Айт сын

Қостанай облысы, «Боровской санаторлық мектеп-интернаты»

Бегайдарова Гүлжихан Серікбайқызы

Қазақ тілінің ережелері (1–11-сыныптарға арналған қысқаша жинақ)

Фонетика

Фонетика — тіл білімінің дыбыстық жүйені зерттейтін саласы. Мұнда дыбыстар, екпін, буын және үндестік заңы қарастырылады.

Әріп пен дыбыс

  • 42 әріп, 37 дыбыс.
  • Екі белгі: ъ — айыру белгісі, ь — жіңішкелік белгісі.
  • Қазақ тіліне тән 10 әріп: ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ, ы.

Дыбыстардың түрлері

  • Дауысты дыбыстар — 12.
  • Дауыссыз дыбыстар — 25.

Екпін

Қазақ тілінде екпін, әдетте, сөздің соңғы буынына түседі.

Дауысты дыбыстар (12)

а, ә, о, ө, е, э, ү, ұ, у, ы, и, і

Еріндік / Езулік

  • Еріндік (5): ү, ұ, у, о, ө
  • Езулік (7): а, ә, е, ы, і, и, э

Ашық / Қысаң

  • Ашық (6): а, ә, о, ө, е, э
  • Қысаң (6): ү, ұ, у, ы, и, і

Жуан / Жіңішке

  • Жуан: а, о, ұ, ы, у
  • Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э

Ескерту: у дыбысы тілдік ортаға қарай жуан да, жіңішке де қолданыла алады.

Дауыссыз дыбыстар (25)

б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ

Қатаң / Ұяң / Үнді

  • Қатаң (11): к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ш, щ, ц
  • Ұяң (8): б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
  • Үнді (7): л, м, н, ң, р, й, у

Ескерту: у дыбысы кей сөздерде үнді ретінде (мыс., уақыт), кейде дыбыстық тіркес құрамында (тау) көрінуі мүмкін.

Буын және тасымал

Ашық буын

а-на, қа-ла

Тұйық буын

ат, ақ, ән, ет

Бітеу буын

нан, тіл, қыс

Тасымал — сөзді жол аяғында буынға бөліп көшіру ережесі.

Үндестік заңы (сингармонизм)

Үндестік заңы — сөз ішіндегі дыбыстардың бір-біріне үйлесіп айтылуы. Негізгі түрлері:

  • Буын үндестігі: жуан+жуан+жуан; жіңішке+жіңішке+жіңішке
  • Дыбыс үндестігі: дыбыстардың ықпал арқылы өзгеруі

Үндестікке бағынбайтын қосымшалар

  • Көмектес септік жалғаулары: мен, пен, бен
  • Тұрақты қосымшалар: -нікі, -дікі, -тікі; -еке, -тай, -жан, -сымақ (мыс.: әкетай, көкежан)
  • Шет тілінен енген қосымшалар: -паз, -қор, -ғой, -кер/-гер, -кеш, -хана, -күнем, -дар, -ист, -изм, -бан, -тал, -уар, -ов/-ев (мыс.: әсемпаз, еңбекқор, Әуезов)

Ілгерінді ықпал

Түбірдің соңғы дыбысы қосымша дыбысына әсер етеді.

  • Қатаңға бейімделу: дос+қа, терек+тер
  • Ұяң/үндіге бейімделу: қаз+дар, бала+лық, көл+ге
  • Ш + С: қаш+са → қашша; іш+сің → ішшің
  • ...т + б... айт+бай → айтпай; көп бала → көп пала
  • ...а + қ/к... қара+көз → қарағөз; талды+қорған → талдығорған

Кейінді ықпал

Қосымша (не келесі сөз) түбірдің соңғы дыбысына әсер етеді.

  • Қ/К/П ұяңдануы: жүрек+і → жүрегі; қасық+ы → қасығы; мектеп+ім → мектебім
  • П → У (көсемше -ып/-іп): тап+ып → тауып; кеп+іп → кеуіп
  • Н → М (б/п/м алдында): он бес → ом бес; келген+мін → келгемін
  • Н → Ң (қ/к/ғ/г алдында): сән+қой → сәңқой; тон+ға → тоңға
  • З → С (с алдында): жаз+са → жасса; күз сайын → күс сайын

Тоғыспалы ықпал

Дыбыстардың екі жақтан (ілгерінді және кейінді) қатар ықпалдасуы.

