Жеті жұмбақ

Өту барысы

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Сіздерді «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуалды сайысымызды тамашалауға шақырамыз. Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлеміне саяхат жасап, оның қаншалықты қызықты әрі сан қырлы екенін бірге көреміз.

Әділ әрі нақты бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысамыз.

1-жүргізуші

Жиналғанның бәрі — дарындылар: жүректе от, көздерінде жалын бар. Білімді оқушыларды қол соғып қарсы алайық!

2-жүргізуші

Сайыс жоспарын еске саламыз: ІІ турдан кейін ұпайы төмен екі оқушы ойыннан шығарылады.

Сайысқа 6-сыныптың 6 оқушысы қатысады. Қатысушылар таныстырылып, ойын басталады.

І тур — «Бәйге»

15 сұрақ әр дұрыс жауап: 10 ұпай

Бұл турда қатысушыларға қысқа әрі нақты жауап беруді қажет ететін сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап — жылдамдық пен білімнің үйлесімі.

Сұрақтар мен жауаптар
  1. Үшбұрыштың периметрі — барлық қабырғаларының қосындысы.
  2. Әріпті өрнек — құрамында әрпі бар өрнек.
  3. Жақша алдында «+» таңбасы тұрса, жақша ашылғанда ішіндегі қосылғыштардың таңбалары өзгермейді.
  4. Жай сан — 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сан.
  5. Перпендикуляр түзулер — тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер.
  6. Алгебралық өрнек — әріптер, сандар, амал таңбалары және жақшалардан тұратын өрнек.
  7. Қарама-қарсы сандар — тек таңбасымен ғана айырылатын сандар.
  8. Ені 4 см, ұзындығы 5 см-ге ұзын тік төртбұрыштың ауданы: 36 см².
  9. Тік төртбұрыштың ауданы — ені мен ұзындығының көбейтіндісі.
  10. Радиусы 6 см шеңбердің диаметрі: 12 см.
  11. Қосудың нәтижесі — қосынды.
  12. Ең үлкен екі таңбалы сан — 99.
  13. Ең кіші тақ сан — 1.
  14. 2 м мен 201 см-дің үлкені — 201 см.
  15. 10 қолда саусақ саны: 50.

І тур аяқталған соң, ұпайларды жариялау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

ІІ тур — «Жеті жұмбақ»

7 есеп әр дұрыс жауап: 20 ұпай

Бұл бөлімде есептер мен логикалық сұрақтар беріледі. ІІ турдан кейін ұпайы ең аз екі ойыншы ойыннан шығады.

  1. Үш ат 1 сағатта 27 км жүрсе, сол уақытта бір ат та 27 км жүреді.
  2. «Екі қарға» жұмбағы: олар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, бірін-бірі көреді.
  3. Қара ағашта 5 алма — дұрыс емес шарт: қара ағашта алма өспейді.
  4. Бес аю, бір арыстан, екі қой, үш түлкі: барлығы 11.
  5. Үстелде 5 стақан сүт болды. Бір стакан ішіліп, стақан қайта қойылды: үстелде 5 стақан қалады.
  6. Үш түйеқұс «ұшып келе жатты» — шарт қате: түйеқұс ұшпайды.
  7. Түйе, бота; бес ешкі; қос лақты қос ешкі; екі қозылы екі қой: барлығы 15.

Әзіл үзілісі

Анасы баласына: «Балам, неге пианино ойнамай кеттің? Бір әуен ойнап берші, саған балмұздақ алып беремін». Бала: «Әкем пианиноны мүлде қойсаң, велосипед алып берем деген».

ІІІ тур — «Дода»

3 нұсқалы жауап әр дұрыс жауап: 20 ұпай

Бұл кезеңде жауаптар үш нұсқамен беріледі. Дәлдік пен зейін шешуші рөл атқарады.

1) Координаталық түзуді кім енгізді?

  • A) Ньютон
  • B) Декарт
  • C) Галуа

2) Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы:

  • A) Жәутіков
  • B) Декарт
  • C) Галуа

3) «Миллион» сөзін қазақ арасына жеткізген ағартушы:

  • A) А. Құнанбаев
  • B) Ш. Уалиханов
  • C) Ы. Алтынсарин

4) 5-сынып және 6-сынып математика оқулықтарының авторы:

  • A) Ыбан
  • B) Алдамұратова
  • C) Макарычев

5) Пропорцияның қазіргіше жазылуын 1693 жылы қай математик енгізген?

  • A) Лейбниц
  • B) Галуа
  • C) Кантор

ІІІ тур аяқталған соң ұпайлар сарапталып, ұпайы төмен қатысушылар ойыннан шығарылады.

ІV тур — «Жорға»

жылдам сұрақ-жауап әр дұрыс жауап: 10 ұпай
  1. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар — қарама-қарсы сандар.
  2. 0-ден үлкен сандар — оң сандар.
  3. Оң сандардың қосындысы — оң сан.
  4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы — 0.
  5. Нәрселерді санауға қолданылатын сандар — натурал сандар.
  6. Ең кіші жай сан — 2.
  7. Бұрышты өлшейтін құрал — транспортир.
  8. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі — оң сан.
  9. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі — 180°.
  10. Екі қатынастың теңдігі — пропорция.
  11. 5-ке қарама-қарсы сан — -5.
  12. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек — бұрыс бөлшек.
  13. 14 — жұп сан.
  14. Шешімдері бірдей теңдеулер — мәндес теңдеулер.
  15. Кері сандардың көбейтіндісі — 1.

Әзіл үзілісі

Оқушылар «Егер мен бастық болсам...» тақырыбына шығарма жазып отыр. Мұғалім: «Мұсабаев, сен неге жазбай отырсың?» Оқушы: «Хатшы қызды күтіп отырмын...»

Қорытынды

Әділқазылар ұпайларды сараптап, жеңімпазды анықтайды. Жеңген оқушы марапатталады.

2-жүргізуші: Бүгінгі «Озық ойлы оқушы» интеллектуалды сайысымыз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге рақмет! Сау болыңыздар!