандарын анықтайды.

Тақырып: Жер туралы жалпы мағлұматтар

Оқу мақсаты: 5.2.2.1 — Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру.

Бағалау критерийі: білім алушы Жердің пайда болуы туралы болжамдарды атайды.

Ойлау дағдылары: қолдану.

Тапсырма

Жердің пайда болуы туралы болжамдарды берілген ғалымдардың атымен сәйкестендіріңіз: И. Кант, С. Лаплас, О. Ю. Шмитд, В. Г. Фесенков.

Болжамдар (қысқаша мазмұны)

  • A. Әлем өте ұсақ бөлшектерден тұратын алғашқы материядан құралған; тартылыс күші әсерінен бөлшектер бірігіп ірі денелерді түзеді.
  • B. Ыстық газ-тозаң тұмандықтары орталық денені айнала қозғалып, біртіндеп тығыздалып әртүрлі денелерге жіктеледі; орталық бөлікте ядролық дене қалыптасады.
  • C. Күн және Күн жүйесінің планеталары ортақ алғашқы газ-тозаңды материяның қоюланып, тығыздалуы нәтижесінде пайда болады.
  • D. Планеталар жүйесі суық газ-тозаң тұмандықтары мен метеориттік заттардың Күнге қарай тартылуы және галактиканы айналу барысындағы үдерістер арқылы түзіледі.

Дескриптор

Білім алушы әр ғалымның Жердің пайда болуы туралы болжамын дұрыс сәйкестендіреді.

Тақырып: Жердің құрылысы мен құрамы

Оқу мақсаты: 5.2.2.2 — Жердің құрылысы мен құрамын атау.

Бағалау критерийі: білім алушы Жер шарының ішкі құрылысы мен құрамын анықтайды.

Ойлау дағдылары: білу және түсіну.

Тапсырмалар

  1. Төмендегі сөздерді қолданып, мәтіндегі көп нүктенің орнына жазыңыз: мантия, ішкі ядро, Жер қыртысы, сыртқы ядро.
  2. Кестені толтырыңыз: мантияның құрамы, ядроның құрамы, Жер қыртысының құрамы.

Дескриптор

Білім алушы Жердің қабаттарын (қыртыс, мантия, ядро) дұрыс анықтайды және әр қабаттың құрамын сипаттайды.

Тақырып: Жер қабықтары

Оқу мақсаты: 5.2.3.1 — Жер қабықтарын және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау.

Бағалау критерийлері: білім алушы Жер қабықтарын атайды; құрамдас бөліктерін анықтап, сипаттайды.

Ойлау дағдылары: қолдану.

Тапсырмалар

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз:
    • a) ________ — Жердің ауа қабығы;
    • b) ________ — Жердің су қабығы;
    • c) ________ — Жердің тіршілік қабаты;
    • d) ________ — Жердің сыртқы қатты қабаты.
  2. Жер қабықтарының құрамдас бөліктерін атап, қысқаша сипаттаңыз:
    • Биосфера: ________
    • Атмосфера: ________
    • Гидросфера: ________
    • Литосфера: ________

Дескриптор

Білім алушы атмосфера, гидросфера, биосфера және литосфераны дұрыс атайды, әр қабықтың құрамдас бөліктерін сипаттайды.

Тақырып: Тіршіліктің пайда болуы және тіршілік етуге қажетті жағдайлар

Оқу мақсаттары: 5.2.4.1 — Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау; 5.2.4.2 — тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау.

Бағалау критерийлері: білім алушы тіршіліктің пайда болу теорияларын анықтайды; тіршілік ету үшін қажетті жағдайларды түсіндіреді.

Тапсырма (теория)

  1. «Жердегі тіршілік» ұғымы нені білдіреді?
  2. Тіршіліктің пайда болу теорияларын сипаттаңыз (абиогенез және биогенез): сипаттамасы және негізін салушылар.

Дескриптор: ұғымды ашады, теорияларды салыстырады, негізін салушыларын анықтайды.

Тапсырма (жағдай)

Суретте өсімдік жылдың әртүрлі мезгілінде көрсетілген (жаз, күз, қыс). Өсімдіктің өсуі мен дамуы және тіршілік етуі үшін қажетті жағдайларды сипаттаңыз.

Дескриптор: мезгілдердегі жағдайларды және өзгерістерді сипаттайды, өсімдік тіршілігіне қажетті факторлар бойынша тұжырым жасайды.

Тақырып: Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Оқу мақсаттары: 5.2.5.1 — план және шартты белгілер ұғымдарын түсіндіру; 5.2.5.2 — шартты белгілерді қолданып, жоспарды оқу; 5.2.5.3 — жергілікті жердің түсірілімін жасау; 5.2.5.4 — қарапайым жоспар сызу.

Негізгі тапсырмалар

  • План және шартты белгілер туралы сұрақтарға жауап беру; мәтінге сәйкес шартты белгілерді қою.
  • Жергілікті жер жоспары бойынша шартты белгілердің санын анықтау және атауларын жазу.
  • Көз мөлшерімен, полярлық немесе бағдарлық түсіру тәсілдерінің бірін қолдана отырып түсірілім жасау.
  • Планшетті бағдарлау, азимутты анықтау, масштаб таңдау және нысандарды шартты белгілермен рәсімдеу арқылы қарапайым жоспар сызу.

Нақтылау: азимут

Азимут — солтүстік бағыт пен белгілі бір нысанға бағытталған сызық арасындағы 0° пен 360° аралығындағы бұрыш.

Тақырып: Материктер мен мұхиттар

Оқу мақсаттары: 5.2.6.1 — материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау; 5.2.6.2 — мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау.

Материктер

  1. Картадағы сандарға сәйкес дүние бөліктерінің атауларын жазыңыз (1–7).
  2. Кестеге материктің атауын, географиялық орнын, зерттеушілерін және байырғы халықтары туралы ақпаратты енгізіңіз (топтық жұмыс).

Мұхиттар

  1. Сипаттамасы бойынша мұхиттардың атауларын анықтаңыз (ең үлкен/ең терең; ең ұзын; оңтүстік жарты шарда басым; ең кішкентай).
  2. Картаны пайдаланып мұхиттарды сипаттаңыз: географиялық орны, ауданы, зерттеушілер, аралдар мен архипелагтар, шекаралас материктер мен бұғаздар (топтық жұмыс).

Тақырып: Халық географиясы

Оқу мақсаты: 5.2.7.1 — дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау.

Бағалау критерийі: білім алушы нәсілдік құрамды және таралу аймақтарын анықтайды.

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, кестені толтырыңыз.

Адам Антарктидадан басқа барлық материктер мен аралдарда қоныстанған.

Еуропоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі ақшыл, мұрны қырлы, шашы толқынды немесе тік, ерні жұқа болып келеді. Олар Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Аустралияда, сондай-ақ Азияның кейбір аймақтарында таралған.

Монғолоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі сарғыш, шашы қалың әрі қатты, көздері қысыңқы, жақ сүйегі шығыңқы болады. Олар Азияның көп бөлігінде және Американың кей аймақтарында таралған.

Негроидтық нәсіл өкілдерінің терісі қара, шашы бұйра, мұрны жалпақ болып келеді. (Мәтін үзіндісі берілген нұсқада аяқталмаған.)

Нәсіл Негізгі белгілері Таралу аймақтары
Еуропоидтық ... ...
Монғолоидтық ... ...
Негроидтық ... ...