  • С + Ж → ШШ: Досжан → Дошшан; тас жол → ташшол
  • Н + К → Ң + Г: Есен келді → Есеңгелді
  • Н + Қ → Ң + Ғ: Жанқожа → Жанғожа

Лексикология

Лексикология — тіл білімінің сөздік құрамды зерттейтін саласы. Ол тілдегі сөз байлығын, сөздің лексикалық мағынасын (тура және ауыспалы мағына, көп мағыналылық), сондай-ақ синоним, омоним, антонимдерді, сөздердің шығу тегі мен қолданысын (диалект, кәсіби сөздер, неологизмдер, кірме сөздер, архаизмдер) қарастырады.

Омонимдер

Жазылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер.

ақ
1) ақ (түсі) 2) ақ (сүт тағамдары)
жаз
1) жаз (мезгіл) 2) жаз (жазу)
ат
1) ат (есім) 2) ат (ат — бұйрық рай: «ат!») 3) ат (жылқы)
ай
1) ай (ай атауы) 2) ай (аспан денесі)
жаға
1) жаға (өзен-көл жағасы) 2) жаға (киімнің жағасы)

Синонимдер

Мағыналары жақын немесе бірдей сөздер.

  • оқушы: оқушы, шәкірт
  • мұғалім: мұғалім, ұстаз, оқытушы
  • адам: кісі, адам
  • сұлу: сұлу, әдемі, көрікті, әсем, көркем, ажарлы
  • үлкен: үлкен, дәу
  • білімді: оқымысты, білімді, сауатты, зиялы
  • жазылу: жазылу, сауығу, айығу
  • құрметті: құрметті, ардақты, қадірлі, қымбатты

Антонимдер

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

  • биік — аласа
  • үлкен — кішкентай
  • ыстық — суық
  • өмір — өлім
  • ауыр — жеңіл
  • алыс — жақын
  • жақсы — жаман
  • арзан — қымбат
  • ескі — жаңа

Сөздердің қабаттары

  • Диалект сөздер: жергілікті тіл ерекшеліктері.
  • Кәсіптік сөздер: белгілі бір кәсіпке тән атаулар.
  • Неологизмдер: жаңа сөздер.
  • Кірме сөздер: басқа тілден енген сөздер.
  • Архаизмдер: көнерген сөздер.

Сөздіктердің түрлері

  • Фразеологиялық сөздік
  • Қазақша–орысша сөздік
  • Орысша–қазақша сөздік
  • Лингвистикалық сөздік
  • Энциклопедиялық сөздік
  • Түсіндірме сөздік

Морфология

Морфология — сөз таптарын және сөз құрамын зерттейтін тіл білімінің саласы. Мұнда дара және күрделі сөздер, сөз таптары, қосымшалар қарастырылады.

Қазақ тіліндегі 9 сөз табы

  1. 1. Зат есім
  2. 2. Сын есім
  3. 3. Сан есім
  4. 4. Есімдік
  5. 5. Етістік
  6. 6. Үстеу
  7. 7. Шылау
  8. 8. Одағай
  9. 9. Еліктеу сөздер

Дара және күрделі сөздер

Дара сөздер

  • Түбір сөз: бас, ел, қазы
  • Туынды сөз: тәрбие+ші, бас+тық

Күрделі сөздер

  • Қос сөз: ата-ана, әп-әдемі, қайта-қайта
  • Біріккен сөз: қырық+аяқ → қырықаяқ
  • Қысқарған сөз: МАБ, ПОМ

Жалғаулар (4 түрі)

  • Көптік
  • Тәуелдік
  • Жіктік
  • Септік

Жалғаулардың орналасу тәртібі

Сөз + көптік + тәуелдік + септік: бала+лар+ым+ның

Сөз + тәуелдік + септік: бала+м+ның

Сөз + жіктік + көптік: бала+сың+дар

Көптік жалғау

  • Дауысты, р, й, у: -лар, -лер
  • м, н, ң, л, з, ж: -дар, -дер
  • қатаң, б, в, г, д: -тар, -тер

