Шаңырақ - Күн шеңбері

Ермекбай Айгерім, 5-сынып

№176 мектеп-гимназия

Мемлекеттік рәміздер туралы

Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілер. Олар белгілі бір мағына беретін, өзара үйлесімде орналастырылған жанды және жансыз нысандардың бейнелерінен құралады. Тәуелсіздік нышаны ретінде мемлекеттік рәміздер ерекше қадірленіп, оларға жоғары мәртебе беріледі.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу — азаматтардың тәуелсіздікті құрметтеуін нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Тарихи негізі

Мемлекеттік рәміздердің бастауы көне дәуірлерден көрінеді: ру-тайпаны қорғаушы деп есептелген аң-құс бейнелері, ру мен қауымның мал-мүлкіне салынған таңбалар соның дәлелі. Қазақ халқында әр рудың өзіне тән таңбасы болған, ол көбіне малға, мүлікке белгі ретінде түсірілген.

Тәуелсіздік кезеңіндегі рәміздер

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы мен Туы — елдің негізгі мемлекеттік рәміздерінің қатарында.

Мемлекеттік Елтаңба

Рәміздік тұрғыдан мемлекеттік Елтаңбаның негізі — шаңырақ. Ол — Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ отбасының, бірліктің және ортақ үйдің бейнесін білдіреді. Сонымен қатар ол Күн шеңберін еске түсіреді.

Мемлекеттік Ту

Мемлекеттік Ту — көгілдір түсті, тікбұрышты мата. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген тік жолақ орналасады.

Оқыту және түсіндірудің маңызы

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру және олардың мәні мен маңызын түсіндіру үшін білім беру үдерісінде жүйелі түрде оқыту маңызды. Бұл жұмыс жалпы білім беретін мектептерде, сондай-ақ кәсіптік білім берудің бастапқы деңгейлерінде де жалғасуы тиіс.

Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы