Астана - болашақтың қаласы
Астана – болашақтың қаласы
Астана бұл сөздің тура мағынасында нағыз елордаға — тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасына айналды. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның елордасы болып жарияланды.
Алғашында Астана бүгін орталық болғанымен, ертең мәдени-ғылыми орталыққа айналатынына күмәнмен қарағандар да болды. Алайда Астананың гүлденуі мен көркеюі — Қазақстан дамуының айқын белгісі.
Ел ертеңі — жастардың қолында
Еліміздің ертеңгі болашағы — біз, яғни жастар. Сондықтан әрбір қазақстандық еліміздің, жеріміздің өркендеп-өсуіне өз үлесін қосуға міндетті. Астана — ата-бабамыз ғасырлар бойы армандаған жарқын болашаққа бастар құтты қоныс.
Астана жылдан-жылға гүлденіп, жайнап келеді. Сарыарқаның төсіне тағылған жақұт алқадай жарқырап көрінеді. Тәуелсіз Отанымызбен бірге айбынды елордамыздың өсіп-өркендеуі, әрине, жастардың жігері мен еңбегіне байланысты.
Тәуелсіздіктің ордасы және ортақ мақтаныш
Біз — тәуелсіз елдің болашағымыз. Қазақстан жылдан-жылға дамып, көркейіп, аз уақыттың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Олардың барлығын тізбектеп айту да оңай емес. Сол жетістіктердің ең көрнектілерінің бірі — Елордамыз Астана, тәуелсіздігіміздің ордасы, еліміздің көгілдір туы желбіреген қасиетті мекен.
Қазір Астананы армандап, аңсамайтын бала жоқ. Көбінің тілегі — Астанада оқысам, көрсем, танысам дейді. ЭКСПО көрмесі өткен кезде қаншама қазақ теледидардан тамашалап, мәртебемізді сезініп, марқайып отырды.
Үлес қосу — күнделікті еңбектен басталады
Отбасы тәрбиесі
Елге қызмет етудің бастауы — үйдегі тәрбие. Мінездің, жауапкершіліктің, құрметтің іргесі алдымен отбасында қаланады.
Мектептегі білім
Білім — болашаққа апарар сенімді жол. Оқу мен ізденіс адамның мүмкіндігін кеңейтеді, қоғамға пайдалы болуға жетелейді.
Еңбек пен алғырлық
Оза шауып, топ жарар сайыстардағы алғырлық та, күнделікті еңбектегі табандылық та — нақты үлес. Білім мен еңбекқорлық Қазақстанның Мәңгілік Ел болып жалғасуына қызмет етеді.
ХХІ ғасырға лайық қабілеттер
Болашақтағы табыс тек табиғи байлықпен өлшенбейді. Елдің жемісті болуы — біздің бәсекеге қабілеттілігімізге де байланысты. Сондықтан әрбір қазақстандық ХХІ ғасырға сай заманауи қасиеттерді бойына сіңіруге ұмтылуы керек.
Қажетті дағдылар
Компьютерлік сауаттылық
Технологиямен еркін жұмыс істеу — оқу мен еңбектің тиімділігін арттырады.
Шет тілдерін білу
Әлеммен байланыс орнатып, білім мен тәжірибені кеңейтуге жол ашады.
Мәдени ашықтық
Өзгемен сыйластықта болып, ортақ құндылықтарды түсінуге көмектеседі.
Заман талабына сай өзгеріп келе жатқан жас қаламыз — Астана жарқырай берсін!
Автор туралы
Асылбек Құралай Әсетқызы, 7 «А» сынып оқушысы
«Мәңгілік ел» тәрбие-білім орталығы, қосымша білім беру орталығы
2018-01-26