Жіктік жалғау (қысқаша)

1-жақ жекеше: -мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін

2-жақ жекеше: -сың/-сің

2-жақ сыпайы: -сыз/-сіз

3-жақ: жалғау жалғанбайды

1-жақ көпше: -мыз/-міз, -быз/-біз, -пыз/-піз

2-жақ көпше: -сыңдар/-сіңдер

2-жақ сыпайы көпше: -сыздар/-сіздер

Жіктік жалғау сөйлемдегі соңғы сөзге жалғанады: Мен Қостанайда тұрамын. Біз оқушымыз.

Септік жалғаулары (негізгі үлгі)

Септік жалғауы дыбыстық ортаға қарай түрленеді. Төменде ең жиі қолданылатын үлгілер ықшам түрде берілді.

Атау

Кім? Не? — жалғаусыз

Ілік

Кімнің? Ненің? — -ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің

Барыс

Кімге? Неге? — -ға/-ге, -қа/-ке

Табыс

Кімді? Нені? — -ны/-ні, -ды/-ді, -ты/-ті

Жатыс

Кімде? Неде? — -да/-де, -та/-те

Шығыс

Кімнен? Неден? — -дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен

Көмектес

Кіммен? Немен? — -мен/-бен/-пен

Зат есім

Зат есім — заттың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Мағынасына қарай

  • Жалпы: бала, мектеп, гүл
  • Жалқы: Әлия, Қостанай
  • Деректі: ағаш, қалам
  • Дерексіз: арман, қуаныш

Тұлғасына қарай

  • Негізгі: ел, жер, су, қала
  • Туынды: ән+ші, қой+шы, біл+ім, аш+тық, бала+лық

Құрамына қарай

  • Дара: жылқы, ауыл
  • Күрделі: қолжазба; ата-ана; сиыр еті; ПОМ

Зат есімнің болымсыз түрі (емес)

  • Мен: оқушы емеспін
  • Біз: оқушы емеспіз
  • Сен: оқушы емессің
  • Сендер: оқушы емессіңдер
  • Сіз: оқушы емессіз
  • Сіздер: оқушы емессіздер
  • Ол/Олар: оқушы емес

Сын есім

Сын есім — заттың сынын, сипатын, көлемін, сапасын білдіретін сөздер. Сұрақтары: Қандай? Қай? Кімнің? Ненің?

Мағынасына қарай

  • Сапалық: ақ, қара, сұлу, үлкен
  • Қатыстық: тұзды, ақшалы

Шырай түрлері

  • Жай шырай: әдемі, жақсы, ақ
  • Салыстырмалы шырай: кіші+рек, жас+ырақ; әдемі+леу, семіз+деу, биік+теу, сары+лау
  • Күшейтпелі шырай: сап-сары, жап-жақсы; сондай-ақ ең, өте, тым, аса, нағыз, тіпті

Сан есім

Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер. Сұрақтары: Неше? Нешеу? Қанша? Нешінші?

Мағынасына қарай

  • Есептік: үш, мың, елу
  • Реттік: бір+інші, алты+ншы
  • Жинақтық (1–7): жетеу
  • Топтау: екі-екіден, он-оннан, үш-үштен
  • Болжалдық: алпыс+тай, тоғыз+дай
  • Бөлшектік: бестен екі; бір бүтін бестен үш

Негізгі сандар

он — 10, жиырма — 20, отыз — 30, қырық — 40, елу — 50, алпыс — 60, жетпіс — 70, сексен — 80, тоқсан — 90, жүз — 100, мың — 1000, миллион — 1 000 000

Есімдік

Есімдік — зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөздер.

Негізгі түрлері

  • Жіктеу: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар
  • Сілтеу: бұл, осы, мына, сол, ана
  • Сұрау: кім, не, неше, қай, қандай, қалай, қайда, қайдан, нешінші
  • Өздік: өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзіміз, өздерің, өздері

Мағыналық топтары

  • Белгісіздік: біреу, кей, кейбір, бірдеңе
  • Болымсыздық: ешкім, ешбір, ештеме, дәнеме, ешқашан, ешқайда, ешқандай
  • Жалпылау: бәрі, барлық, бүкіл, барша, әр, әрбір

Үстеу

Үстеу — қимылдың және сынның әртүрлі белгілерін білдіретін сөздер тобы.

Мағынасына қарай

  • Мезгіл: кеше, бүгін, ертең, кешке, ертемен, таңертең
  • Мекен: әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, мұнда, сонда
  • Мөлшер: сонша, соншама, онша, едәуір, бірталай, бір-бірден
  • Сын-бейне: әрең, әзер, дереу, тез, кенет, бірге, зорға
  • Күшейту: аса, нағыз, ең, тым, әбден
  • Мақсат: әдейі, жорта, қасақана
  • Себеп-салдар: бекерге, босқа, текке, лажсыздан, шарасыздан
  • Топтау: екеулеп, бір-бірлеп, аз-аздан, бас-басына, жұп-жұбымен

Туынды үстеулердің жасалуы (үлгілер)

  • -ша/-ше: жаңа+ша, неміс+ше
  • -дай/-дей, -тай/-тей: гүл+дей, құс+тай, осы+лай
  • -сын/-сін: кешкі+сін, ертеңгі+сін
  • -да/-де, -та/-те: жаз+да, түн+де, қыс+та
  • -ға/-ге, -қа/-ке: жоғары+ға, арт+қа

Шылаулар

Шылаулар — толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын немесе сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер.

Септеулік шылаулар

  • дейін/шейін: мектепке дейін
  • бойы/бойына/бойынша: жыл бойы; айтуы бойынша
  • соң/кейін: сабақтан соң; сенен кейін
  • арқылы/туралы/үшін: көпір арқылы; жұмыс туралы; оқу үшін
  • бері/басқа/бұрын/әрі: былтырдан бері; менен басқа; сенен бұрын; әрі отыр

Көмекші есімдер

Орыс тіліндегі: за, под, на, перед, у, внутри, возле, между, напротив мәндеріне жақын.

  • үсті: үстелдің үстіне қой
  • асты: үстелдің астын сыпыр
  • алды: үйдің алды тамаша
  • арты: менің артымнан тұр
  • жаны/қасы: біздің үйдің жанында
  • іші: дүкен ішінде
  • сырты: үйдің сыртында
  • арасы: үйлердің арасында
  • түбі: ағаштың түбінде
  • қарама-қарсы: үйдің қарама-қарсысында

Жалғаулықтар және демеуліктер

Жалғаулықтар

  • Ыңғайластық: және, мен/бен/пен, да/де/та/те
  • Қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда
  • Талғаулықты: не, немесе, я, әлде, біресе, әйтпесе, болмаса
  • Себепті: өйткені, себебі
  • Салдарлық: сондықтан, сол себептен, сол үшін
  • Шарттық: егер, онда

Демеуліктер

  • Күшейткіш/шектік: ғана/қана, ғой/қой, әсіресе, -ақ, -ау
  • Сұраулық: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше

Мысалдар: «Мынау дәптер ғой!»; «Ол мені ғана алды.»; «Ол бара ма?»; «Сен ше?»

Модаль сөздер

Модаль сөздер сөйлеушінің айтылған ойға көзқарасын, бағасын білдіреді.

керек
«Маған сол кісі керек еді.»
сияқты
Мағынасы: «сияқты, секілді, тәрізді» (ұқсастық, болжал).

Қысқа қорытынды

Бұл жинақта қазақ тілінің негізгі бөлімдері ықшам түрде қамтылды: фонетика (дыбыс, буын, екпін, үндестік), лексикология (сөз мағынасы мен сөздік құрам), морфология (сөз таптары мен қосымшалар). Негізгі ұғымдарды жүйелеп қайталау үшін бөлімдерді кезекпен қарап шығып, берілген мысалдарды дауыстап айту пайдалы.