Механика - математика факультеті
Жақсы сөз — жанның жылуы
Бір-бірімізге жылы қабақ танытып, жақсы сөз арнаудың өзі қандай ғанибет. Алайда қарыштап дамыған өркениетке ілесеміз деп, осы бір асыл қасиетімізден айырылып бара жатқандаймыз. Бәріміз асығыспыз. Тіпті ең жақын адамдарымызбен араласуға да уақыт таппай қаламыз. Сонда қайда асығамыз?
Халық айтқан сөз — өмірлік өлшем
-
«Жақсының жақсылығын айт — нұры тасысын»
-
«Жақсы сөз — жарым ырыс»
Жақсы сөздің әсері — тұнып тұрған психология
Жақсы сөз естігенде көңілдің көтеріліп қалғанын өзің де байқамай қаласың. Бұл — тұнып тұрған психология. Жаз жайлау, қыс қыстау мал соңында жүріп, психология оқымаған қазақ мұның бәрін қайдан білді? Сірә, халық даналығы дегеніміз — осы.
Тәрбие — тоқтамайтын үрдіс
Мектеп қабырғасында оқып жүргенде дәліздерде ілулі тұрған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерге көзіміз түсіп, біріміз ойланбасақ та, біріміз ойға қалатын едік. «Тәрбие — тал бесіктен» дейміз. Бірақ бұл «өскен соң тәрбиені тоқтатуға болады» деген сөз емес қой.
Университет кеңістігіндегі сөз мәдениеті
ҚазҰУ-дың механика-математика факультетіне келгеннен бері, сол тәрбиелік ықпалды айқын сезіне алмадым. Иә, ұлы адамдардың портреттері ілулі тұр — ол да тәрбие. Дегенмен тәрбие көптік етпейді.
Ұсыныс
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: біздің факультетте және өзге факультеттерде де, егер әлі жоқ болса, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер ілініп тұрса екен.
Тәрбиелік мәні
Күнделікті көрінетін бір ауыз нақыл — ойды түзеп, сөзді жұмсартады, ниетті жаңартады.
Ұлттық ажар
Қазақы дәстүр мен сөз мәдениеті университетіміздің келбетін де көркейте түсер еді.
«Көрген көзде жазық жоқ, естіген құлаққа алтын сырға» — айтылған ой да, естілген сөз де адамды бір сәтке болса да тоқтатып, өзіне қаратады.
Бекболат Б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Механика-математика факультеті
baian-gt@mail