Рахимжанова Айниса

Рахимжанова Айниса, 7-сынып • №1 емдеу шипажайы

Жетекшісі: Садырбекова К.Б.

Менің туып-өскен жерім — егеменді Қазақстан

Қазақстан — қазынасы мол, байлығы көп ел. Еліміздің табиғаты ерекше көркем: биік-биік асқар таулар, мөп-мөлдір көлдер, сан алуан өсімдіктер, емдік қасиеті бар шөптер өседі.

Қазақстан жерінде аң-құс пен түрлі жануарлар тіршілік етеді. Осы қасиетті топырақта ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз дүниеге келіп, өсіп-өнген.

Атамекенді ардақтау — терең сезім

Халқымызда атамекенді құрметтеу сезімі өте терең. Қандай қиын кезеңдер өтсе де, ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғап, жерін аман сақтай білді. Олар өз елі үшін жанын да, барын да аямаған.

Бұл қасиет біздің бойымызға ана сүтімен сіңіп, ана тілімен даруы, адал еңбегімен бекінуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

Туған жердің орны

Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Дәл осы мекен оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Сондықтан балалық шақтан-ақ адамның жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік оянады.

Әрқайсымыз үшін Отан — ошақ басынан басталады: ата-анам, туған-туысым, туған жерім, туған көшем, туған қалам. Мен үшін — туған кентім, мектебім, достарым, халқым.

Мен өз еліммен мақтанамын және оның нағыз азаматы боламын!

Санат

KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы