Жеңіс келді алақай
Тәрбие сағатының мақсаты
9 мамыр — Жеңіс күніне арналған тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адалдық пен батылдыққа тәрбиелеу. Сонымен бірге өзін-өзі басқаруға, еркін ой айтуға және ашық сөйлеуге мүмкіндік беру.
Ашылу сөзі
Бастаушы
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Ұлы Жеңіс» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Мұғалім
Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,
Соқ, солқылдат барабанды.
Жылда есіңе ал шабытпен,
Жеңіс үшін аққан қанды.
Ту ұстап, баян тартып, барабан соққан оқушылар сахнаға шығады.
Ту ұстаған оқушы
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.
Жеңіске апарған жол: естелік пен тағзым
Оқушы
Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарғая күтті. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңай келген жоқ.
Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған асыл азамат мерт болды. Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Қан майданда қаза тапқан ерлердің рухына, бүгін ортамызда асқар таудай болып жүрген ата-апаларымызға басымызды иіп, тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.
Өлең жолдары
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным, басымды иіп бір минут,
Есіне алам сол бір ауыр қайғыны.
Соғыстың басталуы
Мұғалім
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Оқушы
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Ұран
Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!
Оқушы
Отаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлттай төнген күнде.
Ерлік есімі — ел есінде
Оқушы
Көп қой батыр ағалар, халық сүйіп бағалар. Көп қой батыр ағалар — жаттап алғын, балалар. Болашақты бізге мирас етем деп, қыршын кетті Әлия мен Мәншүк апалар.
Оқушы
Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
Мұғалім
Фашизмнің ордасы — Рейхстагқа қазақ жігіті, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл туды тікті.
Оқушы
Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ, тізеден кесіп аяғын!
Құттықтау
Бүгінгі ұрпақ — бақытты ұрпақ атынан Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Жеңіс туралы жыр
Оқушы
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді, алақай,
Тоя жейтін нан болып.
Оқушы
Жеңіс, жеңіс! Бабамыздың
Қызыл қаны төгілген.
Кеше туған және біздің
Бағымыз боп көрінген.
Оқушы
Жеңіс, жеңіс! Мектебіміз
Ашқан бізге есігін.
Ұмытылмас өткеніміз —
Батырлардың есімі.
Оқушы
Қия шыңға өрмелеңдер, болашаққа батыл бар!
Жеңіс деген — өрен ерлер, мәңгі өлмейтін батырлар.
Оқушы
Әсем әндей, қоңыр күйдей, жылдан-жылға жаңғырып,
Жаса, Жеңіс — ел ерлігі, сен жасай бер мәңгілік!
Бейбіт көктемнің жылдары
Оқушылар
65 жыл — бейбіт көктем таң атқаны,
65 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Есімде содан бері алпыс бес рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Оқушы
Барша халық Жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Тыныштыққа үндеу
Оқушы
Ау, адамдар — даналар!
Соғысқа қарсы балалар!
Өркендей берсін қалалар!
Гүлдене берсін далалар!
Тыныштық керек — ол үшін.
Оқушы
Өркендесін туған жер,
Өркендесін туған ел.
Шайқалмасын асқар бел,
Шайқалсын шалқар көл!
Оқушы
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Ардагерлерге тағзым
Оқушы
Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қаны қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына, ардагер апаларымызға басымызды иеміз!
Оқушы
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Самал ескен даласын қорғады,
Пәк жүзді арай баласын қорғады.
Айтыс: арман мен жауапкершілік
1-оқушы
Айтып қойшы, қарағым,
Қандай болып жүр сабағың?
Жайын біліп қояйын,
Сендей сері баланың.
2-оқушы
Сөзін тыңда, қарағым,
Мен секілді баланың:
Сабақтан мен алдамын,
Өнерден де қалмадым.
Бүгінгі жеңіс тойында,
Шырқатып ән саламын.
1-оқушы
Таудай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Ертең өсіп толамын,
Мен дәрігер боламын.
2-оқушы
Ал мен 21 ғасырдың Президенті боламын!
Халық қамын ойлайтын
Мен азамат боламын.
Екеуі бірігіп
Қарамаңыз кішкентай бойымызға,
Биіктейді жыл сайын ойымыз да.
Біліммен де достасып, еңбекпен де,
Ел алғысын алармыз ержеткенде.
Шығармашылық нөмірлер
Ән-шашу
Қыз балалар ұлдарға арнап ән-шашу орындайды.
«Айгөлек» биі
Орындайды: Балапанова Бану, Абдуали Дария.
Өзбек биі
Орындайды: Сейсенбаева Диана.
Спорттық өнер көрсету
Орындайды: Абдуали Дария.