Тәтті ауыз дегендегі тәтті сын есімінін, мағынасы - контекстік

Тілдің стильдік мүмкіндігі және ауыс мағына

Тілдің стильдік мүмкіндігі жалпы халық шаруашылығының, қала мен ауылдың өсу-өркендеу қарқынына, халықтың заттық және рухани мәдениетінің даму дәрежесіне сәйкес бірте-бірте жетіле түседі, кеңейіп отырады. Сөздің түрлі ауыс мағыналары да дәл осы үдерісте қалыптасады: олар белгілі бір стильдік қажетке байланысты сөздің негізгі (тура) мағынасынан өрбиді.

Ауыс мағына екі түрлі болады: біріншісі — жалпы халықтық стильде орныққан ауыс мағына; екіншісі — оған қарама-қарсы, яғни белгілі бір автордың сөз қолдануында бір-ақ рет немесе өте сирек кездесетін ауыс мағына. Соңғысы әдетте контекстік ауыс мағына деп аталады.

Мысалдар арқылы мағыналардың көрінісі

«Күйме алыстап барып, сар көделі белден аса берді.»
М. Әуезов
«Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел — өзің едің.»
М. Әуезов
«Қазір бетпақ даланың ойы мен қыры көкпеңбек бояқтай.»
Ә. Көшімов
«Қыр жолаушысы сияқты сәнқаптамасы бар.»
М. Әуезов
«Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма… тәтті ауыздан дәм кетпей.»
Абай

«Бел», «қыр», «тәтті» сөздерінің мағыналық ауысуы

Осы үзінділердегі бел, қыр, тәтті сөздері өздерінің тура мағынасында да, ауыс мәнде де жұмсалған. Әсіресе бел сөзінің қолданылуы назар аударарлық.

Тура мағына

«Сар көделі белден аса берді» сөйлеміндегі бел нақтылы, тіке мағынада — жер бедерінің атауы ретінде берілген.

Жалпы халықтық ауыс мағына

«Қай белдің астында жүрсем де…» тіркесіндегі бел — «қай жерде жүрсем де» дегенді аңғартады, яғни кеңістікті тұспалдап жеткізеді.

Ауыс мағына (тірек ұғымы)

«Бір бел — өзің едің» сөйлеміндегі белтірек, сүйеніш мәнінде алынған.

Қыр сөзі де осыған ұқсас: бірде тура мәнде, бірде ауыс мағынада жұмсалады. Ал «тәтті ауыз» тіркесіндегі тәттіконтекстік мағына. Бұл қолданыс көркем әдебиет пен публицистикалық стильдерде ғана (онда да өте сирек) ұшырасады.

Ауыс мағынаның жасалу жолдары

Жалпы халықтық (сондай-ақ контекстік те) ауыс мағына үш түрлі жолмен жасалады:

  • 1
    Метафоралық

    Ұқсастыққа негізделген ауыстыру арқылы жасалады.

  • 2
    Метонимиялық

    Іргелестік, себеп-салдар, кеңістік-уақыт жақындығына сүйенеді.

  • 3
    Синекдохалық

    Бүтін мен бөлшек қатынасы арқылы мағына ауысады.